Милилвольтметрдің құрылымдық сұлбасын әзірлеу
Автор: Аскар Мукашев • Октябрь 21, 2018 • Реферат • 3,341 Слов (14 Страниц) • 1,423 Просмотры
Мазмұны
Кіріспе ......................................................................................................................4
1. Сандық милливольтметрдің сұлбасын талдау .....................................................5
2. Милливольтметрге қойылатын техникалық
талаптарды әзірлеу ...................................................................................................11
3. Милилвольтметрдің құрылымдық сұлбасын әзірлеу.........................................12
4. Милливольтметрдің принципиалдық
сұлбасын әзірлеу ..................................................................................................16
5. Аспаптың жұмыс істеу принціпі .........................................................................22
Қорытынды ...........................................................................................................24
Қолданылған әдеиеттер тізімі .............................................................................25
Кіріспе
Осы курстық жобаның барысында біз сандық милливольтметрмен танысамыз.
Вольтметр – электр тізбектеріндегі кернеуді немесе электр қозғаушы күштерді анықтауға арналған өлшеуіш аспап. Идеалды вольтметр шексіз үлкен ішкі кедергіге ие болуы қажет. Сондықтан реалды вольтметрдің ішкі кедергісі қаншалықты үлкен болса, аспап өлшенетін объектіге соншалықты аз әсерін тигізеді және аспаптың қолданылу аумағы көбейеді.
Сандық милливольтметр мөлшері аз, бір вольттің мыңнан бір бөлігіне дейін мәнге ие болатын, төменгі электр кернеулерді өлшеуге арналған аспап. Сандық милливольтметр құрамына магнитоэлектрлік өлшеуіш прибор, қосалқы кедергілер және тұрақты және айнымалы токтың өлшеуіш күшейткіші кіреді.
Күшейткіш ондаған милливольт және одан төмен мәндерге жететін, төменгі шектегі өлшеулерді жүргізуге мүмкіндік береді. Сонда аспапта кіріс кедергі көбейеді және айнымалы кернеудің төменгі шектегі өлшеулердің сызықты шкаласы алынады.
Милливольтметрлер ғалымдарға, электрлік жүйелерді зерттеушілерге зертханалық жағдайларда кернеу мәнінің өте аз мөлшерлерінің өлшеулерін жүргізуге мүмкіндік береді.
Милливольтметрлер жұмыс жасай принціпіне байланысты электромеханикалық, магнитоэлектрикалық, электромагниттік, электростатикалық, түзеткіш, термоэлектрикалық деп бөлінеді. Өлшенетін кернеу мәнінің көрсету принціпі бойынша аналогты және сандық деп бөлінеді. Құрылымы және қолдану әдісі жағыныан панельді, тасымалданушы, стацинонарлы деп бөлінеді
Сандық электромеханикалық милливольтметрлер магнитоэлектрикалық, электромагниттік, электростатикалық типтегі сәйкес механизмдері бар өлшеу құрылғылары болып табылады.
Сандық электрондық милливольтметрлерде магнитоэлектрлік өлшеуіш аспаптан және қосалқы кедергіден басқа, құрамында кіріс кедергісін көбейтіп, айнымалы кернеудің төмен өлшеу шектерінде сызықты өлшеу мәндерін және төмен өлшеу шектерін алуға мүмкіндік беретін өлшеуіш күшейткіші бар.
Кейбір сандық милливольтметрлерде өлшеу диапазондары болуы мүмкін. Өлшеу диапазоны – аспаптың берілген дәлдігі бойынша жұмыс істеуге жобаланған өлшеу аймағы. Сандық милливольтметрлерде өлшеу диапазоны өлшенетін кернеудің аралық аймақтарына немесе кернеу жиілігінің аралықтарына байлынсты бөлінуі мүмкін.
- Сандық милливольтметрдің сұлбасын талдау
Электрлік сұлба – құрылғының жұмыс істеу принципін түсінуге мүмкіндік беретін, графикалық шартты түсіндірмесін қолданылуымен орындалатын электрлік тізбектердің жеке элементтерінің өзара байланысы көрінісінің көрінісі мен қарапайымдылығы көрсетілген сызба болып табылады. Машина құрылысы мен құрылыс сызбаларымен салыстырғанда электрлік сұлбалардың айырмашылығы оларды масштабтың сақталуына қарамай орындай береді, ал олардың құрамындағы бөліктерін қондыруды кеңістікте орналастыруда масштабты есепке алмайды немесе шамамен есептейді.
...