C. ferganica өсімдігінен көмірсу-ақуызды кешенді алу жолын ұсыну
Автор: Ayzok • Январь 1, 2019 • Дипломная работа • 7,250 Слов (29 Страниц) • 775 Просмотры
Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
Химия және химиялық технология факультеті
«Қорғауға жіберілді»
Органикалық заттар, табиғи қосылыстар және
полимерлер химиясы мен технологиясы
кафедрасының меңгерушісі,
х.ғ.д., профессор Г.А. Мун
«___»__________2017 ж.
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: «C. ferganica өсімдігінен көмірсу-ақуызды кешенді алу жолын ұсыну»
5В072100 – «Органикалық заттардың химиялық технологиясы»
мамандығы бойынша
Орындаған А.С.Нағашыбаева
Ғылыми жетекшісі Г.Ш. Бурашева
х.ғ.к., доцент
Норма бақылаушы Г.Ж. Кайралапова
х.ғ.к., аға оқытушы
КІРІСПЕ
Жұмыстың жалпы сипаттамасы: Бұл жұмыста Climacoptera ferganica өсімдігінің химиялық құрамы зерттеліп, көмірсу-ақуызды кешен алудың технологиясын және де хромотографиялық анықтау жолдары жасалды.
Жұмыстың өзектілігі: Қазақстан флорасы алуан түрлі өсімдіктерге бай, бірақ солардың көпшілігі әлі медицинада өз орнын тапқан жоқ, сондықтан жаңа биологиялық белсенді кешен тауып оны отандық медицинаға ұсыну өзекті мәселе.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау үжымының мәліметі бойынша алдағы он жыл ішінде халықты дәрімен қамтамасыз етуде өсімдіктерден алынған препараттардың үлесі 60%-дан астам болуы мүмкін. Қазақстан Республикасы территориясында алты мыңнан астам өсімдік түрлері кездеседі, олардың көпшілігінен қажетті дәрілер өндіруге болады. Осы уақытқа дейін олардың тек 130 түрі ғана дәрілер өндіру үшін шикізат ретінде пайдаланылады. Дәрілік өсімдіктің вегетативтік мүшелерінің анатомиялық диагностикалық белгілерін анықтау шикізатты фармакологияда пайдалануға іріктеп алу сапасын жоғарылатады.
Қазақстан флорасы пайдалы өсімдіктерге, оның ішінде ерекше маңызды болып саналатын дәрілік өсімдіктерге өте бай. Бұлардан жасалатын препараттардың тиімділікке айналғаны белгілі. Соның нәтижесінде бүл күнде фитотерапия айтарлықтай дамып отыр. Соңғы кезде кейбір дэрілік өсімдіктер ысыраппен пайдаланудың нәтижесінде жойылудың шегінде немесе мүлдем жойылған. Осыған байланысты біз тек дэрілік өсімдіктерді пайдаланып қана қоймай, оларды қорғауды да насихаттауымыз керек. Дәрілік өсімдіктер — қазіргі кезге дейін әртүрлі дәрілік препараттар алатын шикізаттың негізгі көзі болып табылады. Қазіргі кезде олардан 40 %-ға жуық дәрілік заттар жэне препараттар алынады. Адам ағзасындағы ауыр, қатерлі ауруларын емдеуде өсімдіктерден жасалған препараттар кеңінен қолданылуда.
Осы негіздерге сәйкес, халық медицинасының дамуы, өсімдік құрамы мен түрлерінің зерттелуіне алып келеді. Сол себепті өсімдіктердің әртүрлі қасиеттерінің зерттелуі қазіргі таңда қолға алынуда, олардың негізгі қасиеттерінің бірі биологиялық активтілігі. Өсімдік құрамында биологиялық активті заттардың болуы оның әртүрлі дәрілік қасиеттерінің әсерін кеңейтеді. Өсімдік шикізатындағы биологиялық активті заттардың ішінде негізгі орын алатыны көмірсу-ақуызды кешен бойынша көмірсулар және ақуыздар болып табылады.
Негізінен көмірсу-ақуызды кешен бойынша көмірсулар және ақуыздар өсімдік ағзасында барлық метаболитикалық процестерге қатысады. Олар өсімдікті әртүрлі жағымсыз факторлардан қорғаумен ерекшеленеді. Адам ағзасына көмірсулар мен ақуыздарға бай өсімдік шикізатын қолдану көптеген әр түрлі ауруларға қарсы көмектеседі. Жалпы, көмірсулар адам ағзасына нәруыз бен майлардың дұрыс алмасуына қажет. Олар нәруыздармен қосылыстарда кейбір гормондар, ферменттер, сілекей секреттері мен басқа да маңызды қосылыстар түзеді. Ақуыздар – азықтың құрамына кіретін бүкіл тірі организмнің негізгі қорегі. Ол жасуша протоплазмасын құрумен қатар, организмдегі көптеген тіршілік құбылыстарына – тамақтану, өсу, көбею, тітіркену, қозғалу, тыныс алу процестеріне тікелей қатысады. Адам тәулігіне, шамамен, 100 г ақуыз қабылдауы керек. Сонымен қатар, азықтың құрамына кіретін бүкіл тірі организмнің негізгі қорегі. Ол жасуша протоплазмасын құрумен қатар, организмдегі көптеген тіршілік құбылыстарына – тамақтану, өсу, көбею, тітіркену, қозғалу, тыныс алу процестеріне тікелей қатысады.
...