Сүт және сүттен жасалатын өнімдер өндіретін өнеркәсіп ашу
Автор: ar.zhusupova • Май 30, 2021 • Курсовая работа • 3,274 Слов (14 Страниц) • 401 Просмотры
Қазақсатан Республикасының ауыл шаруашылығы министрлігі
Курстық жұмыс
Тақырыбы: Сүт және сүттен жасалатын өнімдер өндіретін өнеркәсіп ашу
Орал,2021
Мазмұны
Кестелер тізімі.........................................................................................................3
Кіріспе......................................................................................................................4
Резюме......................................................................................................................6
1.Жобаның тұжырымдамасы..................................................................................7
2.Өнімнің (қызметтердің) сипаттамасы................................................................8
3.Өнімдер (қызметтер) нарығының сипаттамасы..............................................12
4.Негізгі және әлеуетті бәсекелестер...................................................................14
5.Маркетинг стратегиясы......................................................................................15
6.Өндіріс жоспары.................................................................................................16
7.Ұйымдық жоспары.............................................................................................17
8.Қаржылық жоспар..............................................................................................18
9.Жобаның тиімділігі............................................................................................21
Кестелер тізімі
1-кесте – ҚР 2018-2019 жж. 10 айында мал шаруашылығы шикізатын қайта өңдеу өнімдері өндірісі мен импорты
2-кесте - ҚР-ның табыстары әр түрлі халқының сүт өнімдерін тұтынуы
3-кесте-Шағын зауытқа кететін бастапқы шығындар
4-кесте - Бір айдағы ауыспалы шығыстар (негізгі шикізат қосымша)
5-кесте – Өзіндік құнның есебі
6-кесте-Еңбек ақы төлеу шығыстарының есебі
7-кесте - Кәсіпорынның бір айдағы жалпы және әкімшілік шығыстары
8-кесте-Өнеркәсіпке түсетін ай сайынғы табыс
Кіріспе
Қазақстандық сүт өнімін өндірушілер үшін нарық жағдайындағы қызмет маңызды проблемалармен және көптеген тәуекелдермен қатарлас келді. Аграрлық секторға дәстүрлі түрде ұлттық экономиканы дамытуда, яғни сүт өнімдері индустриясын дамытуда маңызды рөл берілгеніне қарамастан, бірінші кезекте кем дегенде сенімді шикізат базасы болуы тиіс, өндірушілердің өздері және талдаушылар саланың өсу қарқынының төмендегенін мойындап отыр және импорттың басымдық алуына алаңдаушылық білдіруде.
Бұл ретте сүт өнімдерінің бағасын демократиялы деп айтуға болмас, ауқаттылар санатына жатпайтын кейбір тұтынушылар бүгіннің өзінде сүзбені немесе, мысалы, қаймақты күнде сатып ала алмайды. Сонымен қатар, сүт өнімдерін тұтыну ұлт денсаулығының жай-күйіне тікелей әсер етеді және қоғамның салауаттылығы деңгейін көрсетеді.Сүт және сүт өнімдерін ұлттық мөлшер бойынша 1 адам жылына 260 келі, медициналық мөлшер бойынша 405 келі тұтынуы керек болса, ал нақты тұтыну жылына 3 200 келіні құрайды. Статистика агенттігінің мәліметтері бойынша, Қазақстан жылына 5 млн. 400 мың тонна сүт өндіреді. Осы өндірілген сүт көлемі Қазақстан халқының және басқа да ұлттық шаруашылық салаларының нақты тұтынуларын қамтамасыз етуі керек. Бірақ, қалай дегенде, жыл сайын импорт өнімдері көбейе түсуде. Мәселен, 2011 жылы құрғақ сүттің импорты 24 664 тонна, яғни, 90 пайызды құрады, қоюлатылған сүт – 75, сыр және ірімшік – 59, сары май – 34 пайыз. Көрсетілген бұл мәліметтер Қазақстан әлі де өз-өзін тұтастай сүт және сүт өнімдерімен қамтамасыз ету мәселелерін шешпегендігін көрсетсе керек. Осы көрсеткіштерді негізгі ала отырып, нарыққа сүт және сүттен жасалатын өнімдер өндіретін өнеркәсіп қажет екенін аңғара аламыз. Осы өнеркәсіпті ашу өзіндік имиджін қалыптастыру арқылы тұрақты тұтынушыларды тез тартуға болады.
...