Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Бухгалтерлік есеп сандық Қазақстанның көзқарасымен

Автор:   •  Сентябрь 15, 2021  •  Реферат  •  480 Слов (2 Страниц)  •  376 Просмотры

Страница 1 из 2

Бухгалтерлік есеп сандық Қазақстанның көзқарасымен

Бухгалтерлік есеп дегенде адам санасында бірінші кезекте «ол не?» деген сұрақ туындайды. Сондықтан да, бухгалтерлік есеп сандыққа жалпылама түсінік бере кетсем.

Бухгалтерлік есеп – бұл ұйымның қаржылық ақпаратын белгілі бір әдістері мен тәсілдері бойынша есептейтін, өлшейтін және оны өңдеп, тасымалдайтын ғылым болып табылады. Ол кәсіпорынның жұмысын толығымен бақылап, оны басқару үшін бағыт-бағдар беріп, алдағы уақытта істелінетін жұмысын жоспарлап және сонымен қатар ол ұйымның болашақта атқарылатын жұмысына экономикалық талдау жасауға өте қажетті жүйе болып табылады. Кез келген ұйымда бухгалтерлік есеп жұмысын жүргізу экономикалық мәселелердің негізгі және басты қажеттілігі болып табылады. Бухгалтерлік есеп арқылы өндірілген өнімді есепке алуға, сатып-өткізуге, айырбастауға және одан түскен қаржыны тиімді де ұқыпты етіп бөліп жұмсауға, яғни кәсіпорындағы шаруашылық үдерістердің барлығын басынан соңына дейін есептеуге болады. Ұйымдағы экономикалық және технологиялық үдерістердің, сондай-ақ шаруашылық операцияларының барлығының да есепке алынуы экономикалық талапқа сай бухгалтерлік есептің негізі болып табылады. Бухгалтерлік есептің негізгі әрі басты міндеті – бұл кәсіпорындар мен ұйымдардағы болып отыратын барлық үдерістерді алдымен бақылап, орындалған жұмыстар мен атқарылған қызметтердің нәтижесінде өндірілген өнімдерді, олар үшін жұмсалған материалдар мен шикізаттарды, қаржы-қаражаттарды сандық өлшемге келтіріп, оны арнаулы құжаттарға қарай реттеп, соңынан тіркеу жұмысын жүргізетіндігі болып табылады. Кәсіпорын жұмысының экономикалық тиімді тұрғыдан орындалуы, ұйымның өзін-өзі қаржыландыруы мен табыс табуы басты мақсаттарының бірі ретінде жатқызылады. Қазақстанда бухгалтерлік есеп халықаралық стандарт жүйесіне 1997 жылдан бастап көшірілді және қазіргі таңға дейін осы жүйеде.

Елбасымыздың бастауымен еліміздің экономикасын арттыру мақсатында «Сандық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын жасау міндеттелді. Себебі, ел экономикасын ілгерілететін басты фактор – бұл сандық технологияны дамыту болып табылады. Қазіргі XXI ғасыр ақпараттық технологиялар дамыған заманда халықтың өмір сүру сапасын ақпараттық-коммуникациялық технологияларсыз арттыру мүмкін емес. Бұл бағдарламаның басты мақсаты қазақстандықтардың өмір сүру сапасын көтеру және еліміздің бәсекеге қабілетті сандық экономикасын қалыптастыру.

...

Скачать:   txt (7.5 Kb)   pdf (44.8 Kb)   docx (8.7 Kb)  
Продолжить читать еще 1 страницу »
Доступно только на Essays.club