Химия-фармацевтика өнеркәсібі қызметкерлеріне арнайы киім беру нормалары
Автор: Zhuzikaaai11 • Март 23, 2022 • Эссе • 344 Слов (2 Страниц) • 466 Просмотры
«Химия-фармацевтика өнеркәсібі қызметкерлеріне арнайы киім беру нормалары» эссе
Кейбір салаларда, мысалы, химия фармацевтика өндірісінде арнайы киімдері жұмысшыларды жұмыс барысында туатын денсаулыққа зиянды факторлардан қорғайды. Бұл салада жеке гигиена және өорғаныш құралдары міндетті шарт болып табылады. Ауаны ластайтын заттар технологиялық процестерге қатысатын адамдардың киімдері мен терісіне түсу арқылы денсаулық жағдайына теріс әсер етеді. Сол себепті химиялық-фармацевтикалық процестер кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтаумен қатар, қызметкерлердің арнайы киімдеріне қойылатын талаптардың сақталуына қатаң бақылау жүргізіледі.
ҚР 07.07.2020 № 360-VI Кодексіне сәйкес кез-келген жұмыс беруші өз қарамағындағы жұмысшыларды жеке қорғаныш құралдарымен қамтамасыз етуі қажет екені айтылған.
Фармацевтикалық өндіріс саласында жұмыс жасайтын адамға көзді ұнтақты шаңнан қорғау үшін қорғаныш көзілдірігі, немесе бас бөлікті толығымен жауып тұратын дулыға, улы кәсіби аурулардың біршама бөлігін туғызатын аэрозольді газдан сақтану жағдайында қорғаныш маскасы, теріні химиялық заттармен тікелей жанасуды болдырмайтын, аллергенді реакциядан, қызарудан сақтайтын арнайы комбинизон және аяқ киім (бахилы)беріледі.
Мамандардың айтуынша, табиғи маталар микробөлшектердің минутына жинап алатын мөлшері 1 миллионды құрайды, бірақ микрополиэстерде 10-200 микробөөлшек жиналатынын айтады. Осыны ескере отырып, қазіргі кезде біршама арнайы киім тігу барысында фабрикалар жұмысшыға және санитарлық-гигиеналық талаптарға сай келетін ыңғайлы маталарды, материалды пайдаланады. Және жұмысшыға берілген киімнің өзіне сай, жайлылығы өте маңызды, әйелдерге ерлерге берілетін жеке қорғаныш киімдерін , ал ерлерге әйелдер киімін беруге тыйым салынады. Сол үшін жеке қорғаныш киімдері кеуде қуысының көлеміне сәйкес, артық ауамен бірге зиянды заттар енуіне кедергі болып келуі керек. Барлық арнайы киімдер жұмысшының өлшеміне сай , оны ескеріп дайындалуы тиіс. Бұл ережелер GMP стандарттарына сәйкес жасалған технологиялық киімнің зиянды факторлардан қорғауына мүмкіндік береді.
...