Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Кейс "Зауыттағы жағдай" практикалық тапсырмасы

Автор:   •  Апрель 29, 2021  •  Задача  •  33,777 Слов (136 Страниц)  •  386 Просмотры

Страница 1 из 136

1)Этносаралық келісім - Қазақстан Республикасында тәуелсіздік пен демократияны нығайтудың негізі. Қазақстан халқы Ассамблеясы.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев 1992 ж. 13 желтоқсанда Қазақстан халықтарының І-ші Форумында осы форумды тұрақты негіздегі жаңа қоғамдық институт – Қазақстан халықтарының келісімі мен бірігуі Ассамблеясына айналдыру жөніндегі идеяны ұсынды. Онда Елбасы Н.Ә. Назарбаев былай деді: «біздің басты игілігімізді – халықтар достығын қазақстандықтардың бірнеше ұрпақтары құрды. Сондықтан бүгін біздің тарихымыздағы көптеген жайтты ой елегінен өткізе отырып, қазақстандықтардың бұл байлықты талан-таражға салуға, игі салт-дәстүрлерді ұмытуға қақысы жоқ. Олар соңғы жылдары ғана және коммунистік нұсқаулармен қалыптасқан жоқ, әр күн сайын әрбір ұлттың дауысын ести білуіміз керек. Міне, сондықтан да форумды тұрақты негізге көшіру қажет, жаңа қоғамдық институт – Қазақстан халықтарының келісімі мен бірігуі Ассамблеясын құру қажет» [4, 152]. Сөйтіп, елдегі қоғамдық тұрақтылық пен ұлтаралық жарасымды нығайту мақсатында Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы консультативтік – кеңесші орган ретінде Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан халықтарының Ассамблеясын құру туралы» 1995 жылғы 1-ші наурызындағы жарлығымен аталған ұйым құрылды. Өз кезегінде Қазақстандағы барлық халық өкілдері Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халықтары Ассамблеясын құру жөніндегі ұсынысына қолдау көрсетіп, қазіргі таңда оның жұмысына белсене атсалысуда. Алматы қаласында Қазақстан халықтары Ассамблеясының үйі ашылды. Онда республикалық ұлттық-мәдени орталықтардың, олардың қоғамдастықтары мен Ассамблеяның қоры орналасқан. Ұйымның құрамына 40-тан астам ұлттық мәдени орталықтардың өкілдері топтасқан. Корей халқының көрнекті қоғам қайраткері Г.Б. Хан атап көрсеткендей: «біріншіден, Ассамблеяны құру туралы Н.Ә. Назарбаевтың көтерген идеясы соншалықты дер кезінде ұсынылған және өте өзекті мәселе болып шықты. Қазақстан халықтарының Ассамблеясының құрылуын уақыттың әмірі деуге болады. Ал, уақыт… халықтар достығын, ұлтаралық келісімнің саяси-әлеуметтік тұрақтылығын күшейтуді талап етеді. Екіншіден, ұлттық шығу тегіне, діни нанымына және басқа өзгешеліктеріне қарамастан барлық азаматтардың экономика мен өмірдің барлық саласын реформалау ісіне белсене қатысуы бүгінде өте маңызды. Түрлі ұлт өкілдерінің қоғамдық-саяси үдерістерге белсенді түрде қатысу деңгейі Қазақстанның тәуелсіздігін алуымен жаңа серпінге ие болды. Қазақстан халықтары Ассамблеясының мақсаты – республикадағы оқиғаларға баға беру мен саяси ақуалға болжам жасау негізінде қоғамдағы татулықты қамтамасыз ететін практикалық ұсыныстарды әзірлеу, сондай-ақ, нәсілдік, ұлттық, әлеуметтік тегіне, діни сенімі мен нанымына қарамастан Қазақстан азаматтарының құқықтары мен бостандықтары сақталуының кепілі ретінде Қазақстан Республикасы Прездидентінің қызметіне көмек көрсету болып табылады. Осымен байланысты Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың 2007 ж. 28 ақпандағы Қазақстан халқына Жолдауында Қазақстанды жан-жақты жаңартудың жаңа кезеңінде басты басымдықтары ретінде ішкі және сыртқы саясатымыздың 30 бағытын айқындап көрсетуінің мәні айрықша. Бұл – Қазақстанның жаңа кезеңдегі даму стратегиясы болып табылады. «Аталған Жолдаудың 25-ші бағытында қоғамдық келісім мен тұрақтылықты одан әрі нығайту үшін Қазақстан халықтары Ассамблеясының рөлін көтеру керектігі тұжырымдалған. Онда қоғамдық келісімді одан әрі нығайту, сайып келгенде, еліміздің серпінді дамуын қамтамасыз ету өзіміз алдымызға қойған асқақ міндетті ойдағыдай орындаудың негізі болып табылады. Сондықтан да Қазақстан халықтары Ассамблеясының практикалық қызметі мен жауапкершілігі аясын кеңейтіп, оның беделін барынша артыра беру, әсіресе, заңнамалық деңгейде арттыру қажет. Ассамблея еліміз дамуының жаңа кезеңінде мынадай міндеттерді дәйекті түрде шешуге тиіс: Біріншіден, халықтардың бірлігін нығайту және Қазақстан қоғамын жаңартудың саяси идеология мен ағымдағы «сұраныстан» биік тұратын негіз қалаушы құндылықтары бойынша арнаулы қоғамдық келісімді қолдау мен дамыта беру. Екіншіден, Қазақстанның барлық азаматтары үшін олардың ұлттық, әлеуметтік, былайша айтқанда, «зәузаттық» шығу тегіне қарамастан, тең мүмкіндіктерге негізделген біртұтас азаматтығын нығайту. Үшіншіден, қоғамдағы этносаралық және конфессияаралық келісім мен ықыластылықты одан әрі нығайтуға қажетті қолайлы жағдайларды қамтамасыз ету...», – деп атап көрсетілген. Осылайша, аталған құжатта көрсетілгендей: «...