Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

1-аналитикалық топ катиондарын анализдеу

Автор:   •  Июнь 12, 2020  •  Реферат  •  705 Слов (3 Страниц)  •  1,747 Просмотры

Страница 1 из 3

    МЕББМ ҚАЗАҚСТАН-РЕСЕЙ            НУО КАЗАХСТАНСКО-РОССИЙСКИЙ

МЕДИЦИНАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ            МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ        

РЕФЕРАТ

Тақырыбы:1-аналитикалық топ катиондарын анализдеу

(K+, Na+, NH4+)  K+ катионының жеке реакциялары

                         Орындаған: Каппар А.

                               Факультет/Топ: 201 «А» Фарм        

        Қабылдаған:Тулегенова Г.

Катиондарды аналитикалық топтарға жіктеу олардың тұздары мен басқа қосылыстарының ерігіштігіне негізделген. Жіктеу түріне байланысты әр түрлі жүйелік анализ әдістері пайдаланады.

Ең көп таралған күкіртсутектік, аммиакты-фосфаттық және қышқылдық-негіздік әдістер. Ең алғашқы әдіс – күкіртсутектік әдіс, 1871 жылы орыс ғалымы  М. О. Меншуткин ұсынған. Әдістің негізіне катиондар сульфидтерінің орта рН-на байланысты әр түрлі ерігіштігі салынған. Аммиакты-фосфаттық әдіс -  катиондар фосфаттарының әр түрлі ерігіштігіне,  қышқылдық-негіздік әдіс  -   гидроксидтер мен тұздардың әр түрлі ерігіштігіне негізделген.

Катиондардың күкіртсутектік әдіс бойынша жіктелуі

Аналитикалық

топ

Катиондар

Топтық реагент

Түзілетін қосылыстар ерігіштігі

І

К+, Na+, Lі+,

NH4+, Мg2+

Жоқ

Сульфидтері, карбонаттары*, хлоридтері, гидроксидтері* суда жақсы ериді

II

Ва2+, Sг2+, Са2+

(NН4)2СO3 ,

NH3•Н2О+ NН4Cl

рН=9,25

Карбонаттары суда ерімейді

III

2+, Fе3+, Сг3+, А13+, Мn2+, Ni2+ , Zn2+, Со2+

(NН4)2S, NH3 • Н2О+NH4С1

рН = 9,25

Сульфидтері суда ерімейді**, ал сұйытылған қышқылдарда ериді

IV

Сu2+, Нg2+, Ві3+, Sn2+, Sn (IV), SЬ (III), SЬ (V), Аs (III), Аs (V)

Н2S, НС1

рН = 0,5

Сульфидтері суда** және сұйытылған қышқылдарда ерімейді

V

Аg+, Рb2+, Нg22+

HCl

Хлоридтері суда және сұйытылған қышқылдарда ерімейді

Бірінші топ катиондарының реактивтері

Натрийдің кобальтинитриті – натрий (III) гексанитрокобальтаты Na3[Co(NO2)6]. Бұл комплексті тұз, келесі теңдеу арқылы диссоциацияға ұшырайды:

Na3[Co(NO2)6] ↔ 3Na+ [Co(NO2)6]3 -.

Бұл комплексті тұз суда жақсы ериді, бірақ келесі тұздары ерімейді:

K2Na[Co(NO2)6], K2Ag[Co(NO2)6], K3[Co(NO2)6], (NH4)3[Co(NO2)6], (NH4)2Ag[Co(NO2)6], (NH4)2Na[Co(NO2)6]

Натрийдің кобальтинитриті аммоний иондары жок ерітіндіде калий иондарын анықтау үшін қолданады.

Натрийдің гидротартраты NaHC4H4O6. Бұл вин қышқылының H2C4H4Oтұзы, келесі теңдеу арқылы диссоциацияға ұшырайды:

NaHC4H4O↔ Na+ + HC4H4O6-,

HC4H4O6- ↔ H+ + C4H4O62-.

Магний және натрий гидротартраты суда ериді, ал калий және аммоний гидротартраты ерімейді. Сондықтан да натрий гидротартраты әлсіз сірке немесе бейтарап ортада аммоний катионы жоқ ерітіндіден калий иондарын анықтауға қолданылады.

Магний – уранил – ацетат Mg[(UO2)3(CH3COO)8және цинк – уранил – ацетат Zn[(UO2)3(CH3COO)8]. Осы реактивтер арқылы натрий ионын анықтауға болады.

...

Скачать:   txt (8.9 Kb)   pdf (132.4 Kb)   docx (554.6 Kb)  
Продолжить читать еще 2 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club