Катиондарды аналитикалық
Автор: Perizat18 • Март 30, 2020 • Контрольная работа • 310 Слов (2 Страниц) • 953 Просмотры
Катиондарды аналитикалық топтарға жіктеу олардың тұздары мен басқа қосылыстарының ерігіштігіне негізделген. Жіктеу түріне байланысты әр түрлі жүйелік анализ әдістері пайдаланады.
Ең көп таралған күкіртсутектік, аммиакты-фосфаттық және қышқылдық-негіздік әдістер. Ең алғашқы әдіс – күкіртсутектік әдіс, 1871 жылы орыс ғалымы М. О. Меншуткин ұсынған. Әдістің негізіне катиондар сульфидтерінің орта рН-на байланысты әр түрлі ерігіштігі салынған (кесте 3.2). Аммиакты-фосфаттық әдіс - катиондар фосфаттарының әр түрлі ерігіштігіне (кесте 3.3), қышқылдық-негіздік әдіс - гидроксидтер мен тұздардың әр түрлі ерігіштігіне (кесте 3.4) негізделген.
Катиондардың күкіртсутектік әдіс бойынша жіктелуі
Кесте 3.2
Аналитикалық
топ Катиондар Топтық реагент Түзілетін қосылыстар ерігіштігі
І К+, Na+, Lі+,
NH4+, Мg2+ Жоқ Сульфидтері, карбонаттары*, хлоридтері, гидроксидтері* суда жақсы ериді
II Ва2+, Sг2+, Са2+ (NН4)2СO3 ,
NH3•Н2О+ NН4Cl
рН=9,25 Карбонаттары суда ерімейді
III Fе2+, Fе3+, Сг3+, А13+, Мn2+, Ni2+ , Zn2+, Со2+ (NН4)2S, NH3 • Н2О+NH4С1
рН = 9,25 Сульфидтері суда ерімейді**, ал сұйытылған қышқылдарда ериді
IV Сu2+, Нg2+, Ві3+, Sn2+, Sn (IV), SЬ (III), SЬ (V), Аs (III), Аs (V) Н2S, НС1
рН = 0,5 Сульфидтері суда** және сұйытылған қышқылдарда ерімейді
V Аg+, РЬ2+, Нg22+ HCl Хлоридтері суда және сұйытылған қышқылдарда ерімейді
*— Mg2+ басқа
**— Сг3+, А13+ сульфидтері суда ыдырайды
Катиондардың аммиакты-фосфаттық әдіс бойынша жіктелуі
Кесте 3.3
Аналитикалық
топ Катиондар Топтық реагент Түзілетін
...