Тимоти Дональд Кук
Автор: AselAbdualiyeva9 • Сентябрь 21, 2018 • Реферат • 588 Слов (3 Страниц) • 411 Просмотры
Тимоти Дональд Кук
[pic 1]
Тимоти Дональд Кук- 1960 жылы 1 қарашада АҚШ-тың Алабама жерінде дүниеге келді. Тим Алабама штатының Робертсдейл қаласында балалық шағын өткізді. Әкесі верфьте жұмыс істеді, ал шешесі үй шаруасындағы әйел болды. Университеттің бастапқы төрт жылдығын, яғни бакалаврды АҚШ-тағы Оберна университетін тамамдаған.1988 жылдары Фукуа атындағы бизнес мектепті тамамдап, MBА бойынша дипломын алады. Не себепті мен ең озық менеджер- Тим Кук деп ойлаймын? Ең бірінші мен менеджер деген кім екенін толық білгім келді. Менеджер – жалдамалы басқарушы, өндірісті ұйымдастырушы маман. Менеджер жан-жақты сауатты болып, ішкі және сыртқы рынокты жақсы білуі керек. Ол үшін рынокқа қандай тауар қажет, көпшілік сұранымына сәйкес қандай өнімдер керек, қай жерде қандай тауарлар өтімді, тауарлар мен өнімді сатып алушы клиенттердің мүмкіндігі мен қаржы жағдайы қандай деген мәселелерді анықтап отырады. Менеджер жайлы ақпарат алғаннан кейін, менеджер бойынан табылатын қасиеттер қандай адамның бойында бар екендігі туралы жан- жақты іздендім. Неге екендігін білмеймін, есіме бірден Стив Джобс түсті. Стив Джобс жайлы көпшілік адам біледі, сондықтан осы Стив Джобс басқарған танымал компания APPLE-дің ең озық топ- менеджері әрі бас директор лауазымына жеткен Тимоти Дональд Кукты таңдадым. Тимоти Дональд Кук APPLE компаниясына 2011 жылы келген болатын. Бұл таңдауды APPLE-дің бас директоры Стив Джобс Оксфорд Университетінде өткен конференциялардың бірінде Тим Кукты өзі басқарған компанияға келуін ұсынады. Көп ұзамай, Тим Кук Стив Джобстың бұл ұсынысын жерге тастамай қабыл алады. Тим Кук бірден өз карьерасын APPLE-да бастамаған. Алғаш өз мансабын IBM компаниясында бастаған, онда 12 жыл бойы жұмыс атқарған. Артынша, ол 6 ай бойы Compaq компаниясында корпоративті ақпараттар вице-президенті болып жұмыс істеді. Сонымен қатар, Кук "Nike" компаниясының директорлар кеңесінің мүшесі болып табылады. 2007 жылы бас операциялық директор қызметіне тағайындалды. 2011 жылы қантарда "Apple" компаниясының директорлар кеңесінің мүшелері Тим Кукты бас директордың міндетін атқарушы қызметіне тағайындады. Бұл шешімнің себебі Стив Джобстың медициналық демалысқа кетуі еді. Стив Джобстың өз еркімен қызметінен босануына байланысты 2011 жылы 24 тамызда бас директор болып тағайындалды. Стив Джобстың денсаулығы өте нашар болған еді. Медециналық демалысқа кету себебі- онкология ауруына ұшырағын болатын. 2011 жылы 5 қазан айында Стив Джобс дүниеден озады, бірақ компания жағдайы жаман емес еді. Компанияның табысын, акциясын, компанияға байланысты туындайтын мәселелердің барлығын қадағалап отырған Тим Кук болатын. Тим Кук кезіндегі компания табысы $380млн-ды құрады. Ал, жеке акция иегері ретінде $442млн құрады. Осы еңбегінің нәтижесінде, ең бай әрі озық топ- менеджер ретінде BLOOMBERG-тің ондығына кірген болатын. Тим Кук тек WALMART U.S. –тің бас директоры Марк Лорға ғана жол беріп, екінші орыннан көрінген болатын. Менің ойымша, Тим Кук ең озық менеджер деген атқа лайықты. Себеп өте көп, бірақ ең маңыздысы- Стив Джобс дүниеден өтседе, компания табысы ешқашан төмендеген емес, яғни сол кездегі басшының іс- әрекеті дұрыс жүргізіліп отырған. Басшы ол- менеджер. Ал сол кездегі басшы- Тим Кук болған. Егер барлық менеджерлер Тим Кук секілді өз жұмыстарын тиянақты әрі пайда көп әкелетіндей етіп жағдай жасаса, қол астындағы жұмыскерлерге дұрыстап тапсырма беріп, жұмыс барысын өзі қадағаласа барлық менеджерлер ең озық менеджер деген атқа лайықты болып шығады.
...