Дефектологияның негізгі мақсаттарын атаңыз
Автор: mamievva04 • Ноябрь 26, 2021 • Реферат • 523 Слов (3 Страниц) • 851 Просмотры
[Shortened Title up to 50 Characters]
№1 Семинар
- Дефектологияның негізгі мақсаттарын атаңыз.
Логопедияның негізгі мақсаты сөйлеу тілі бұзылған адамды оқытуды, тәрбиелеуді және қайта тәрбиелеуді, сонымен бірге сөйлеу тілі кемістіктерінің алдын алу жолдарын ғылыми негізде жете зерттеу болып табылады.
Дефектология (латынша defectus-кемiстiк және грекше logos-ғылым) педагогика ғылымына жатады және кемтар балалардың психо-физиологиялық дамуының ерекшеліктерін, оларды окыту мен тәрбиелеудің заңдылықтарын зерттейді. Дефектологияда дифференциация (жіктелу) процесі жалғасуда, ғылыми зерттеулердiң жаңа бағыттары туындауда (мысалы, психикалық дамуы тежелген (ЗПР) балаларды зерттеу, қозғалу аппараттарында ақаулығы бар балаларды, ақыл-ойы кем соқыр балалар немесе ақыл ойы кем мылқау балаларды зерттеу және т.б.).
Кемтар балаларды тәрбиелеу мен оқыту – күрделi әлеуметтік және педагогикалық мәселе. Мұндағы мақсат осы балаларды мүмкіншіліктері мен қабілеттеріне қарай қоғамдық пайдалы еңбекке дайындау. Іс-әрекет Тұлғаның негізгі әлеуметтік міндеті, Сондықтан оны зерттеу және кемтар балаларда іс-әрекетті дамыту олардын әлеуметтік қалыптасуына әсерін тигізеді. Ғылыми зерттеулердің әртүрлі тәсілдерін колдана отырып, дефектология ғылымы кемтар балалардың обьективті даму зандылықтарын зерттейді, оларды оқыту мен тәрбиелеу жүйесiн жетiлдiредi және негіздейді. Кемтар балаларды оқыту мен тәрбиелеу әдістерін, формаларын, қағидаларын, мазмұнын жасай отырып, дефектология арнайы ұйымдастырылған оқыту-тәрбиелеу процесінен туындайды. Даму кемістігі, яғни психикалық немесе физиологиялық кемістігі, Баланын дұрыс дамуының бұзылуы, бұл барлығы тек жаман қасиеттер деген сөз емес. Кем баланың дамуындағы кемістік олардың бойындағы кейбір жақсы қасиеттерді жоғалтпайды, оған баланың қоршаған ортаға қалыптасу нәтижесі мен оларды дұрыс тәрбиелеудің әсері мол.
- Дефектология қандай қатарлас ғылым салаларымен байланысты?
Ғылыми таным саласы ретінде дефектологияның зерттеу пәніне дене және психикалық кемшіліктері бар балалар және оларды тәрбиелеу мен оқыту мәселелері жатады. Дефектологияның негізгі салалары: есту кемістігі бар балаларды тәрбиелеу және оқыту мәселелерін зерттейтін сурдопедагогика; көру кемістігі бар балаларды тәрбиелеу және оқыту мәселелерін зерттейтін тифлопедагогика; зияты бұзылған балаларды оқыту және тәрбиелеу мәселелерін қарастыратын олигофренопедагогика; сөйлеу қабілетінде кемістіктерді зерттеу, түзету және алдын алу мәселелерімен айналысатын логопедия. Сонымен қатар, дефектология тірек-қимыл қозғалыс аппараты, мінез-құлқы бұзылған, күрделі кемістігі бар балаларды және т.б. оқыту және тәрбиелеу мәселелерін зерттейді. Дефектология ғылымына арнайы педагогика, әлеуметтану, философия, арнайы психология тараулары енеді. Дефектология медициналық ғылымдармен тығыз байланысты. Отариноларингология, невропатология, психопатология, олигофрения клиникасы, педиатрия ғылымдарының мәліметтері сөйлеу тілі бұзылуының механизмі және этиологиясын зерттеуде мамандарға өте көп көмегін тигізіп, логопедиялық ықпалмен қатар медициналық көмекті де уақытылы көрсетуге мүмкіндік береді. Мәселен, дауыстың бұзылуы көмей және дауыс перделерінің органикалық зақымдалуының салдарынан болуы мүмкін (ісіктер, папиломмалар, т.б.). Бұл жағдайда дауыс бұзылуын жою дауыс аппаратының физиологиялық қалыпты қызмет етуінсіз мүмкін емес. Ол тек дәрімен емдеу, хирургиялық, физиотерапиялық, психотерапиялық ықпал арқылы нәтижелі болады.
...