Тотығу-тотықсыздану титрлеу
Автор: Mahabbat_2003 • Декабрь 21, 2021 • Контрольная работа • 1,427 Слов (6 Страниц) • 503 Просмотры
ТАҚЫРЫБЫ: Тотығу-тотықсыздану титрлеу. K2Cr2O7 калий дихроматының стандартты ертіндісін дайындау. Na2S2O3 натрий тиосульфатының молярлық концентрациясы мен титрін анықтау.
МАҚСАТЫ: Фармацевтика факультетінің студенттеріне арнайы кәсіби пәндерді оқып-үйрену үшін, сондай-ақ провизордың практикалық жұмысына қажет болатын тотығу-тотықсыздану титрлеу әдісінің теориясын және практикасын меңгеру.
ОҚЫТУДЫҢ МІНДЕТТЕРІ:
- натрий тиосульфаты жұмыс ерітіндісін дайындау, оның титрі мен эквивалентінің молярлық концентрациясын калий дихроматы стандарт ерітіндісі бойынша анықтау туралы түсінік қалыптастыру;
- тотығу-тотықсыздану титрлеу бойынша есептеулерді жүргізу принциптерін меңгеру;
- фармацевтикалық препараттарды сандық және сапалық бағалау үшін тотығу-тотықсыздану процестерін қолдана білуге үйрену.
ТАҚЫРЫПТЫҢ НЕГІЗГІ СҰРАҚТАРЫ:
1.
Әдістің мәні.
2.
Редокс әдістер. Тотығу-тотықсыздану реакцияларына қойылатын талаптар.
3.
Тотығу-тотықсыздану титрлеу әдісінің индикаторлары, оларға қойылатын талаптар.
4.
Тотығу-тотықсыздану титрлеу әдісінің қисығын тұрғызу.
5.
Тотығу-тотықсыздану титрлеу әдісінің артықшылықтары.
6.
Ионды-электронды схемалар әдісі (жартылай реакциялар), тотығу-тотықсыздану реакцияларын теңдестіру жолдары.
7.
Тотығу-тотықсыздану титрлеуі бойынша есептерді шығару принциптері
8.
ТТТ қолданылатын тура, кері, орынбасу титрлеу тәсілдері.
9.
Йодометрия тәсілі. Титранттарын даярлау. Әдістің артықшылықтары мен кемшіліктері.
Йодометриялық титрлеудің артықшылықтар мен кемшіліктері және оны фармацевтикалық талдауда қолдану.
САБАҚ БЕРУ ЖӘНЕ ҮЙРЕТУ ӘДІСТЕРІ:
- семинар;
- аз топтармен жұмыс орындау;
- есептер шығару;
- лабораториялық жұмыстарды орындау.
АҚПАРАТТЫ-ДИДАКТИКАЛЫҚ БЛОК
Тотығу-тотықсыздану титрлеу әдістері титранттың типі бойынша жіктеледі:
⬧ перманганатометрия – титрант ерітінді KMnO4
⬧ иодометрия – титрант ерітінді I2 және Na2S2O3
⬧ дихроматометрия – титрант ерітінді K2Cr2O7
⬧ нитритометрия – титрант ерітінді KNO2
⬧ броматометрия – титрант ерітінді KBrO3
⬧ цериметрия – тұздың титрант ерітінді Ce(IV)
Индикаторды таңдау титрлеу қисықтары мен әрекеттесетін заттардың потенциал мәндеріне байланысты. Титрлеу үшін қолданылатын тотығу-тотықсыздану реакциялары келесі шарттарды қанағаттандыруы тиіс:
а) реакция соңына дейін жүруі тиіс, қайтарымсыз болуы керек;
б) белгілі құрамы бар заттар түзіліп, тез жүруі тиіс;
в) эквиваленттілік нүктесі оңай анықталуы тиіс.
Анықтаулар үшін тура, кері және орынбасу титрлеу тәсілдері қолданылады.
Тура титрлеу ЭҚК0.4В болғанда жүргізіледі, бұл реакцияның қажетті жылдамдығы мен толық жүруін қамтамасыз етеді. Тура титрлеу тәсілімен мысалы, йод (титрант – натрий тиосульфаты ерітіндісі), темір(II) (титрант – калий перманганаты) және т.б. анықталады. Кері титрлеу жәй жүретін тотығу-тотықсыздану реакцияларында қолданылады. Бұл жағдайда титрленетін қоспаға I титранттың артық мөлшері қосылып, белгілі уақыттан кейін (реакция толық жүру үшін) I титранттың
...