Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Сезім мүшелері. Есіту, тепе-теңдік және дәм сезу мүшелерінің гистологиясы

Автор:   •  Май 14, 2022  •  Реферат  •  10,306 Слов (42 Страниц)  •  413 Просмотры

Страница 1 из 42

№ 15 тәжрибелік сабақ

Тақырып: Сезім мүшелері.Есіту, тепе-теңдік және дәм сезу мүшелерінің гистологиясы.Көру, және иіс сезу мүшелерінің гистологиясы

Тәжрибелік сабақтың жоспары:

І Кіріспе.

1. Тақырыптың маңызы

2. мүшелерге жалпы сипаттамасы

ІІ Негізгі бөлім

1. сезім мүшелерінің дамуы

2. Жіктелуі

3. Қызметтері

4. Құрылысы

5. Қан мен қамтамасыз етілуі

6. Нервпен қамтамасыз етілуі

ІІІ Қорытынды бөлімі

1. Жас ерекшеліктері

2. Регенерациясы (қайта қалпына келуі)

Сабақтың мақсатымен міндеті.

Сезім ағзалары күрделі экстрарепторлар болып, анализаторлардың перифериялық ,яғни шеткі бөлімі болып есептелінеді. Әрбір анализаторда периферик,аралық және орталық бөлімдері ерекшеленеді.

Сабақтың мазмұны.

Шеткі бөлім әсерді қабылдаса, аралық бөлім өткізуші жолдар арқалы оны орталыққа жеткізіп отырадаы.Орталық бөлімге бас ми қыртысы кіріп, онда әсерлер және анализ синтезделеді.Сезу ағзаларының негізгі қасиеті олардың түрлі әсерді нерв импульсына айландырып бере алу қабілеті.Барлық сезу ағзалары үш негізгі типке бөлінеді:

1-ші типке көру және иіс сезу ағзалары–олар ерекше сезім қабылдайтын рецепторлық нерв жасушаларынан құралған. Бұл нейросенсорлық жасушалар, арнаулы шеткі (перифериялық) дендритті-өсінділері арқылы жарық сәулесі толқынын немесе заттардың иісін сезіп, қабылдай алады. Олар, алғашқы (1-реттегі) сезуші рецепторлар деп аталады, алғашқы эмбриогенез кезеңінде нерв пластинкасынан дамиды. Нейросенсорлық жасушалар (1-ші реттегі сезуші рецепторлар) орталық, нейритті-өсіндісі қозуды импульсқа өзгертіп, анализаторлардың аралық бөліміне жеткізеді.

2-ші типке дәм сезу, тепе-теңдік және есту ағзалары жатады. Олар эмбриогенез кезеңінде эктодерманың қалыңдаған жері плакодадан дамиды. 2-типтегі сезім ағзаларына әсерлерді сезуші арнаулы эпителосенсорлық жасушалар болады, олар арқылы, өңделген тітіркену нерв жасушаларына беріледі, сол үшін 2-ші реттегі сезуші рецепторлар деп аталады. Эпиттелосенсорлы жасушаларда пайда болған қозуды (яғни, оларға әсер еткен: дәмге ие заттар, ауа немесе сұйық орта толқындары тербелісі) аралық анализаторларға: дәм сезу, тепе-тендік және есту ағзаларына беріледі.Бұл жасушаларда арнайы құрылым ,кірпікшелер және стереоцилийлер болып, олар әсерлерді қабылдауда белсенді роль атқарады.Бұл жасушардың дендриттері немесе нейриттері болмайды.

3-ші типтегілер рецепторлық инкапсулалық және инкапсуласыз нерв ұштарынан құралған, мысалы, пластинкалық нерв ұштары, пиязшық пішінді денешіктер, кейбір жасушалар (қысым, температура,т.б. анализаторларға сәйкес келуші перифериялық бөлім жасушалары ).Бұл типтегі денеге кең таралған сезуші нерв ұштары рецепторлар кіреді.

Барлық сезімді қабылдаушы арнаулы жасушалар құрылымдарына: тітіркенгіштерді қабылдаушы, базальдық денешіктермен байланысқан кірпікшелер (киноцилий) және микроворсинкаларға (стереоцилий) ие. Плазмолеммаларында ерекше: фото-хемо және механорецепторлық ақуыздары болады, олар өңделген энергияны кодталу жүйесі арқылы ,жасушалардың арнаулы информациясына өзгертеді.

КӨРУ АҒЗАСЫ

Көздер жұп ағза болып, көру анализаторланың перифериялық бөлігін құрайды. Көру ағзасы, көз алмасы және қосалқы аппараттар (көз бұлшық еттері, көздің қасаң қабығы және жас бездерінен) құралған. Көз алмасының қабығы 3 қабаттан тұрады.

1. Сыртқы немесе фиброзды перде - tunica fibrosa bulbi

...

Доступно только на Essays.club