Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Сутегі, сутегі пероксиді, физикалық химиялық қасиеттері

Автор:   •  Октябрь 12, 2022  •  Реферат  •  2,745 Слов (11 Страниц)  •  437 Просмотры

Страница 1 из 11

                                                   [pic 1]

                 Қазақстан Ресей Медициналық Университеті

Тақырыбы:   Сутегі, сутегі пероксиді,  физикалық химиялық қасиеттері.

                                                       Дайындаған:Рахметова.А

                                                                             Тексерген:Тулегенова.Г

                                           

                                           Алматы,2021ж

Жоспары

I.Кіріспе

Сутек

Алу тәсілдері

ІІ.Негізгі бөлім

Физикалық және химиялық қасиеті

Сутектің изотоптары

Сутек пероксиді

ІІІ.Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Табиғатта сутек бос және қосылыс күйінде болады. Күллі әлемді алатын болсақ, мұнда сутек ең көп тараған элемент. Күн бетін, жұлдыздарды, спектроскоппен, ал жұлдыз аралығындағы кеңістіктерді радиотелескоп жәрдемімен қарап зерттегенде барлығында да сутектің өте н көп екендігіә білінеді. от Сутек бос күйде атмосфераның жоғарғы қабаттарында өте аз мөлшерде кездеседі. Жанар таулардың мұнай қазба құбырларынан шығатын газдардың құрамында болады. Косылыстардың құрамындағы сутекті есептемесе, жердегі сутек өте сирек элементтердің бірі болар еді. Ал қосылыстардың құрамында химиялық байланысқан түрде көп сутек бар, мысалы, судың салмағының 11%, саз балшықтың 1,5% сутек үлесіне келеді. Оттек өсімдіктер мен жануарлар денесінде, мұнайда, табиғат газдарында, кейбір минералдарда химиялық қосылысқантүрде болады. Жер қыртысы үш қабатының (атмосфера, гидросфера, литосфера) жалпы салмағының 1 пайызы сутек.Ертеде адам баласы ауадан басқа газды білмейтін. Неміс дәрігері Парацельс (XVI ғасыр) күкірт қышқылына темір салса бір "жанғыш ауаның" бөлініп шығатынын байқаған. Ағылшын химигі әрі физигі Роберт Бойль (1660 ж.) темір қиқымын күкірт қышқылымен әрекеттестірin, одан бөлініп шыққан "жанғыш ауаны" бөлек жинап алып, жағып көрген; оның жанғанда қопарылыс беретіні де белгілі болды. Бірақ бұл ғалымдар қолдарындағы зат жаңа элемент екендігїн, оның қасиеттерін, жанғанда қандай затқа айналатынын білмеген. Бұл мәселелерді ағылшын химигі Генри Кавендиш (1766 ж.) шешті. Бұл газ жанғанда cy түзілетін болғандықтан бері келе оныгидрогениум" (гректің "Людор" - су, "генан'- туғызамын деген сөздерінен) сутек деп атаған. Біз бұл кітапта газ затымен алғаш кездесіп отырмыз. Соған байланысты айта кететін нәрсе - газ деген сөзді ғылымға кіргізген XVПI ғасырдың алхимигі Ван-Гельмонт болатын, содан кейін Р.Бойль ол газдарды ыдысқа жинап сақтаудың әдісін тапты (7.1.-сурет). пикод поді метан мүн омонд жәтqіме 7.1.-Сурет. Сутек алудың алғашқы қарапайым аспабы Ол әдіс оңай ғана әдіс еді - ішіне күкірт қышқылы құйылып, темір шегелер салынған бөтелкені аз ғана күкірт қышқылы бар ыдысқа төңкерсе, бөлініп шыққан көпіршіктері жоғары көтеріліп, қышқылды ығыстырып, бөтелкенің ішін толтырады. Одан кейін Гельс газ алынатын жер мен газ жинайтын жердің арасын болді. Бұл принцип осы күнге дейін лабораторияларда сақталып келеді.

Сутекті алатын сарқылмас қор - су. Бұл мақсатта суды көбіне таза түрде, кейде қышқыл немесе сілті ерітіп пайдаланады. Сутекті осы кезде табиғи газдардан да алатын болды.Сутекті алудың тәсілдерін ғылыми негізі жағынан химиялық, физикалық және электрохимиялық деп үшке бөлуге болады. Су молекуласындағы сутек оттекпен өте берік қосылысқан. Судың бір молін (бу күйінде)айыру үшін 242,6кДж керек. Демек, сутегін айырып алу үшін сумен реакцияластыратын затымыздың оттекпенен қосылғыштығынан басым болуы қажет. Ондай заттар актив металдар мен оң зарядтылығы соларға жуык көміртек сияқты бейметалдар. Судағы сутек электронсыз ион Н күйіне жақын болады, сондықтан оң зарядтылығы күшті элементтер H ионына электрондарын беріп, оны бейтарап атомға айналдырады. Судағы сутекті бөліп алудың химиялык негізі осы. Техникада әсіресе аммиак синтездеуде сутек алу үшін көп қолданылатын химиялық әдістердің бірі - конверсия тәсілі. Өте қызған (1000°С шамасы) көмір бетімен су буын өткізсе, мынадай реакция жүреді:

...

Скачать:   txt (34.9 Kb)   pdf (162.7 Kb)   docx (25.6 Kb)  
Продолжить читать еще 10 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club