Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Контрольная работа по "Маркетингу"

Автор:   •  Март 19, 2020  •  Контрольная работа  •  963 Слов (4 Страниц)  •  315 Просмотры

Страница 1 из 4

1.       Бұйымдарын жасалу барысында симметриялық шешімін нақты анықтаңыз

2.       Түстік коларидті техникаларға салыстырмалы түрде талдау жасаңыз.

3.  Соның ішінен өзіңізге ұнаған бұйымды таңдаңыз және себебін анықтаңыз.

 

Симметрия (гр. symmetrіa — мөлшерлес) — Жиі кездесетін математикалық ұғымдардың бірі, центрге немесе өс жазықтығын қатысты алғанда бірдей пішінді.фигуралардың орналасуы.

Симметриялық жүктеме

Жақтаудың оң жағына түсірілген барлық сыртқы күштер сол жағына түсірілген күштердің айнадағы кескіні болатын күштерді айтамыз.

Симметриялық қасиет

Симметрия жазықтығыңда симметриялық жақтауға күш түсіргенде қиғаш симметриялық күш факторлары нөлге тең болу қасиеті. Симметрия - табиғат сыйы. Симметриялы пішіндерді қию.

Ағаштың жапырағын қолыңа алған кезде оның, оң жағы мен сол жағы ұқсас екеніне көңіл аудардың ба? Егер жапырақты қақ ортасынан бүктесең, оның оң жағы мен сол жағы тура беттеседі.

Көктемде, жазда шөптер мен ағаштарға қонған көптеген жәндіктерді байқаған боларсың. Түрлі қоңыздарға көбелектер мен шегірткелерге зер салып қара. Сонда сен олардың да оң және сол жақтарының бірдей екенін байқайсың, осы құбылысты симметрия деп атайды. Симметрияның көптеген мысалдарын тұрмыстық заттардан көруге болады. Мысалы: тұрмыстық заттар. (май шам, алма, қолшатыр, ою, құмыра)

Адамның дене бітімі мен бет пішіні де симметриялы болып келген. Ойлап қарасақ, біз симметрия әлемінде өмір сүреміз.

[pic 1]

[pic 2]

[pic 3][pic 4]

Өнерде симметрияның қолданысы. Ерте кезден бастап көптеген халықтар симметрияны кең мағынада түсініп, оны тепе-теңдік және гармония деп ұсынған.Тіпті адамдардың шығармашылығының қалыптасуының өзі симметрияға байланысты деуге болады.

Сәулетте ең көп таралған стиль — айналы симметрия. Осы стиль бойынша салынған Мысыр пирамидалары және Грецияның мазарлары, амфитеатрлар, термдер, базиликалар және римдіктердің триумфальды қақпалары, сарайлар және Ренессанстың шіркеулерінің, қазіргі сәулетті ғимараттарға тән түрлері көп.

Мысалға қазіргі заманғы сәулет өнерінің бірегей туындысы Бәйтерек Астанадағы архитектуралыққұрылыс кешені, Елорданың ең көрнекті ғимараттарының бірі. Астана қаласында Сәулетшілер одағының халықаралық қауымдастығы өткізген 10-байқауда халықаралық қазылар алқасының шешімімен 2002 жылғы ең таңдаулы жоба және құрылыс ретінде “Бәйтерек” кешеніне Гран-при үздік айырым белгісі берілді.

Симметрияның сурет өнерінде алатын орны туралы Қазақ ұлттық өнер университетінің «Кескіндеме және мүсін» кафедрасының аға оқытушысы, Қазақстан Дизайнерлер Одағының мүшесі, «Мәдениет саласының үздігі», «Академиялық кескіндеме. Натюрморт» оқу құралының авторы Маханбетжанова Гульнар Маханбетхалиқызымен сұхбат өткіздік. Оның ойы былай.Композициялық орталық кеңістікте әртүрлі орын алып жатады. Туындының сызықтық және түстік тізбегі соған байланысты. Ортаға қойылған топ, қойылымды геометриялық өлшемдестік, симметрия үрдісімен шешуді талап етеді. Бұл жағдайда әртүрлі қырлы үшбұрыш схемасымен заттарды қатаң симметрияда орналастырады. Шарденнің «Бөтелке мен жемістер натюрморты» туындысының композициялық орталығында, күңгірт бөтелке, оны айнала қоршап басқа бөліктер орналасқан: сол жағында алшасы бар ыдыс, баклажан оң жақта. Алдыңғы қатарда суы бар стақан. Тақырып орталығының, орталық осьтен шетке қарай ауысуы жиі кездеседі. П. Кластың «Таңертеңгі ас» натюрмортында шарабы бар бокал – ең биік зат болып табылады. Ол туындының сол жағында орналасқан. Бұл жағдайда басқа заттар болса, натюрморттың оң жақ бөлігін алған. Сөйтіп, композицияның тепе-теңдігін құрады. Сол және оң жақ ауданның көру тепе-теңдігін сақтау. Егер композицияның орталығы сол жақта орналасса, оң жақ бөліктегі заттар өңділік, түстік қарама-қарсылықтарымен бір қалыптылықты туғызуы керек.Өнердегі симметрия шынайы құбылыспен байланысты, айналамызға қарасақ, симметриялы пішіндер сан-алуан, сіздер соны зерттеулеріңіз керек. Мысалы, адам денесі, көбелектер, құмыра және т.б. қойылымын жазғанда қолданадыкен. Натюрмортты жазғанда, заттардың конструкциялық қойылымын зерттегенде симметрия қолданылады. Онда заттың тура ортасын тауып, екі жағын соған қатысты бірдей бейнелейді. Ол құмыра, шыны ыдыстар және т.б. пішіндерді жазғанда кездеседі. Сонымен бірге, симметрияны ғылыми еңбектерімде және оқу құралдарымда атай де кен. Онда симметрияның туындыны жазу барысында суретшілердің қалай пайдаланғаны жайында айтады.Маханбетжанова ханымның ойынша симметрияны қолданбайтын суретші жоқ. Симметрия композицияның негізгі тәсілдерінің бірі. Туындының симметриялы құрылымын әр дәуір суретшілері қолданған. Ежелгі мозайкалардың барлығы симметриялы болып келеді. Қайта Өрлеу дәуірінің кескіндемешілері симметрия заңдылығы бойынша өз композицияларын құрған. Онда ұлылықты, ерекше салтанаттылықты, құбылыстың маңыздылығын байқауға болады. Симметрия композиция, ось бойынша бірдей пішінді орналасқан денелерде — адам денесі, тұрмыстық заттарда кездеседі.

...

Скачать:   txt (14.7 Kb)   pdf (657 Kb)   docx (319.9 Kb)  
Продолжить читать еще 3 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club