Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Күріш қалдығынан көмірсу ақуызды кешен алу

Автор:   •  Апрель 3, 2022  •  Статья  •  870 Слов (4 Страниц)  •  180 Просмотры

Страница 1 из 4

   

   КҮРІШ (ORYZA) ӨСІМДІГІНІНІҢ ҚАЛДЫҒЫНАН КӨМІРСУ-АҚУЫЗДЫ КЕШЕН АЛУ

                                   

                                            Әбділда А.Ж.

                    Ғылыми жетекші.х.ғ.д.,проф.Бурашева Г.Ш.,

         

          Әл-фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті,химия және химиялық                                                                    

                                              технология  факультеті

                 І

                                             almatabdilda2000@mail.ru

Күріш ( Oryza) – астық тұқымдасына жататын бір немесе көп жылдық өсімдік.

 Күріш өндірісінің бәсекеге қабілеттілігін және алынған өнімдердің сапасын арттыруда ұсақталған күріштен крахмал өнімдерін алу үшін терең өңдеу мен оның қалдықтары өндірісінің маңызы зор. Күріш салысын өңдеу кезінде 30%-ға дейін күріш қалдығы болады.

Зерттеу нысаны: Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданынан қыркүйек айында, дақыл берген кезінде жиналған үстінгі бөлігінің қалдығы.

Өсімдік шикізаттарының сапалылығын анықтау үшін XI Мемлекеттік Фармокопиялық әдістемесі бойынша келесі көрсеткіштер анықталды:шикізаттың ылғалдылығы, күлділігі және экстративті заттар.  Kүріш қалдығының ылғалдылығы- 6,15%,күлділігі -10,95%, экстративті заттар 30% этанолда –21,3, 50% этанолда-19,5, 70% этанолда-32,4  .                      

Зерттеу нәтижелері; Kүріш қалдығының күлділігі жоғары және, ал ылғалдылығы төмен екенін көрсетеді.Экстрактивті заттарды сараптау үшін 70% этил спиртін пайдаланған

кезде, спиртке өткен биологиялык белсенді заттардың мөлшері артты. Бұл

Күріш өсімдігінің құрамындағы биологиялық белсенді заттарды бөліп

алу үшін 70%-ды этил спирті тиімді екенін көрсетті.Сол себепті сапалық және сандық сараптаулар 70%-ды сулы-спиртті ерітіндімен жүргізілді. Зерттеу нәтижесінде 70%-ды суды-этанол сығындысының (шикізат:экстрагент -1:6(8) экстракция уақыты - 3 күн (72 сагат), болме температурасында) құрамында ББЗ-дын мөлшері жоғары болатыны белгілі болды.

Өсімдік шикізатының құрамында органикалық қосылыстармен қатар

минералды заттар да көптеп кездеседі.Өсімдіктерде микроэлементтердің жиналуы топырақтың түріне, оныңорналасуына, климаттық жағдайларына, өсімдік түріне, сортына және вегетацияcына сатысына, суару көздеріне және т.б. факторларға байланысты болады.

Қазіргі уақытта тіршілік әрекеті үшін қажетті 14 микроэлементтер танылған: темір, мыс, марганец, цинк, кобальт, йод, фтор, молибден, ванадий, никель, стронций, кремний және селен. Олар ферменттердің белсенділігін арттырады, биохимиялық процестерді катализдейді, көмірсулар, ақуыздар және дәрумендер синтезіне септігін тигізеді, сонымен қатар заттардың алмасуына қатысады. Микроэлементтер өсімдік препараттарының құрамына кіріп, олардың

белсенділігіне әсерін тигізетіні белгілі. Микроэлементтер - адам және жануарлар ағзасында өте аз мөлшерде болатын химиялық элементтер тобы.

Күріш қалдығының құрамындағы минералды заттар мөлшері: темір-10,5088 мкг/мл, мыс-0,8311 мкг/мл, марганец-2,1372 мкг/мл, цинк-1,8704 мкг/мл, йод-210,125 мкг/мл, никель-0,1725 мкг/мл, калий-679,10 мкг/мл,қорғасын-0,0950 мкг/мл, кадмий-679,10 мкг/мл,кальций-204,020 мкг/мл,натрий-928,59 мкг/мл.

 Күріш қалдығының құрамындағы дәрумендер мөлшері .Күріште майда еритін дәрумендер жоқ. Бұл өнімде тек суда еритін дәрумендер бар: Е дәрумені (токоферол) — ағзаның зат алмасу үдерісіне және көбеюіне әсер етеді. Күріш қалдығы құрамынан  E дәрумені, (215,0 ±10,8)мкг анықталды. В1 дәруменi (тиамин ) ағзада дұрыс зат алмасуы үшін  аса қажет. Дәрумен жетіспегенде шаршағандық сезіліп, ас қорыту процесі бұзылады.  Күріш қалдығында Дәрумен B1(72,85± 3,64 )мкг, Витамин B2,(39,11±1,96)мкг, Дәрумен B3, (2,63±0,13)мкг,Дәрумен  B5(66,13±3,31)мкг,Дәрумен  B6(23,00±1,15 ) мкг дәрумендері  анықталды. Өсімдік құрамында E дәрумені, (215,0 ±10,8)мкг көп мөлшерде екендігі мәлім болды

...

Скачать:   txt (9.2 Kb)   pdf (132.8 Kb)   docx (10.7 Kb)  
Продолжить читать еще 3 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club