Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

А.Адлердің аналитикалық жекедаралық психокоррекциясы

Автор:   •  Декабрь 13, 2018  •  Реферат  •  2,856 Слов (12 Страниц)  •  3,033 Просмотры

Страница 1 из 12

                      Қазақ инновациялық гуманитарлық – заң университеті

                                           Гуманитарлық факультет

      СОЖ №3

        Тақырыбы: А.Адлердің аналитикалық жекедаралық психокоррекциясы

Орындаған: Капышева А.К.

Тексерген: Сарбасова Г.Ж.

                                       

                                                      Семей 2018 жыл

Альфред Адлер - Аустрия психологі, психоаналитикалық бағыттың өкілі. Вена педагогикалық институтының (1915 жылы), Колумб университетінің (1929, Нью-Йорк) профессоры. Адлердің психологиялық тұжырымы Зигмунд Фрейдтің психоанализміне біршама жақын. “Күйгелек мінез” (1912), “Дара өзгешеліктер психологиясының практикасы мен теориясы” (1920), “Адамтану” (1927жылы), “Өмірдің мән-мағынасы” (1933 жылы) т.б. еңбектерінде Адлер әр адам өзінің туа біткен кемістігін үнемі сезінеді, бұл жәйт оны басқа біреуден өзін артық деп ұғынуға, кемістігінің орнын толтыруға айрықша жұмылдырады, оған өктемдік жүргізуге итермелейді дейтін идеяны уағыздайды. Ол саналылық пен санасыздықтың арасында елеулі шегара жоқ, жан қуаттары бір-бірімен тығыз байланысты, адам ішкі дүниесін түгелдей негізгі мақсатына жету үшін жұмсайды дейді. Адлер өмірлік стиль, түс көру, неврозды зерттеуге елеулі үлес қосты. Отбасындағы әр жастағы балалардың бір-бірімен қарым-қатынасын, олардың жеке басын қалыптастыруда тәрбие тәсілдерінің әсерін зерттеді. Адлер психологиядағы жаңа ағым — жаңафрейдшілдіктің тууына ықпал етті. Фрейдің адам мінезінің қалыптасуында алғашқы бес жыл ерекше орын алады дейтін тұжырымын жақтады. Адлер адам психологияның қалыптасуында шешуші рөл атқаратын тарихи-әлеуметтік факторды есепке алмады.

А.Адлердің ойынша, адам біртұтас ағза ретінде қарастырылады. А.Адлер психологиясының негізгі алғышарты - оның өз теориясына “индивидуалды психология” түсінігін енгізуі (лат. “іndіvіdum” - “бөлінбейтін”). Индивидиум дене мен ми арасындағы байланыстың қатынасында да, психикалық өмірлік қатынаста да бөлінбейтін біртұтастықты құрайды. Адлердің негізгі принципі индивидуалды өмір стилінің бірлігі, бүтіндігі, әлеуметтік қызығушылықтар, қоғамдық сезім, іс-әрекеттің мақсатқа жетудегі бағыныштылығы болып табылады. А.Адлер бойынша, адамдар әрқашан жетуге құштарланады, олар әрқашан алдыға жылжиды, мақсаттарды жүзеге асыруға тырысады. Оның ойынша, барлық адамдар шығармашылық күшке ие және осы шығармашылық күш адамның әрбір тәжірибесіне әсерін тигізеді. Ол әрбір адамды өзін-өзі анықтаушы индивидиум, өз өмірінің сәулетшісі қылады. “Индивидуалды психология” индивидиумды қоғамға қосылған қоғамның бір бөлігі ретінде қарастырады және зерттейді. А.Адлер теориясының басты мақсаты - адамның барлық жүріс-тұрысы әлеуметтік ортада болғандықтан, адам табиғатының мәнін түсіну тек қана әлеуметтік қатынастарды түсінгеннен кейін барып қалыптасатындығын дәлелдеу. З.Фрейдке қарағанда, А.Адлер тұлғаның әлеуметтік қызығушылығын қалыптастырды.

Индивидуум бірлік пен өзара келісетін бүтін ретінде адам бірлікті және өзара келісетін ағза болып табылатындығы туралы көзқарастар адлерлік психологияның басты алғы шартын құрайды. Адлердің пайымдауынша, индивидуалды психологияға деген басты талап бұл бірлікті әрбір индивидуумде: оның ойлауында, сезімдерінде, әрекеттерінде, тұлғаның әрбір көрінуінде дәлелдеуден тұрады. Өзара келісетін және бүтін тұлға құрылымын Адлер өмір стилі деп анықтайды.

Адам өмірі жетістікке деген белсенді ұмтылыс ретінде. Адамды органикалық бүтіндік ретінде қарастыру бірыңғай психодинамикалық принципті талап етеді.Адлер адамның жетістікке ұмтылуын көрсетеді, бұл жерде адамдар ішкі және сыртқы себептерден алшақтамайды, керісінше, алға ұмтылады – олар жеке тұлғалық өмірлік мақсаттарға әрқашан қозғалыста болады. Алдыларына қоятын мақсаттар, және де оларға жетудің индивидуалды жолдары адамдарға өз өміріне қаншалықты мән беретінін түсінуге кілт береді. Адлер бойынша бұл өмірлік мақсаттар мәнді деңгейде индивидуалды таңдалады, сәйкесінше, адамдар әрқашан жетістікке жетуге ұмтылғанда өз әрекеттерін жоспарлауға және өз тағдырын анықтауға қабілетті болады. Қойылған мақсаттарға жетіп, олар тек өз бағасын көтеріп қана қоймай, сондай-ақ өмірде өз орындарын табады.

...

Скачать:   txt (40.7 Kb)   pdf (209.7 Kb)   docx (20.8 Kb)  
Продолжить читать еще 11 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club