Мұнай химиялық өнеркәсіпте катализатор негізінде Павлодар алюминий зауытының қалдықтарын қолдану
Автор: Kamshat Zhandosova • Сентябрь 13, 2018 • Дипломная работа • 14,207 Слов (57 Страниц) • 897 Просмотры
Қaзaқcтaн Pecпyбликacының Бiлiм жәнe ғылым миниcтpлiгi
Пaвлoдap мeмлeкeттiк пeдaгoгикaлық университеті
Әбшүкір Н.Ж.
Мұнай химиялық өнеркәсіпте катализатор негізінде Павлодар алюминий зауытының қалдықтарын қолдану
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
5В011200 «Химия» мaмaндығы
Пaвлoдap 2018
Қазақcтан Реcпyбликаcының Білім және ғылым миниcтрлігі
Павлодар мемлекеттік педагогикалық университеті
География және химия кафедраcы
«Қорғаyға жіберілді»
________Кафедра меңгерyшіcі Р.Ж. Муканова
________ 2018ж.
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫC
Тақырыбы: «Мұнай химиялық өнеркәсіпте катализатор негізінде Павлодар алюминий зауытының қалдықтарын қолдану»
5В011200 «Химия» мамандығы бойынша
Орындаған: Н.Ж.Әбшүкір
Ғылыми жетекші
т.ғ.д. профессор Ж.К. Шоманова
Павлодар 2018
Мазмұны Кіріспе 1 Павлодар алюминий зауытының жалпы сипаттамасы. Өндіріс қалдықтары 1.1 Металлургия өнеркәсібінің қалдықтары 1.2 Металлургия өнеркәсібінің қалдықтарының құрамы 1.3 Металлургия өнеркәсібінде қалдықтарды қолдану тәсілдері 1.4 Қалдықтарды катализатор ретінде қолдану 2 Павлодар алюминий зауытының күл шлам жинағышының үлгілеріне элементтік талдау 2.1Қалдықтарды іріктеу әдістері 2.2 Элементтік талдау 2.3 Қауіптілік класстары Қорытынды Пайдаланылған әдебиеттер тізімі | 3 6 6 13 17 21 23 23 23 40 54 58 |
Кіріспе
Шешілетін ғылыми мәселенің қазіргі жағдайын бағалау. Павлодар алюминий зауыты Қазақстанның металлургия алпауыттарын технологиялық ыдыспен толық қамтамасыз етіп отыр. Осылайша кәсіпорын ферроқорытпа және алюминий өндірісіндегі отандық үлесті арттырып келеді. Жоба технологиялық сынақтан өтіп, бәсекеге қабілеттілігін дәлелдеді. Отандық өнімнің артықшылығы көп. Шетелдік баламасына қарағанда қолданылу мерзімі ұзақ. Осыдан екі жыл бұрын алюминий зауытының мамандары Қытайдан алынатын құйма қалыптарды өзіміз шығарсақ деген ой тастаған. Олар тәжірибе ретінде құйма-механикалық цехта сұйық алюминий құйылатын ыдыстардың алғашқы үлгілерін жасап көреді. Мұнымен қоймай металлургтер құймақалыптың ортасындағы термоциклдік жүктемені төмендете отырып, қалыптың формасын өзгерткен. Жаңашылдық қолдауға ие болды. Өйткені бұрынғы қалыптар жоғары температураға шыдамай жарылып кететін. Ал отандық өнімнің сапасы жоғары, қолданылу мерзімі 6 айға ұзарған.[1]
Құю-механикалық цехында бастапқы сұйық алюминий құйылатын құмақалыптар мен әртүрлі формадағы қалыптар өндірістік жолға қойылған. Жылына шамамен 130 тонна технологиялық ыдыстар жасау жоспарда. Конструкторлар металлургия саласына қажет тағы бір тың жобаны игеру үстінде. Мамандар феррохром құйылатын табандықтардың үлгісін жетілдірген.
Басқа металл қорытпасына арналған үздік технология қолданылып жасалған ыдыстардың жобасы жасалып жатыр. Олардың да қолданылу мерзімі ұзақ болады және ферроқорытпаның өзіндік құнына оң әсерін тигізеді. Өндірістік қуаттылықтың артуы энергорестурстар көлемін ұлғайтуға міндеттейді. Бүгінгі таңда кәсіпорында ірі инвестициялық жоба жүзеге асып жатыр. Құны 800 миллион теңгеден асатын 13 буландырғыш батареяның құрылысы аяқталуға жақын.
...