Samsung компаниясының менеджменті
Автор: Анара Джолмагамбетова • Октябрь 9, 2022 • Реферат • 641 Слов (3 Страниц) • 356 Просмотры
Қаржылық менеджмент - бұл ақша ағындарын басқаруға бағытталған компанияның қызметі болып табылады. Бұл қызмет кірістілікті арттыру және ықтимал тәуекелдерді азайту үшін әртүрлі әдістердің құрылымы. Бүгінгі таңда ұйымның қаржылық менеджменті компанияның ақшалай қаражаттарын басқарудың барлық негізгі аспектілерін қарастырады.
SAMSUNG сияқты компания туралы айтатын болсақ, ол өзінің қалыптасу жолында көптеген қиындықтардан өтті деп айтуға болады. Компания тарихының мұрағатында жазылған деректер басқа компания мен фирмаларға өз тәжірбиесін үйрете алады. Самсунг кішкентай Корея қаласындағы шағын экспорттық фирмадан бастап, әлемдегі ең ірі электроника өндірушілерінің бірі атанған компания болып табылады. Және де осындай дәрежеге жету үшін компанияға 76 жыл бойы еңбектенуі қажет болды.
Компаниядағы басқару жүйесі мен кадрларға деген көзқарас басқарудың бастапқы тұжырымдамасынан көптеген өзгерістерге ұшырады. Компанияның ішкі компонентіне талдау жасай отырып, компанияның нарықтағы осындай табысты жағдайына қалай жеткенін түсінуге болады.
Соңғы онжылдықта Samsung өз брендін толығымен өзгертті. Өзінің конкуренттеріне қарамастан, Samsung бүкіл әлемдегі ең жақсы жоғары деңгейлі смартфондар мен электроника сатушысы болып табылады.
2. Компания жыл сайын өз өнімдерінің тұтынушыларына әлемдік нарықта өз брендінің дамуы туралы есеп беру туралы шешім қабылдады. Әр жылдың басында компанияның клиенттері Самсунг компаниясының даму тенденциясын көре алатындай етіп, өткен жыл туралы есеп міндетті түрде жарияланады. Бұл есепте компанияның табыстары, сатылымдары, инновациялары және т.б. жетістіктері туралы айтылады. Есеп Global Reporting Initiative (GRI) - бүкіл әлемде танылған G3 guidelines стандарты бойынша және компанияның тұрақты дамуының үш құрамдас бөлігін: экономикалық, әлеуметтік және экологиялық тенденцияларды ескере отырып жасалады.
Компанияның бүкіл стратегиясын, менеджментін, проблемаларды іске асыру тәсілдерін және кадр саясатын бірнеше секторларға бөлуге болады. Барлығы 10 сектор: адамдар, кәсіби этика, серіктестер, әлеуметтік жауапкершілік, қоршаған ортаны қорғау, экологияға тигізіліп жатқан зиянды азайту, жасыл өнімдер, су ресурстарын тиімді пайдалану, "жасыл" құрылыс, қалдықтарды жинау және оларды қайта өңдеу.
Компанияны басқару мәселесінде Самсунг өз қызметкерлеріне құрметпен қарайды. Компания өзінің алдына қойылған мақсаттармен қаншалықты сәтті жұмыс істейтіні қызметкерлерге толығымен тәуелді деген пікірді ұстанады. Корпорация әрдайым таланттарды белсенді түрде іздейді және бүкіл әлемнен адамдарды жұмысқа тартуға тырысады, жұмыс үшін ерекше жағдайлар жасауға әрқашан дайын.
Әрбір қызметкер компанияда жұмыс істеген
...