Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Мұнай және газ өнеркәсібінің дамуы. Кен орынның геологиялық физикалық сипаттамасы

Автор:   •  Апрель 10, 2024  •  Контрольная работа  •  25,447 Слов (102 Страниц)  •  126 Просмотры

Страница 1 из 102

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

КАСПИЙ ҚОҒАМДЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

ГЕОЛОГИЯ, МҰНАЙ-ГАЗ ІСІ ЖӘНЕ  IT ИНСТИТУТЫ

Білім беру бағдарламасы   -   6В07252 – «Таукен және мұнай-газ ісі» және

 6В07222-«Мұнай инженериясы»

«ӨНДІРУ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ЖОБАЛАУ НЕГІЗДЕРІ» пәні бойынша

СТУДЕНТ ПӘНДЕРІНІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

Дәріс №1. Кіріспе

Мұнай және газ өнеркәсібінің дамуы. Кен орынның геологиялық физикалық сипаттамасы

  1. Мұнай және газ өнеркәсібінің дамуы

Қазақстан мұнай саласы – Қазақстанның экономикасының негiзгi салаларының бiрi. Бiрiншi қазақ мұнайы 1899 жылдың қараша айында Қарашұңғыл кен орынында шықты. Қазақстанда 1992 жылы 25,8 млн тонна мұнай өңделсе, 2008 жылы өнім көлемі 72 млн. тоннаны құрады. Компаниялар мен мұнай кен орынның үлесі 1.1 - суретте көрсетілген /1-2/.

Қазақстандық нарықтағы мұнай кен орынының үлесі

[pic 1]

Қазақстанның мұнай компанияларының үлесі

[pic 2]

1.1-сурет. Қазақстанның мұнай компаниялары

Қазақстан территориясындағы мұнай компаниялары сан алуан. Олар ұлттық үлкен корпорациялардан кіші жеке компанияларға дейінгілер. Соның ішінде ең ірілері болып Қазмұнайгаз, Теңізшевройл, Қарашығанақ Петролиум, СNРС – Ақтөбемұнайгаз және т.б. саналады. 2008 жылы Қазақстанда 70 млн. тонна мұнай өндірілді. Солардың ішінде 17,3 млн –

Теңізде, 11 млн – Қарашығанақта, 6,5 млн – Өзенде, 6,3 млн – Жаңажолда, 5,8 млн – Құмкөлде, 4,2 млн – Қаламқаста, 2 млн – Қаражамбаста, 2 млн – Кеңқияқта ( тұзүстілік), 1,8 млн – Солтүстік Бозащы, 1,2 млн – Жетібайда, 1,2 млн – Қарақұдықта, 0,4 млн – Әлібекмолада, 0,3 млн – Қожасайда, 0,2 млн – Асарда, 0,1 млн – Тасболатта және т. б.

Қазақстандық нарықтағы мұнай компанияларының үлесі. ҚазМұнайГаз –өңдеуде, барлауда, шығаруда және мұнай тасымалдау бойынша Қазақстандағы ұлттық мұнай компаниясы. ҚазМұнайГаздың активтеріне Барлау және өндіру жұмыстары кіреді        «ҚазМұнайГаз», Казахойл-Ақтөбе (67 %), Маңғыстаумұнайгаз (50 %), Теңізшевройл (20 %), ҚазМұнайТеңіз (20 %), Қашаған (16,81 %), PetroKazakhstan (33 %) және т.б. жерлерде орналасқан.

ҚазМұнайГаздың жалпылама өндірген мұнай өнімі Қазақстанда 2008 жылы 18,7 млн тоннаны құрады. Қазақстандық мұнай компаниялары бұл - «Каспиан Тристар» (Мѐртвый Култук - 50 %), Aday Petroleum (Адай), Жалғызтөбемұнай (Жалғызтөбе), Aral Petroleum (Арыс),Толқын МұнайГаз (Толқын), Казполмунай (Боранкөл), ХазарМұнай (Солтүстік Придорожное), АНАКО (Қырықмылтық - 81 %), Емиройл (Емир), АЙ-ДАН МҰНАЙ (Блиновское), НК Кольжан (Тузколь, Северо-Западный Кызылкия), Галаз және К (Северо- Западный Коныс), Актау Транзит (Жангурши, Тюбеджик), Казнефтехим-Копа (Таган Южный) және т.б. Қазақстандағы Ресейлік мұнай компаниялары - Лукойл және Роснефть. Лукойл Теңізде (2,5 %), Қаршығанақта (15 %), Солтүстік Бозашыда (25 %), Каракұдықта (62,5 %), Арман (50 %), Солтүстік Құмкөлде (33 %), Кожасайда (33 %), Әлібекмолда (50 %), Тюб- Караганда (50 %), Аташскийда (50 %) және Оңтүстік Жамбайда (12,5 %). Роснефти Құрманғазыда (50 %) пайыздық активтерге ие.

...

Скачать:   txt (372.8 Kb)   pdf (1.3 Mb)   docx (904 Kb)  
Продолжить читать еще 101 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club