Тотықсызданған элементтер жиынтығының маусымдық құбылымы
Автор: RysgulKamara • Апрель 13, 2018 • Реферат • 1,030 Слов (5 Страниц) • 781 Просмотры
КҮРІШТІ КӨШЕТТІ ТЕХНОЛОГИЯМЕН ӨСІРУДІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Аннотация: Мақалада күріш егістігін алдын ала суға бастыру жағдайындағы дақылды көшеттік технологиямен өсірудің ерекшеліктері қарастырылған. Топырақтағы тотықсызданған элементтер жиынтығының маусымдық құбылымының талдау нәтижелері келтірілген. Сонымен қатар күріш өсірудің көшетті технологиясының артықшылығы сипатталды. Топырақтардың құрамындағы тотықсызданған элементтер жиынтығының вариациалық-статистикалық көрсеткіштерінің нәтижелері талданды. Оттегі жетіспеушілігінің шарықтау мерзімі анықталды. Күріш өсірудің дәстүрлі технологиясының кемшілігі, топырақтағы құбылымдарға әсері сипатталды. Эксперименттік тәжірибенің нәтижелері топырақты алдын ала суға бастыру тәсілінде, дәстүрлі күріш өсіру тәсіліндегі пайда болған кері әсерлерді жояды. Яғни, топырақ құрамындағы оттегінің жетіспеушілігінен тұқымның далалық өнгіштігінің күрт төмендеуін бәсеңдетіп, топырақтың құнарлылығы мен күріш өнімділігін әлдеқайда арттыру мүмкіндіктерін туындатады деген қорытындыға келуге болады.
Түйін сөздер: тотықсызданған элементтер, көшетті технология, нитраттар, алдын ала суға бастыру, топырақтың құнарлылығы.
Күріш егістігін алдын ала суға бастырған жағдайдағы топырақтағы процестер мен режимдердің өзгеру ерекшеліктерін және олардың топырақ құнарлылығына әсерін зерттеу, күріш дақылының өнімділігіне зиянды әсер ететін мерзімдерін анықтау, топырақты алдын ала суға бастыру арқылы күрішті көшеттік технология мен егу қазіргі таңда маңызды мәселелердің бірі.
Топырақты күріш дақылын еккенде ұзақ уақыт суға бастыру, ондағы процестердің бағыттарын өзгертеді. Күріш топырақтарын суға бастырғаннан кейін ондағы процестердің өзгеріп отыруы оның тотығу-тотықсыздану потенциалына бағынышты екендігінде. Күріш егістігін суға бастыру кезінде топырақ құрамындағы ауаны судың ығыстырып шығаруы арқасында онда ауа, әсіресе оттегі жетіспеушілік орын алады да тотықсыздану процессі дами түседі. Топырақ құрамында неғұрлым органикалық заттар көп болса соғұрлым оттегі жетіспеушілік байқалады.
Егістікті суға бастырғаннан кейін топырақта еріген оттегінің мөлшерінің көтерілуімен тотықсызданған процесстер дамиды, бұл процесс кезінде 100-120 кг таза азотқа тең келетін 400-500 кг/га нитраттар тотықсызданады Топырақтағы тотықсызданған процестер негізінен ондағы органикалық заттардың сапасы мен санына бағынышты болады. Егер топырақта тамыр және өсімдік қалдықтары аз сақталса онда тотықсызданған процестермен бірге оның гумустық жағдайының бұзылуы, топырақтың құрылымы және оның физикалық жағдайы төмендейді [1].
Күріш атызы суға бастырылғаннан кейін топырақта судағы еріген оттегінің қарқынды жұмсалуынан тотықсызданған процестер үдей бастайды. Бұл уақытта трансформация процесі қарқынды дамиды, яғни ауыспалы валентті элементтер тотықсызданады. Су астындағы топырақтарда оттегі жетіспеген жағдайда ең бірінші болып тотықсызданатын нитраттар. Олар бұл жағдайда нитритке дейін тотығады және де азот газы түрінде ауаға ұшып кетеді. Тотығу тотықыздану потенциалының төмендеуінен марганец және темір екі валенттіге дейін тотығады, сульфаттардан сульфиттер түзіледі [4].
Топырақта болып жатқан тотығу тотықсыздану процесінің қарқындылығына жұмсалатын оттегінің мөлшерінің маусымдық құбылымын анықтау үшін біз арнайы ыдыстарда төменде көрсетілген схема бойынша вегетациялық және далалық тәжірибе жүргіздік.
Күріш топырағының түзілуіндегі ең бір негізгі процессі болып табылатын тотығу – тотықсыздану процесінің қарқындылығын топырақ құрамындағы тотықсызданған элементтердің жалпы жиынтығын қайта тотықтыруға кететін оттегінің мөлшерін анықтауға негізделген Б.А. Неунылов ұсынған әдіс бойынша анықтадық [3].
Статистика ғылымында зерттелуші кездейсоқ
...