Химия өнеркәсібі
Автор: Assel098 • Февраль 26, 2018 • Реферат • 720 Слов (3 Страниц) • 1,816 Просмотры
Кіріспе
Химия өнеркәсібі — өндірістің барлық салалары, ауыл шаруашылығы, тұтыну саласы үшін химиялық өнімдердің әр түрін өндіруші халық шаруашылығының саласы. Химия өнеркәсібі саласы дүние жүзінде тұңғыш рет Германияда XIX ғасырдың аяғында дүниеге келді. XX ғасырдың 50-70-жылдарының басы химия өнеркәсібінің дәуірлеген «алтын ғасыры» болды. Бұл кезеңде мұнай-газ шикізатын пайдаланушы өндірістің өркендеуімен байланысты осы сала әлемде неғұрлым жоғары қарқынмен дамыды. Әлемнің өңдеуші өнеркәсібінде химияның үлесі XX ғасырдың екінші жартысында 8-9%-дан 12-15%-ға дейін әсті.XX ғасырдың екінші жартысы химия өнеркәсібінің қарқынды дамуымен сипатталды.Қазақстанда химия өнеркәсібі жеке сала ретінде алғашқы бесжылдықтар кезінде қалыптасты. Кеңестік дэуірге дейінгі кезеңде Қазақстанда Шымкент дермене (сантонин) зауыты (1883), сабын, желім қайнататын ұсақ кәсіпорындар жүмыс істеді. 1930-1940 жьілы Ақтөбе химия комбинаты, «Аралсульфат» комбинаты, ірі фосфорит кені — «Қаратау» комбинаты, Қарағанды синтетикалық каучук, Қостанай синтетикалық талшық зауыттары салынды. 1950-1960 жылдары Қазақстанда осы заманғы химиялық индустрияның негізі қаланды. Жамбыл суперфосфат, Гурьев химия зауыттары, Шымкент гидролиз және фосфор тұздары зауыттары, Ақтөбе ферроқорытпа, Шымкент газ-бензин зауыттары іске қосылды. Қазақстан анорганикалық және органикалық тектегі пайдалы қазынды кеніштеріне бай. Олар химия өнімінің алуан түрлерін алу үшін шикізат көзі болып табылады.Химия өнеркәсібі – ауыр өнеркәсіптің жетекші салаларының бірі. Еңбек заттарын өңдеуде негізінен әдістерді баса қолданатын өндіріс салаларының комплексі. Іштей химия және мұнай-химия, кен-химия (фосфорит, апатит, ас тұзын өндіру және байыту т.б. алу), негізгі химия, жасанды талшық, талшықтар, синтетикалық шайыр және пластикалық массалар, сыр-бояу өнеркәсібі (әк, сыр, эмаль т.б. өндіру), химия және синтетикалық бояғыштар, кен-химия, тұрмыстық химия. Мұндай химия өнеркәсібі синтетикалық каучук негізгі органикалық синтетика өнімдерін өндіру, резина-асбет өнеркәсібі жатады.Химия өнеркәсібінің кәзіргі салаларын (синтетикалық амиак және оны азотты тыңайтқыштарға қайта өңдеу, органикалық шала өнімдер, күрделі анимин бояғыштар, синтетикалық каучук, пластмассалар, жасанды талшық, шина өнеркәсібін) дамытуда.Химия өнеркәсібі республика ауыр индустриясының халық шаруашылығында жалпы ғылыми техникалық прогресті қамтамасыз ететін барынша серпінді салалардың бірі. Бұл салада ешқандай қалдық болмайды. Химия өнеркәсібінің саласы белгілі бір өндірістің қалдықтарын пайдаланып өнеркәсіп үшін тиімді жаңа материалдармен халық тұтынатын тауарлар шығарады. Жоғарғы сатыда дамыған химия өнеркәсібі болмайынша ауыл шаруашылығы тиісті деңгейде өркендеуі мүмкін емес. Ауыл шаруашылығы химия өнеркәсібінен минералды тыңайтқыштар мен улы химикаттарды алып отырады. Қазақстанның химия өнеркәсібі 3 саладан тұрады:негізгі химия,кен химия, органикалық
...