Қазіргі қоғамдағы теңдік және теңсіздіктің бағалану ерекшеліктері
Автор: botokoz • Март 13, 2022 • Практическая работа • 442 Слов (2 Страниц) • 705 Просмотры
Пән атауы: Әлеуметтану, саясаттану, мәдениеттану
Практикалық сабақ: №2 Қазіргі қоғамдағы теңдік және теңсіздіктің бағалану ерекшеліктері
Тапсырмалар: Төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз:
1. Стратификацияның тарихи қалыптасқан формалары мен жүйелеріне тоқталыңыз.
Әлеуметтік құрылым дегеніміз-әлеуметтік топтардың, страталардың,топтардың және әлеуметтік инстуттардың жиынтығы және олардың байланыстары мен ара қатынастары.
Әлеуметтік стратификация- қоғамның әлеуметтік жіктелуі.
Қоғамда адамдарды страттарға жіктеудің тарихы үш түрі белгілі:
- касталар
- сословиелер
- таптар
Касталық жүйе-Үндістан қоғамында орын алған жабық жүйе.Әлеуметтік статус ата-аналарынан
балаларына беріліп, ол өмірлік статусқа айналып
отырған
Касталардың 4 тобы болған:
а) брахмандар (діни иелері, абыздар), олар халықтың 3%-ын
құрайтын;
ә) кшатрийлер (әскери адамдар);
б) вайшьтер (саудагерлер), бұл екі топ халықтың 7%-ын құрайтын;
в) шудралар (шаруалар мен қолөнершілер) – 70%-ға жуық;
г) хариджандар – қоғамдағы ең төменгі, ауыр жұмыстарды
(ауланы сыпыру, қоқыстарды жинау, тері илеу, шошқа бағу)
атқаратын адамдар.
Сословиелік жүйелер–феодалдық қоғамда орын алған стратификациялық жіктеу типі.
Жоғары дворяндар, дін иелері
Төменгі қолөнершілер, шаруалар, көпестер
Таптық жүйе-қанаушылық орын алған қоғамнан басталады. Таптық
қоғамдар деп Марксизмде құлиеленушілік, феодалдық, капиталистік
қоғамдарды айтады.Маркстік теория бойынша әрбір қанаушылық қоғамда
екі тап орын алады. К.Маркс осы таптарды негізгі таптар деп қараған.
Мысалы, құлиеленушілік қоғамда құлдар мен құл иелері, феодалдық
қоғамда феодалдар мен шаруалар, капитализмде капитал иелері мен
пролетариат. Осы таптардың арасында күрес үздік жүріп отырған.
Осы үш жіктеуге қарай стратификациялық жүйе:
Ашық жүйе - Қоғам мүшелерінің статустары мен әлеуметтік жағдайларын
өзгертулеріне мүмкіндік бар әлеуметтік құрылымал, ал мұндай мүмкіндік
балмайтын қоғам жабық стратификациялық жүйе деп аталады
Жабық жүйе - Үнді қоғамында қалытасқан дәстур бойынша қоғам мүшелері
касталарға жіктелген және соған байланысты әлеуметтік статус атааналарынан балаларына беріліп, ол өмірлік статусқа айналып отырған.
2. П.Сорокиннің әлеуметтік стратификация және әлеуметтік мобильділік тұжырымдамасын талдаңыз да, оның қазіргі заманғы маңызын көрсетіңіз?
...