Талшықты оптиканың ерекшеліктері және олардың қолданылуы
Автор: Aruzhanna • Апрель 9, 2019 • Реферат • 4,449 Слов (18 Страниц) • 1,266 Просмотры
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
"Жамбыл политеxникалық жоғары колледжі"
мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Мамандығы:1306000 "Радиоэлектроника және байланыс"
" " пәні бойынша
Тақырыбы:Талшықты оптиканың ерекшеліктері және олардың қолданылуы
Ақпар
[pic 1]
Топ:2 РиС 17-2
Орындаған: Қараман Д.
Қабылдаған: Жаманбаев
Тараз қаласы
2019 жыл
Мазмұны
1.1 Білім алушының алдындағы мақсаттары мен міндеттерін,еңбекті қорғау және оқу шеберxанасында қауіпсіздікпен таныстыру 2-4
1.2 Кіріспе5
1.3 Талшықтық-оптикалық байланыс желісінің ерекшеліктері6-7
1.4 Оптикалық талшық тарату құралы ретінде8-12
1.5 Оптикалық талшықтың беріліс сипаттамалары12-19
1.6 Оптикалық шағылысудың дисперсиясы19-21
1.7 Пайдаланған әдебиеттер тізімі......................................................................22
Кіріспе
Барлық экономикалық өзгертулердің мақсаты адам өміріне қамқорлық жасау болып табылады. Соның ішінде қызмет көрсету сферасы маңызды рөл атқарады. Сонымен қатар қызмет көрсету сферасының дамуы мынандай көрсеткіштерге байланысты: мемлекет экономикасының даму потенциалы, жалпы экономикалық өзгертулерге нарықтың белсенді әсері. Қазақстан Республикасы экономикалық дамудың маңызды кезеңінде, яғни бұл кезде қоғамдағы жалпы процестері қызмет көрсету процестерінің дамуынсыз мүмкін емес.
Қазіргі таңда байланыс жолдарының және телекоммуникациялық жүйелерді кең пайдалануы маңызды мәселе. Дүниежүзілік тәжірибеге қарасақ, телекоммуникациялық жүйелердің қарқынды дамуы экономиканың жалпы динамикалы дамуына әсер етеді. Қазақстанда әлемдік экономикаға белсенді интеграциялануда, сондықтан байланыс пен информатиканың дамуына және оларға жаңа технологияларды енгіздіруге үлкен көңіл бөледі.
Информациялық алмасу көлемі қоғам дамуының деңгейін көрсетеді. Электробайланыс – бұл халықтың, мемлекеттік басқару орындарының, өндірістердің, ауыл шаруашылықтарының, мемлекеттік қорғаныс бөлімдерінің және байланыстағы күзеттердің қажеттіліктерін қанағаттандыратын мемлекеттік инфраструктураның бөлігі.
Дипломдық жұмыстың мақсаты – Астана және Көкшетау магистралінде талшықты оптикалық байланыс жүйесін (ТОБЖ) құрудағы экономикалық тиімділікті бағалау.
Опто-талшықты кабельдердің пайда болуымен цифрлық жүйелерде ақпаратты жоғарғы жылдамдықта жіберуге және регенерациялық пункттерді 100 км-ден ұзартуға қол жеткізілді, сондықтан бұл тақырыптың өзектілігін көрсетеді. ТОБЖ арқылы байланыстың өнімділігі жоғарылайды, металлдық кабельдермен салыстырсақ бұл көрсеткіш 100-ге дейін барады, яғни экономикалық тиімділіктің жоғары екенін көрсетеді. Ұшқыш аппараттар, жүзу қайықтар және басқада мобильді құрылысында опто-талшықты кабельді қолдануда, себебі жеңіл, кіші көлемді болуы, өртенбеуі жағдайды оңайлатты.
ТОБЖ-ның қолдану орталары өте кең – қалалық жүйелерде, ауылдық байланыста, борттық комплекстерден (самолеттер, ракеталар, кемелер) бастап алыс қашықтыққа тарайтын жоғарғы сыйымдылықты байланыс жүйелеріне дейін. Көп жақты мақсатқа арналған бірыңғай интегралды жүйелер ТОБЖ базасында күннен күнге дейін дамып жатыр. Кабельді теледидар жүйелерінде опто-талшықты кабельді қолданудың болашағы өте жоғары.
Талшықтық-оптикалық байланыс желісі
Талшықтық-оптикалық байланыс желісі — талшықтық-оптика элементтері мен құрылғылары арқылы ақпарат беру жүзеге асырылатын оптикалық байланыс желісі. Басқа электр байланысы желілерінен ақпарат беру жылдамдығының жоғарлығымен (100 км-ден асатын қашықтыққа 107 — 109 бит/с), аз шығындалуына (инфрақызылтолқын аумағындағы ешу 1 дБ/км-дан аз) байланысты алыс қашыктыққа ақпаратты ретрансляторсыз жеткізу мүмкіндігімен, бір немесе көп тасымалдаушы толқындарда модуляциялаудың кең жолақтылығымен, талшық диаметрінің жіңішкелігімен, пайдалануға икемділігімен және арзандығымен ерекшеленеді.
...