Электр тізбегі және оның элементтері
Автор: Arman Armanych • Октябрь 24, 2018 • Лекция • 1,382 Слов (6 Страниц) • 2,105 Просмотры
1-Дәріс. ЭЛЕКТР ТІЗБЕГІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЭЛЕМЕНТТЕРІ
- Электр тізбегі және оның элементтері.
- Электр тізбегін схемасы.
- Активті элементтері, пассивті элементтері.
Қазіргі уақытта пайдаланатын энергия түрлерінің ішіндегі жиі қолданылағыны злектромагниттік энергия.
Энергиянын бұл түрін күнделікті практикада электр энергиясы деп атайды. Энергия материяның белгілі бір касиеттерінің бірі. Қандай да болса энергия түрін жеткізуші материалдык объект болады. Электр энергиясын жеткізуші материяның ерекше бір формасы электромагниттік өріс болып табылады. Электромагниттік өрістің негізгі ерекшелігі, ол зарядталған бөлшектерге күштік әсер тигізіп және ол күш ұсак бөлшектердің жылдамдығына және заряд шамасына байланысты болады.
Электрлендіру өнеркәсібінде электр энергиясын онын көзінен электр қабылдағыштарға жеткізу, тарату және басқару үшін әртүрлі қондырғылар мен құрылғыларды өткізгіштер аркылы бірімен бірін қосып электр тізбегін құрастырады.
Электр тізбегі деп электрлік процестерді электр қозғаушы күш (ЭҚК), ток және кернеу ұгымдарымен түсіндірілетін, электр тогы жүретін жол түзетін қондырғылар мен құрылғылардың жиынтығын айтады. Электр тізбегіндегі жүретін электромагниттік процестерді ток, кернеу, ЭҚК, кедергі, өткізгіштік, индуктивтілік, сыйымдылық түсініктері аркылы сипаттауға болады.
Электр тізбегі: электр энергиясы көздерінен, электр энергиясын тасымалдайтын, тарататын және оны басқаратын қондырғылар мен құрылғылардан және электр кабылдағыштардан тұрады.
Электр энергиясының көзі - механикалык. химиялық, жылулык, т.с.с., энергия түрлерін электр энергиясына айналдырады. Тұтынушыда электр энергиясы (1.1.1-сурет) баска энергия түрлеріне механикалық, химиялык, жылулык жарык т.б. ауысады.
Генератор | Батарея | Термопара |
[pic 1]
Механикалык энергияны электр энергиясына ауыстырады | Химиялық энергияны электр энергиясына ауыстырады | Жылу энергияны электр энергиясына ауыстырады |
- -сурет. Ток көзінін түрлері
Электр энергия көзінін міндеті: дененін оң зарядтарын теріс зарядтарынан бөліп, теріс зарядтарды он полюска, ал оң зарядтарды теріс полюска жинау. Бұл жағдайда оң полюс пен теріс полюстің арасында потенциал айырымы пайда болады, яғни тұйыкталған электр тізбегінде үздіксіз зарядтар козғалысы жүре бастайды, оны электр тоғы (1.1.2-сурет) деп атайды. Егер ток тудырушы козғалыстағы зарядтардың саны мен олардың жылдамдықтарының бағыты уакыт бойынша өзғермесе, онда тізбектегі тұракты электр тоғы (1.1.3(а)-сурет) деп саналады, баскаша жағдайда ток айнымалы деп аталады (1.1.3(б)-сурет). Тұйыкталған тізбектегі электр тоғы ток көзінін ЭҚК әсерінен пайда болады, ал тізбекте ток жок болған жағдайда ток көзінің ЭҚК полюстарындағы потенциал айырымы нөлге тең.
[pic 2]
1.1.2-сурет 1.1.3 а-сурет 1.1.3 б-сурет
Электр энергиясының көзіне: электр генераторлары, аккумуляторлары және гальваникалык элементтер жатады. Электр генераторлары бөгде механикалык, химиялык энергиялардың көмегі аркылы козғалыска келтіріледі.
Электр энергиясын тасымалдайтын, тарататын құрылғыларга және басқаратын аспаптарға электр желілері, трансформаторлар, ажыратқыштар, сақтандырғыштар, релелер, т.с.с. жатады.
Электрлік қабылдағыш деп электр энергиясын басқа энергияға түрлендіруге арналған қондырғыны, құрылғыны немесе аспапты айтады. Мысалы, электрлік қозғалтқыштарда электр энергиясы механикалык энергияға түрленсе, электролиз астауларында химиялық реакцияның энергиясына түрленеді. Электр тұтынушыларға ретінде жарықтандырғыш шамдар, электр қозғалтқыштар, электр қыздырғыштар аспаптар, т.б. жатады.
...