Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Элементорганикалық қосылыстар

Автор:   •  Апрель 13, 2022  •  Реферат  •  4,370 Слов (18 Страниц)  •  458 Просмотры

Страница 1 из 18

Элементорганикалық қосылыстар- молекуласында көміртегі атомы металға немесе металоидқа тікелей байланысқан заттар R-С-Ме_-С-R.

Элементорганикалық қосылыстар халық шаруашылығының әртүрлі салаларында кеңінен қолданылады, олар: полимерлер химиясында, жаңа технологияларда, ауыл шаруашылығында, сонымен қатар, бұл қосылыстардың көпшілігі физиологиялық белсенділікті көрсеткендіктен, олар медицинада да қолданылады.

Медицинада қолданыла бастаған алғашқы органикалық қосылыстардың бірі сынап қосылыстары болды. Содан кейін мышьяк қосылыстарында физиологиялық белсенділік ашылды, олар мерез, іш сүзегі және т.б. сияқты ауруларды емдеуде жоғары тиімділік көрсетті.

Элементоорганикалық дәрілік қосылыстар, әдетте, жоғары уыттылыққа ие химиотерапиялық агенттер болып табылады, бұл оларды тек қатаң медициналық бақылауда қолдануға мүмкіндік береді. Химиотерапиялық агенттердің, атап айтқанда мышьяктың органикалық қосылыстарының құрылуы мен дамуы неміс химигі және биологы П.Эрлихтің есімімен байланысты, ол макроорганизмге әсер етпей, тек микробтарға таңдамалы әсер көрсететін химиялық заттарды табу мәселесін алға тартты. Бұл химиотерапияның мәні.

Органикалық қосылыстар саласында зерттеулер жүргізу мышьяктың физиологиялық белсенді химиотерапиялық препараттарын алу үшін П.Эрлих  көптеген органикалық қосылыстарын алды, тек сальварсан деп аталатын препарат қажетті нәтижелерге әкелді. Бұл зат макроорганизмге әсер етпестен микробтарға таңдамалы әсер етті. Кейін Эрлих неосальварсан деген атпен сальварсаннанда құнды препаратты анықтады.

Салварсан мен неосальварсанның анықталуы П. Эрлихтың химиотерапиялық препараттарды одан әрі кеңінен зерттеуіне мүмкіндік берді.

Химиотерапиялық құралдарды іздестіру бойынша жұмыстар элеменорганикалық қосылыстарының топтарын әсіресе кеңес заманында кең дамыды. Бұл салада И.И Остромысленский, Н. М Кижнер, Г. А. Кирхгоф, М Я. Крафт және басқалар сияқты кеңестік ғалымдар жұмыс істеді. Новарсенол, миарсенол, осарсол, аминарсон секілді  құнды дәрі — дәрмектер синтезделді. Мышьяк пен сынаптың органикалық қосылыстары медицина үшін маңыздылығын сақтап келді.

Алифатты қатардағы мышьяктың органикалық қосылыстары, олардың кейбіреулері (натрий какодилаты, арренал) физиологиялық белсенділік танытқанына қарамастан, жоғары уыттылыққа байланысты медициналық тәжірибеде орныққан жоқ. Сондықтан қосымша зерттеулер мышьяктың хош иісті қосылыстарының қатарынан тотығу дәрежесі 3 және 5 ке тең, физиологиялық белсенді заттарды іздеуге бағытталған.

Осы қатардағы қосылыстардан осарсол, аминарсон, сальварсан, новарсенол, миарсенол препараттары медицинада қолданылды. Бұл қосылыстардың өзіне тән ерекшелігі-бұл қосылыстардың молекулаларындағы мышьяк көміртекпен тікелей байланысты және ионогенді емес, сондықтан оны иондық типтегі әдеттегі аналитикалық реакциялармен анықтау мүмкін емес. Осыған байланысты элементорганикалық қосылыстарды талдау әдістері өзіндік сипаттамаларға ие. Органикалық молекуладағы элементті растау үшін, оны ионогендік күйге ауыстыру керек.

Медицинада қолданылатын тотығу дәрежесі 5-ке тең мышьяктың органикалық қосылыстарының өкілдері-осарсол және аминарсон. Бұл фармакопеялық препараттар.

Осарсол-иіссіз ақ кристалды ұнтақ. Ол қышқыл қасиеттерге ие, карбонат ерітіндісінде (мышьяк қышқылының қалдықтарының гидроксилдеріне байланысты) және сілтілік ерітіндіде (фенол гидроксилі мен мышьяк қышқылының қалдығына байланысты) ериді. Препарат суда және спиртте өте аз ериді.

Препараттың түпнұсқалығын анықтау:

а) синтездеуге арналған қоспасы бар препаратты қыздырғаннан кейін және магнезия қоспасын қосқаннан кейін ақ түсті кристалды тұнба пайда болады.

6) сұйылтылған күкірт қышқылымен препаратты қайнатқаннан кейін түзілетін сірке қышқылының иісі бойынша.

Препараттың қатерсіз болуын сынау кезінде бейорганикалық мышьяк қосылыстарының (арсенаттардың) қоспаларын тексеру қажет, себебі олар улы және бос амин қышқылдары.

Осарсол мерезді, іш сүзегін, дизентерияны емдеуде қолданылады. Несепте ақуыз болған жағдайда осарсолды қолдану қарсы көрсеткіштерге әкеледі.

0,25 г ұнтақ пен таблетка түрінде шығарылады.  А тізіміне кіреді.

Тотығу дәрежесі 3ке тең мышьяктың хош иісті қосылыстарының өкілдері, салварсан препаратының тобына жататын-новарсенол және миарсенол. Бұл препараттардың алғашқы өкілі - салварсан.

...

Скачать:   txt (73.2 Kb)   pdf (182.6 Kb)   docx (31.2 Kb)  
Продолжить читать еще 17 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club