Дизел отыны, оларды алу фракциялары. Цетан саны
Автор: AaronA17 • Декабрь 5, 2021 • Реферат • 513 Слов (3 Страниц) • 330 Просмотры
Дизел отыны, оларды алу фракциялары. Цетан саны.
Дизель деп аталатын, сығудан тұтанатын іштен жану қозғалтқыштарында 4 тактілі жұмыс процесі ұшқынынан тұтанатын қозғалтқыштарға қарағанда едəуір басқаша жүреді. Дизель қозғалтқыштарында бірінші 2 тактіде таза ауаны сорады. Ауаның температурасы қысу қозғалысының соңында 550-650°С-ге жетеді, ал қысым 4МПа -ға дейін өседі. Қысу қозғалысының соңында сығылған жəне қызған ауаға белгілі бір уақытта жоғары қысым мен отынның порциясы бүркіледі. Отынның майда тамшылары бу қалпына келеді де, ауада тарайды. Аз уақыт өткен соң отын өзінен-өзі тұтанады жəне толық жанады. Отын жануы нəтижесінде газ қысымы 6-10 МПа-ға жетеді. Дизель қозғалтқыштары – экономикалық жағынан ең тиімді жылу қозғалтқышы, оларда отын шығыны аз жəне ПƏК карбюратор қозғалтқыштарына қарағанда жоғары. Дизельдер тракторларда, тепловоздарда, теңіз жəне өзен кемелерінде, ауыр жүк машиналарында жəне автобустарда, ауыстырмалы электростанцияларда орналасқан. Жердегі жəне судағы техникалардың тез жүргіш дизельдері жəне газтурбиналы қозғалтқыштары үшін: Л (жазғы), З (қысқы), А (арктикалық), тағы да орта жəне аз айналушы дизельдер үшін ДТ жəне ДМ маркалы мотор отынын шығарады. Дизель отындары мұнайдың орта дистиллятты 180-360°С аралығында айналатын фракциялардың каталитикалық крекингтің жəне гидрокрекингтің жеңіл фракцияларынан алынады. Дизель отындарының пайдалануында негізгі сипаттама болып, тұтану, фракциялық құрам, тұтқырлық, кокстену, лап ету, лайлану, суу температурасы, шайырлы жəне коррозиялы активті қосылыстар мөлшері жатады. Дизель отындарының ең маңызды пайдалану қасиетінің бірі – олардың тез тұтанып, жай жануы, бұл қысымның біртіндеп көтерілуін жəне қозғалтқыштың тықылдаусыз жұмыс жасауын қамтамасыз етеді. Отындардың тұтану қасиеті олардың химиялық жəне фракциялық құрамына байланысты. Бұл бірінші кезекте отынның тұтану температурасымен байланысты. Мысалы, арендердің тұтану температурасы өте жоғары (500-600°С), сондықтан арендері көп өнімдер дизель отыны бола алады. Керісінше, алкандарға ең төменгі тұтану температурасы тəн, сондықтан парафинді мұнайлардан дайындалған дизель отындары жақсы пайдаланылады.
...