Катиондарды талдаудың қышқылды-негіздік жүйесі
Автор: bauka_00 • Февраль 11, 2019 • Лабораторная работа • 798 Слов (4 Страниц) • 2,169 Просмотры
Мазмұны:
- Зертханалық жұмыс атауы
- Жұмыстың мақсаты
- Теориялық негіздері
- Қолданылатын қондырғылар және реагенттер
- Жұмыс барысы
- Эксперименттік мағлұматтар, бақылау нәтижелері және есептеулер
- Нәтижелерді талқылау
- Қорытынды
- Пайдаланған әдебиеттер тізімі
1 Зертханалық жұмыс
Катиондарды талдаудың қышқылды-негіздік жүйесі.
I-II –аналитикалық топ катиондарының жалпы және
жеке реакциялары.
Жұмыстың мақсаты:
Катиондарды қышқылды-негізді жіктеу судағы хлоридтердің,сульфаттардың және гидроксидтердің, сілтінің артық мөлшердегі ерекшелігіне негіздеу.
Теориялыық негіздері:
Катиондардың аналитикалық талдауы. Катиондардың бірінші аналитикалық тобы.
1. Катиондардың аналитикалық классификациясы
Бейорганикалық заттардың сапалық анализі катиондар және аниондар анализі болып бөлінеді. Катиондар 5 аналитикалық топқа бөлінеді де, бірінші топ катиондарынан басқа әр топтың өзіндік топтық реагенті болады. Катиондардың классификациясы 1 кестеде келтірілген.
1 кесте. Катиондардың аналитикалық классификациясы
(NH4)2CO3
NH4OH және NH4Cl қатысында
Ba2+, Ca2+, Sr2+
Үшінші
(NH4)2S немесе H2S
NH4O және NH4Cl қатысында
Al3+, Cr3+, Fe3+, Fe2+, Mn2+, Zn2+, Ni2+, Co2+
Төртінші
HCl қатысында H2S
I топша: Ag+, Hg2+, Pb2+
I топша: Hg2+, Pb2+, Ba2+, Cu2+, Cd2+
Бесінші
HCl қатысында H2S, түзілген тұнбаны Na2S немесе K2S ерітуі
As3+, As5+, Sb3+, Sb5+, Sn2+, Sn4+
2. Аниондардың классификациясы
Аниондардың классификациясы 2 кестеде келтірілген.
2 кесте. Аниондардың аналитикалық классификациясы
SO4 2-, SO3 2- ,
СO32-, РO43-,
SiO3 2-
Екінші
AgNO3 күміс нитраты HNO3 қатысында
С1- , Вг- , I-, S2-
Үшінші
Топтық реактив жоқ
NO3-, NO2-,
CH3COO-
Бірінші топ катиондарының реактивтері
Натрийдің кобальтинитриті – натрий (III) гексанитрокобальтатыNa3[Co(NO2)6]. Бұл комплексті тұз, келесі теңдеу арқылы диссоциацияға ұшырайды:
Na3[Co(NO2)6] ↔ 3Na+ + [Co(NO2)6]3 -.
Бұл комплексті тұз суда жақсы ериді, бірақ келесі тұздары ерімейді: K2Na[Co(NO2)6], K2Ag[Co(NO2)6], K3[Co(NO2)6], (NH4)3[Co(NO2)6], (NH4)2Ag[Co(NO2)6], (NH4)2Na[Co(NO2)6]
Натрийдің кобальтинитриті аммоний иондары жок ерітіндіде калий иондарын анықтау үшін қолданады.
Натрийдің гидротартраты NaHC4H4O6. Бұл вин қышқылының H2C4H4O6 тұзы, келесі теңдеу арқылы диссоциацияға ұшырайды:
NaHC4H4O6 ↔ Na+ + HC4H4O6-,
HC4H4O6- ↔ H+ + C4H4O62-.
Магний және натрий гидротартраты суда ериді, ал калий және аммоний гидротартраты ерімейді. Сондықтан да натрий гидротартраты әлсіз сірке немесе бейтарап ортада аммоний катионы жоқ ерітіндіден калий иондарын анықтауға қолданылады.
Магний – уранил – ацетат Mg[(UO2)3(CH3COO)8] және цинк – уранил – ацетатZn[(UO2)3(CH3COO)8]. Осы реактивтер арқылы натрий ионын анықтауға болады.
...