Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Ток өткізгіш өзектер және олардың оқшаулағыштары

Автор:   •  Май 22, 2020  •  Реферат  •  918 Слов (4 Страниц)  •  677 Просмотры

Страница 1 из 4

Ток өткізгіш өзектер және олардың оқшаулағыштары

Телефон байланысын іске асыратын кабельдер бөлек-бөлек оқшауланған өткізгіштерден тұратын, электротехникалық өнім. Олар жұппен немесе төрттен бұралып, металдан, пластмассадан немесе металлопластмассадан жасалған саңылаусыз қабаттардың ішінде орналасады.

Кабельдерді төсеу тәсілдеріне байланысты қорғағыш қабатының сыртында қорғағыш жабындары болуы мүмкін.

Кабельдерді айырмашылықтарымен жіктегенде:

Тағайындалуына қарай - қалааралық, қалалық және селолық;

Құралымына қарай –симметриялық және коаксиальды. (әр жұпты талшықтарының диаметрі, оқшаулағышы және материалдары бірдей кабельді симметриялы кабель дейді; коаксиалдық кабельдердегі жұптар ішкі және сыртқы /құбыр тәріздес/ өткізгіштерден тұрады);

Қолдануға қарай – кабель канализациясына тартуға тікелей жерге салуға, су астындағы және әуе байланыс жолдарының тіректері мен тіреулерге ілетін кабельдер болады.

Қалалық телефон желісіндегі кабельдерді, оқшаулағыш тәсілдеріне, талшықтарды өзекке орау жүйесіне, қабаттарының түрлеріне және қорғағыш жабындарынан барлығы немесе жоқтығына қарай бөлінеді.

Телефон кабелінің өткізгіштерін, мыстан, алюминийден немесе олардың қоспаларынан жасайды. Бұл материалдардың жақсы электр өткізгіштік, сынбайтын және механикалық өте төзімділік қабілеттері бар. Мыстың өзіндік кедергісі 20 0С температура 0.0175 Ом мм²/м, ал алюмнийдікі сол температурада 0.295 Ом мм²/м, (яғни алюминий өткізгіштің кедергісі мыстыкінен 1.65 есе көп). Сондықтан тізбекте бірдей кедергі болу үшін, алюминий өткізгішінің диаметрін 1.28 рет ұлғайтады. Пайдаланатын талшықтардың диаметрлері мынадай болады, мм: мыс-0.32; 0.40; 050; 0.70, алюминий -0.51; 0.65; 0.77; 0.90; 1.15; 1.55. ҚТЖ-нің кейбір маркалы кабельдерінің талшық диаметрлері 0.8; 0.9 және 1.2 мм пайдаланылады.

Алюминийдің жақсы өткізгіштік, арзандық және жеткілікті екендігіне қарамастан, оны байланыс кабельдерінде талшық ретінде сирек қоданылады. Сонымен бірге, алюминий ауада тотығу қабыршағымен жалғау технологиясының процессін күрделендіреді. Келешекте талшықтары алюминий қоспасымен/алюминий, магний, кремний, темір/сол сияқты алюмомыспен қолдану көзделуде. Алюмомыс алюминий өзегінің үстінде жұқа қабат мыспен жабылған. Болат талшықтар кедергілерінің көптігінен байланыс кабельдерінде пайдаланбайды.

Гидрофобтық толтырғыш

Сыртқы ортадан дымқылданудан сақтау үшін кабельдерді көлденең герметизациялайды. Герметизацияның мындай түрлері бар:

 Жүрекшенің талшықтарының араларындағы бос орындарды гидрофобтық компаундымен толтыру;

 Кабель ұзындығы бойынша ішкі құрылысын дымқылдануға қарсы компаунд ерітіндісімен периодты түрде толтыру;

 Оқшауланған талшықтарға құрғақ ұнтақ толтыру, кабель ішіне дымқыл енгенде ісініп жүрекшенің бос көлемін толтырады, ол дымқылдың ары қарай таралуын тоқтатады;

 Кабель жүрекшесіне дымқыл тартқыш ленталарды және кордельдерді енгізу;

 Кабель жүрекшесін толтыруға мұнайда қолданылатын өнімдер – петролатунь немесе мұнай қоймалжыны, көбінесе полиэтилен қоспасы;

Отандық тәжірибе бойынша гидрофобтық толтырғыш ретінде МЗК (кабельді қорғағыш масса) парафин қоспасы барцеризин мен минеральды май және полиэтилен қоспасы бар негізгі МЗК толтырғышының құрамы:

100 оС, м2/С(Ст) кинематикалық қоюлығы - (25 – 28)10-6(0,25 – 0,28).

Тамшылау температурасы – 65 оС кем емес.

20 оС – дегі тығыздық, т/м3 (г/см3) – 0,86 – 0,88.

25 оС-де пенетрациясы, 01 мм – 50 – 150.

Ашық тиглде қарастырылатын темпераура өзгерісі – 220 оС кем емес.

20 оС меншікті көлемдегі электрлік

...

Скачать:   txt (13.7 Kb)   pdf (50 Kb)   docx (12.5 Kb)  
Продолжить читать еще 3 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club