Центрленген оптикалык жуйелердi зерттеу
Автор: Alisher2211 • Июнь 26, 2023 • Лабораторная работа • 815 Слов (4 Страниц) • 262 Просмотры
№18 ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС
ЦЕНТРЛЕНГЕН ОПТИКАЛЫҚ ЖҮЙЕЛЕРДІ ЗЕРТТЕУ
Жұмыстың мақсаты: жұқа линзалардың фокус аралықтарын өлшеу әдістерімен танысу.
1. ТЕОРИЯЛЫҚ КІРІСПЕ
Жұқа линзалар.
Екі сфералық қисық беттермен шектелген мөлдір денені линза деп атайды. Қисық бетінің пішініне байланысты линзалар жинағыш және шашыратқыш болып бөлінеді. Жинағыш линза арқылы өткеннен кейін жарық шоғының алшақтау бұрышы азаяды. Шашыратқыш линзалардан өткеннен кейін жарық сәулелері шоғының алшақтауы артады. Бұл анықтамаларды сыну көрсеткіші сыртқы ортаның сыну көрсеткішімен салыстырғанда үлкен болатын линзалар үшін қолдануға болады. Жинағыш линзалар тобына ортасы жиектеріне қарағанда қалың линзаларды жатқызады, шашыратқыш линзалар тобына жиектері ортасынан қалың линзалар жатады. Осы айтылғандар линза материалының сыну көрсеткіші қоршаған ортаның сыну көрсеткішінен үлкен болғанда ғана орынды болатындығын қайталап ескертеміз.
Егер линзаның сыну көрсеткіші қоршаған ортаның сыну көрсеткішінен аз болғанда, жағдай керісінше өзгереді. Мысалы судағы ауа көпіршігі – қос дөңес шашыратқыш линза болып табылады.
Линзалар үшін: көрінетін аймақта – әртүрлі маркалы әйнектер; ультракүлгін аймақта – кварц, флюорит; инфрақызыл аймақта – кварц, тас тұз, сильвин және т.б. материалдар алынады..
[pic 1] 1 2 3 | [pic 2] 4 | [pic 3] 1 2 3 | [pic 4] 4 |
Жинағыш линзалар түрлері: 1 – қос дөңес, 2– жазық-дөңес, 3 – ойыс-дөңес, 4–жинағыш линзалардың белгіленуі. | Шашыратқыш линзалар түрлері: 1 – қос ойыс, 2 – жазық-ойыс, 3 – дөңес-ойыс, 4– шашыратқыш линзалардың белгіленуі. |
Линзаның қалыңдығы оның беттерін шектейтін қисықтық радиустарымен салыстырғанда көп кіші болса, ондай линзалар жұқа деп аталады.
[pic 5] Жұқалинзалар О1О2<<R1, О1О2<<R2 | Жұқалинзаларда О1 және О2 нүктелері жақын болатындығы соншалық, линза ішіндегі сәуле жүретін жол шексіз аз болады және сәуленің кеңістіктік ығысуы болмайды. Сондықтан сәулелер екі емес, орталық О нүкте арқылы өтетін жазықтықта бір рет қана сынады деп есептеуге болады. |
Линза арқылы өтетін сәулелердің жолын сипаттау үшін қолданылатын негізгі түсініктер:
1. Бас оптикалық ось – линзаның оптикалық және қисықтық центрлері С1және С2 арқылы өтетін түзу.
2. Линзаның оптикалық центрі – сәулелер таралу бағытын өзгертпей өтетін орталық нүкте О (3 сур.). Оптикалық центр арқылы өтетін барлық түзулерді линзаның қосалқы оптикалық осі дейді.
3. Линза фокусы (F) – линзаның бас оптикалық осіне параллель түскен барлық сәулелер, линзадан өткеннен кейін түйісетін бас оптикалық осьтегі нүкте. Жинағыш линза үшін фокустар нақты, себебі онда сәулелердің өздері қиылысады (3а сур.). Шашыратқыш линза үшін фокустар жалған, себебі онда шашыраған сәулелердің кері бағыттағы жалғасы жинақталады.
4. Фокус қашықтығы f –линзаның оптикалық центрінен (О нүктесі) бас фокусына дейінгі F қашықтық. Жинағыш линза үшін фокус аралығы оң f > 0, ал шашыратқыш линза үшін теріс – f < 0 шама болып табылады.
5. Тоғыстық жазықтық Ф – бас оптикалық оське перпендикуляр және линзаның бас фокусы арқылы өтетін жазықтық. Қосалқы ось тоғыстық жазықтықпен қосалқы фокуста қиылысады.
[pic 6] |
Параллель сәулелер шоғының жинағыш (a) және шашыратқыш (b) линзалардағы сынуы. С1 және С2 нүктелері – сфералық беттердің центрлері, С1 С2 – бас оптикалық ось, O – оптикалық центр, F – бас фокус, F′– қосалқы фокус, ОF′- қосалқы оптикалық ось, Ф – тоғыстық жазықтық. |
6. Линзаның сәулені қалай сындыратынын анықтау үшін линзаның оптикалық күші деп аталатын шама енгізіледі. Линзаның оптикалық күші D – линзаның фокус қашықтығына кері шама:
...