Конституциялық реформа аясында Қазақстан халқы Ассамблеясының мәртебесі мен өкілеттілігі өсті. Біздің көп ұлтты еліміздің барлық халқының мүдделерін бейнелей отырып, Ассамблеядан сайланған депутаттар Қазақстандағы этносаралық бітім мен келісімді нығайту үдерісінде айрықша рөл атқаруға тиіс. Қазіргі уақытта қазақстандық осынау институттың рөлін жан-жақты нығайту қажет. Ассамблеядан сайланған депутаттар осы жауапкершілікті сезініп, Ассамблеямен және оның жергілікті жерлердегі ұйымдарымен тығыз байланыс орнатуы керек», – деп тұжырымдалды. Қазақстан жағдайында аз ұлттар өкілдерінің билік құрылымдары мен жоғары мемлекеттік басқару органдарына ресми қатысуын қамтамасыз ету үшін Президент Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдерін Парламентке квоталап сайлау идеясын ұсынған еді. Бүгінгі таңда Қазақстан халқы Ассамблеясы Конституциялық мәртебеге ие болып, оның құрамынан 9 депутат Парламентте өз қызметтерін атқаруда. Қазақстан халқы Ассамблеясы қоғамдық-саяси жүйені нығайту мақсатында республиканың саяси ақуалына түрлі ұсыныстар жасаумен айналысады. Мәселен, Ассамблеяның алғашқы сессиясында Президенттік мерзімді ұзарту және Конституция жобасы туралы екі жалпыхалықтық референдумды өткізу мәселесі талқыға салынса, одан кейінгі сессияға еліміздің еуразиялық интеграцияны өркендету қажеттігі мен қоғамды демократияландыру мәселелері арқау болғаны белгілі. Ал, былтырғы сессияда еліміздің мемлекеттік саясат саласындағы маңызды құжаты – Ұлттық бірлік Доктринасы жобасы ел талқылауына ұсынылған болатын. Осылайша, саяси өмірімізде бұл орган елеулі орынға ие екендігі еш күмән тудырмайды. Сонымен қатар Қазақстан халқы Ассамблеясы елдегі ұлтаралық жарасым мен саяси тұрақтылықты сақтауға атсалысады. Сондай-ақ, ол мемлекеттің жүргізіп отырған саясатына сәйкес Қазақстан территориясындағы түрлі ұлттар арасындағы достық қарым-қатынасты дамытуға, рухани-мәдени тұрғыда жетілдіруге, өркениетті және демократиялық ережелерге сүйене отырып, олардың саяси мәдениетін дамыту үдерісіне өз үлесін қосуда. Еліміздегі ұлттық татулық феноменін БҰҰ-ның Бас хатшысы Коффи Аннан жоғары бағалап, «Дүниенің барлық мемлекеттері үшін ұлтаралық достықтың, тұрақтылықтың және алға басудың үлгісі» деп баға беруінің маңызы айрықша. Назар аударарлығы, Қазақстан халқы Ассамблеясының іс-әрекетіне әлемдік қоғамдастықта, соның ішінде ЕҚЫҰ-ында жағымды көзқарас қалыптасты. Оған дәлел ЕҚЫҰ-ның Ассамблеяның жетекшілерін ұлтаралық қарым-қатынастар мәселелері жөніндегі халықаралық сарапшылар құрамына енгізуі болып табылады. Мұнымен бірге ЕҚЫҰ-ның халықаралық ғылыми-теориялық конференцияларға қатысуы Қазақстан халқының Ассамблеясына, сонымен бірге ұлтаралық жарасым мен бірлікті сақтау және нығайту жолындағы біздің еліміздің тәжірибесіне халықаралық қоғамдастықтың қызығушылығын арттыруда. Бұл ретте 2010 ж. Астанадағы ЕҚЫҰ Саммиті қарсаңында көпұлтты, көпконфессиялы еліміз Қазақстан халқы Ассамблеясының кезекті жиынында өткен, қазіргі және болашақ кезеңдегі мемлекетіміздің басты құндылықтарын саралап, оған талдау жасауының мәні аса зор. Сонымен, 2010 жылдың 20 қазанында Астана қаласында Бейбітшілік және Келісім сарайында Қазақстан халқы Ассамблеясының кезекті XYI сессиясының өтуінің маңызы айрықша. Сессия «Сенім. Дәстүр. Ашықтық. Төзімділік» тақырыбын көтеріп, Қазақстан мемлекетінің ұлттық ұстанымы мен елдік сипатын барша халыққа паш етті. Өткен жылы осы төрт ұғымның аясындағы Қазақстан халқының парасаты мен пайымы бүкіл әлем жұртшылығына кең танылып, Алаш елі абырой биігінен көрінгені мәлім. Осылайша, осыдан 15 жыл бұрын құрылған Қазақстан халқы Ассамблеясы бүгінде мемлекеттік демократияның негізгі институттарының бірі ретінде дүниежүзі мемлекеттеріне үлгі болып келе жатқан бірегей құрылым. Ал, еліміздегі ұлттар арасындағы ынтымақ пен жарасым әлемдік деңгейдегі өркениеттілік үлгісі болып табылады      

...

Скачать:   txt (484.2 Kb)   pdf (871.1 Kb)   docx (164.1 Kb)  
Продолжить читать еще 135 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club