Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Тотығу-тотықсыздану реакциялары: жіктелуі, реакцияның өту заңдылықтары. Электрондық баланс әдісі

Автор:   •  Октябрь 14, 2023  •  Реферат  •  1,114 Слов (5 Страниц)  •  301 Просмотры

Страница 1 из 5

[pic 2][pic 1]

Теория

 № 40 Тақырып

«Тотығу-тотықсыздану реакциялары: жіктелуі, реакцияның өту  заңдылықтары. Электрондық баланс әдісі»

Тотығу – тотықсыздану реакциялары дегеніміз — реакцияға қатысушы заттардың құрамындағы элементтердің тотығу дәрежелерінің өзгеруімен жүретін реакциялар. Бұл жағдайда кейбір бөлшектер электрондарды беріп, ал басқалары қосып алады.

Тотықтырғыш және тотықсыздандырғыш

Тотықтырғыштар – химиялық  реакция кезінде электрондарды қосып алатын бөлшектер (атомдар, молекулалар немесе иондар). Тотықтырғыштың тотығу дәрежесі төмендейді. Реакция нәтижесінде олар тотықсызданады.

Тотықсыздандырғыштар — химиялық реакция кезінде электронды беретін бөлшектер (атомдар, молекулалар немесе иондар). Тотықсыздандырғыштың тотығу дәрежесі жоғарлайды. Реакция кезінде олар тотығады.

ТТР – атомдардың тотығу дәрежелері өзгере жүретін реакциялары.

[pic 3]

[pic 4]

Тотықтырғыштар – химиялық  реакция кезінде электрондарды қосып алатын бөлшектер (атомдар, молекулалар немесе иондар). Тотықтырғыштың тотығу дәрежесі төмендейді. Тотықсыздану процесі жүреді.

Тотықсыздандырғыштар — химиялық реакция кезінде электронды беретін бөлшектер (атомдар, молекулалар немесе иондар). Тотықсыздандырғыштың тотығу дәрежесі жоғарлайды. Тотығу процесі жүреді.

Реакция нәтижесінде олар тотықсызданады.

Реакция кезінде олар тотығады

Мысалы: О20 +-  2О-2

Мысалы: S2- - 2e- → S0

Химиялық заттарды типтік тотықтырғыштарға, типтік тотықсыздандырғыштарға, тотықтырғыштың да тотықсыздандырғыштың да  қасиеттерін көрсете алатын заттарға бөлуге болады. Кейбір заттар іс жүзінде тотығу-тотықсыздану белсенділігін көрсетпейді.

Типтік тотықтырғыштарға:

  • Жай заттар – тотықтырғыш қасиеті басым бейметалдар (фтор F2, оттегі O2, хлор Cl2);
  • құрамында жоғары оң тотығу дәрежесі бар металл немесе бейметалл иондарынан құралған, күрделі заттар: қышқылдар (HN+5O3, HCl+7O4), тұздар (KN+5O3, KMn+7O4), оксидтер (S+6O3,  Cr+6O3)
  • тотығу дәрежесі жоғары қосылыстар  және кейбір металдардың катиондары:Pb4+, Fe3+, Au3+ және т.б.

Типтік тотықсыздандырғыштар:

  • жай заттар - металдар (металдардың тотықсыздандырғыштық қасиеті  электрохимиялық белсенділік қатарымен анықталады);
  • теріс тотығу дәрежесі бар бейметалл атомдары немесе иондары бар, күрделі заттар: бинарлы сутектік қосылыстар (H2S, HBr), құрамында оттегісі жоқ тұздар (K2S, NaI);
  • ең аз оң тотығу дәрежесіне ие  катиондары бар кейбір қосылыстар (Sn2+, Fe2+, Cr2+), олар  электрондарын беру арқылы өздерінің тотығу дәрежесін арттыра алады;
  • аралық  тотығу дәрежесіне ие бейметалдардан тұратын күрделі иондары бар қосылыстар (S+4O3)2–, (НР+3O3)2–, қосылыстың құрамындағы элементтер электрондарды беріп жіберу арқылы оң тотығу дәрежесін арттыра алады. 

Қалған заттардың көпшілігі тотықсыздандырғыш та тотықтырғыш та бола алады.

Заттар[pic 5][pic 6]

Типтік тотықтырғыштар

Типтік тотықсыздандырғыштар

-Жай заттар – бейметалдар: фтор F2 оттек O2, озон O3;

-Калийдің перманганаты KMnO4 калий манганаты K2MnO4, марганец (IV) оксиді MnO2;

-Калийдің дихроматы K2Cr2O7 калийдің хроматы K2CrO4;

-Азот қышқылы HNO3, конц. күкірт қышқылы H2SO4;

-Сутектің асқын тотығы H2O2;

-Мыс(II) оксиді CuO, күміс(I)оксиді Ag2O, қорғасын(IV)оксидіPbO2;

-Ауыр металдардың иондары(Ag+ Au3+)

-Темір(III) хлориді FeCl3;

-Гипохлориттер, хлораттар және перхлораттар;

- «Патша арағы»

- Электролиз кезіндегі анод

-Металдар, сутек;

-Көмір, көміртек (II) оксиді CO;

-Күкірт сутек H2S, күкірт(IV)оксиді SO2, күкіртті қышқыл H2SO3 және оның тұздары;

-Йодсутек HI, бромсутек HBr;

-Қалайы(II)хлориді SnCl2,  темір(II)сульфаты FeSO4,  марганец (II)сульфаты MnSO4, хром  (III) сульфаты Cr2(SO4)3;

-Азотты қышқыл HNO2, аммиак NH3,  гидразин N2H4, азот (II)оксиді NO

- Фосфорлы қышқыл H3PO3;

-Альдегидтер, спирттер, құмырсқа және қымыздық қышқылы, глюкоза;

-Электролиз кезіндегі катод

...

Скачать:   txt (16.3 Kb)   pdf (1.5 Mb)   docx (1.3 Mb)  
Продолжить читать еще 4 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club