Ақша дегеніміз не ? Ақша қоғамымыз үшін маңыздыма ?
Автор: Akzhan04 • Июнь 10, 2023 • Реферат • 811 Слов (4 Страниц) • 193 Просмотры
Ақша дегеніміз не ? Ақша қоғамымыз үшін маңыздыма ? Менің ойымша ақша дегеніміз айырбас құралы ретінде адамдар арасында бағаланатын және біздің күнделікті өмірімізде сатып алғымыз келетін тауардың немесе өзіміз атқаратын қызметтің бағалық құны болып табылады. Қазіргі біз өмір сүріп жатқан қоғамның өмірінің ажырамас бір бөлшегі ретінде ақша саналады .Осы себепті ақша қоғамымызда маңызды рөлді атқарады деп айта аламын. Ал ақшаның қазіргі қоғамдық өмірдегі алатын нақты маңызы қандай ? Ақшаның біздің қоғамымыздағы атқаратын өзіндік маңызы бар деп ойлаймын , оған нақтылап тоқталып дәлел келтіретін болсам: Ақша ол қазіргі қоғамның қозғаушы күші болып табылады және біздің қазіргі әр басқан қадамымыз ақшамен байланысты . Ақша рөлі арқылы қоғамдағы көптеген мәселелер шешілуде . Мәселен, ақша халықтың жасаған еңбегін бағалайды, ғылыми-техникалық прогрессті ынталандырады , өндіріс деңгейін реттейді және қоғамдық өмірді байланыстырады. Ақшаның рөлінсіз қоғамды елестету өте қиын, егерде қоғамда ақша болмаса онда өндіріс тоқтап қалып, адам қажеттіліктерін өндіру және табу өте қиынға соғар еді.
Ақшаның қалыптасу тарихынан оның қоғамдық өмірде қалай маңызға ие болғандығын байқай аламыз деп санаймын. Ақша ол ерте заманда қоғамда тауар айырбасының әсерінен пайда болып біртіндеп өз маңызын қоғамда тудыра бастады. Бастапқы кезде қоғамда адамдар арасында ақша және құн деген түсініктер мүлде болған жоқ. Мәселен , олар өздерінің қолында бар бағалы өнімді тым арзан не болмаса тым қымбат бағаға сатып жіберіп отырды. Кейін ақша және құн туралы өздерінде түсінік қалыптастырып оның бағалы болатындығын түсіне бастады. Осы сәттен бастап ақшаның қоғамдағы рөлінің негізі қалана бастады. Бірақ ақша қоғамда бірден маңызға ие болдыма ? Жоқ, ақша бірден маңызға ие бола қойған жоқ . Себебі ақшаға деген түрлі қарсы көзқарастар уақыт өте қалыптасты . Кейбіреулер ақшаның біздің өмір сүріп отырған қоғамымызға аса қажеті жоқ деп санады , ал мен бұл пікірді біржағынан қолдап өз пікіріме қарсы шыққым келеді . Біз өмір сүріп жатқан қоғамның өмірінде ақшадан да маңызға ие құндылықтар мен қасиеттер ақшаның орнын баса алады деп ойлаймын. Қоғамдық өмірдің барлығын ақшамен байланыстыра алмаймыз , себебі ақша ең маңыздысы емес . Бірақ , қоғамның жақсы өмір сүруі үшін ақша аса қажет екендігін ұмытпауымыз қажет , ал бұл ақшаның маңызды екендігін тағы бір мәрте дәлелдеп отыр.
Біздің қазіргі кезде дамыған қоғамда өмір сүріп жатқандығымызды және қоғамдық өмірдің күн сайын дамып өзгеріске ұшырап жатқандығын атап өткім келеді. Дәл қазіргі уақытта жоғары білім аса қатты бағаланады және қоғамда білікті де білімді жастар қажет етіледі. Ал жастар білімді болу үшін білікті мамандардан білім алуы қажет және білікті мамандар еңбегі аса бағалы, үлкен қаражатты қажет етеді. Яғни олардың берген тәжірибесі мен білімін өтеу үшін ақша аса қажет және алынған білімнің көмегімен бизнес немесе өзіндік еңбек жолында табысқа жетіп қоғамдық өмірдің дамуына үлес қосуға болады. Әр адамның білім жолында пайдаланған ақшасы сол адамға келешекте үлкен жетістікке жетуіне және қоғамдық өмірдің дамуына үлесін тигізуге мүмкіндік береді деп ойлаймын.
...