Химияның өнеркәсібінің салалық құрылымы
Автор: Viola.amber • Январь 25, 2023 • Реферат • 2,842 Слов (12 Страниц) • 252 Просмотры
Мазмұны
Кіріспе
Негізгі бөлім
- Жалпы түсініктер
- Тарихы
- Даму кезеңдері
- Химияның өнеркәсібінің салалық құрылымы
- Қазақстан Республикасының химиялық өнеркәсібінің қазіргі кездегі жағдайы
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Химия ғылымы ежелгі дәуірден бері пайда болған ғылым. Химия негізінен элементтерді және олардың қосылыстарын зерттейді. Бейорганикалық химия - барлық элементтер (көміртегінен басқасы) мен олардың қосылыстарын зертейтін химия бөлімі. Сонымен қатар,тек көміртегі қосылыстарының құрылысын, құрамын, оларға байланысты реакциялар мен құбылыстарлды зерттейтін химияны органикалық химия деп атайды. Жалпы бейорганикалық қосылыстар 300 мыңнан асса, органикалық қосылыстар 4 миллионнан асады. Бұлардан басқа физикалық химия, коллоидтық химия, электрохимия, химия технология тағы басқа салалар бар. Химияның табиғатты, тірі дүниені зерттеуде және халық шаруашылығын дамытудағы маңызы зор. Химияның негізгі міндеттеріне халық шаруашылығына қажетті сапалы өнімдер алу, өндіріс қарқынын арттыру, қалдықсыз заттар өндіру тағы басқа жатады. Химиялық әдістерді және химияның жетістіктерін пайдалана отырып, алуан түрлі халық шаруашылығына қажетті табиғатта кездесе бермейтін заттар өндіреді. Әсіресе химия өнеркәсібінде технологиялық процестері жақсарту және жаңа технологиялық әдістерді іске қосу өнімдердің шығымын сапасын арттырумен бірге қоршаған ортаны қорғауға да зор пайдасын тигізіп отыр. Халық шаруашылығына қажетті қара және түсті металдарды олардың қосылыстарынан тотықсыздандырып алу тек химиялық өнімдер: күкірт қышқылы, азот қышқылы, тұз қышқылы, сілтілер, сода, сабын, резеңкелер, пластмассалар, каучуктер, жасанды талшықтар, мұнай өнімдерін өндіру, сонымен бірге ауыл шаруашылығына қажетті калий, азот фосфор тыңайтқыштарын және микротыңайтқыштарын, гербицидтер тағы басқа өндіру іске асырылады. Химия жетістіктерін пайдаланып қазіргі химия өнеркәсібі 50 мыңнан астам халық тұтынатын өнімдер өндіреді. Химия өндірісінің қоршаған ортаны қорғау мәселесінде алатын орны ерекше. Өндірістік суларды тазарту ауа және су тазалығын сақтау және бақылау, қалдақсыз жұмыс істейтін өндірісті жүзеге асыруда химия ғылымы мен өнеркәсібінің маңызы зор.
Технология - өнеркәсіп өнімдерін табиғи шикізаттан өндірудің нәтижелі әдістері мен процестері жайлы ғылым. «Технология» сөзі (гректің «techosр» - кәсіп, шебер және «logos» -ілім, оқыту) өз мазмұнына сай: тиімді оқыту, қазба байлықтарынан пайдалы өнім өндіру өнері, әдісі.
Өндіріс әдісі - шикізаттан дайын өнім алу үшін жасалатын барлық операциялардың жиынтығы. Бұл операциялардың жиынтығы химия-технологиялық жүйені көрсетеді. Операциялар бір немесе бірнеше аппараттарда жүреді, және ол түрлі технологиялық процестердің жиынтығы болып табылады. Химиялық аппараттарда - реакторларда көбінесе бір мезетте гидравликалық, жылулық, диффузиялық және таза химиялық (реакциялар) процестер қатар жүреді. Технология механикалық, биохимиялық және химиялық деп бөлінеді.
Материалдардың сыртқы түрі, формасы және физикалық қасиеттері өзгеретін процестерді - механикалық технология оқытса, ал химиялық технология - заттың қасиеттері, ішкі құрылысы және түгелдей құрамы қалай өзгеретіндігін қарастырады. Бұлайша бөлу айтарлықтай шартты болып табылады, өйткені заттың сыртқы түрі өзгергенде көп жағдайда оның химиялық қасиеттері мен құрамы да өзгеруі мүмкін. Мысалы, металдарды құю процестері механикалық технологияға жатады, бірақ та металдарды құйғанда химиялық процестер де жүреді. Химиялық процестер, қай жағдайда болса да барлық өндірістерде де механикалық процестермен қатар жүреді.
...