Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Физика пәнінен зертханалық жұмыстарды компьютерде модельдеу

Автор:   •  Февраль 18, 2022  •  Курсовая работа  •  4,068 Слов (17 Страниц)  •  312 Просмотры

Страница 1 из 17

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Х.ДОСМҰХАМЕДОВ АТЫНДАҒЫ АТЫРАУ МЕМЛЕКЕТТІК
УНИВЕРСИТЕТІ
Физика және техникалық пәндер кафедрасы

                

ТАҚЫРЫБЫ:  "ФИЗИКА ПӘНІНЕН ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРДЫ КОМПЬЮТЕРДЕ МОДЕЛЬДЕУ"

Орындаған:                                                    Дәрібай   Жансая Болатқызы,

                                                                           Жұманазарова Сабина Русланқызы                                                

                                                                            5В060400– Физика мамандығының

                                                                       3 курс   студенттері

Ғылыми жетекшісі:                                       қауымдастырылған профессор

                                                                           Абыканова Бакытгуль Толыбековна

                                                                      «ЖОО үздік оқытушысы 2015»

 

Атырау, 2020

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі: Қазіргі заман – ақпараттық технологиялар заманы: қоғамымыздың барлық саласында дерлік  ғылыми – техникалық прогрестің жетістіктері кеңінен енгізіліп, пайдаланылып жатыр. Білім жүйесі де қоғамдағы жаңашыл бетбұрыстардан тыс калмай, оң өзгерістердің барлығын дерлік мақсатына сәйкес, қажетіне карай қолданып келеді. Білім жүйесіне оқытудың жаңа инновациялық технологиялары енгізіліп отыр. Білім беру жүйесі қоғамды қалыптастырып дамытатын, өзгерістер енгізетін ресурстарды дайындаумен айналысады, сондықтан үнемі жетілдіріліп отыруы тиіс. Бұл ретте елімізде көптеген іс-шаралардың колға алынғанына өзіміз де куә болып жүрміз. Қазіргі кезде оқу процесінде заманауи ақпараттық технологияларды қолдануды арттырудың мәні көптеген факторлармен айқындалады. Физикалық құбылыстар мен процестердің компьютерде модельдеу бағытының физиканың заңдылықтарын түсінуде маңызы зор. Нақты физикалық жүйемен емес оның математикалық моделімен орындалатын компьютерлік тәжірибе тек қана физикалық эксперимент жасауға жеңілдік беріп қоймай, сонымен қатар көптеген қол жетпейтін дәстүрлі зерттеу әдістерін және қиын сұрақтарды ұғынуға мүмкіндік береді. Компьютерлік модельдеу көмегімен сызықты емес құбылыстарды да зерттеуге болады. Сондай-ақ компьютерлік модельдеу арқылы қозғалыс визуализациясы, фазалық диаграммалар және графиктерді құрумен қатар көптеген абстрактілі, теориялық концепцияларды түсіндіруді жеңілдетеді.       Компьютерді оқыту жүйесіне енгізуде оқытылатын теориялық материалдардың қандай да бір бөлігін бағдарламалық пакетпен орындау мүмкіндігі пайда болады және де мұнда оқу материалының мазмұны мен құрлысында өзгеріс болады. Жоғарғы оқу орындарының студенттеріне арналған  физикалық тәжірибелер жинағын   негізге ала отырып, бүгінгі күннің талабына орай  физикадағы негізгі тарауларды бағдарламалық пакеттер құра отырып, компьютерде модельдеуді жөн көрдік.  

Осыған байланысты ғылыми  жұмыстың тақырыбы "Физика пәнінен зертханалық жұмыстарды компьютерде модельдеу " деп таңдап алынды.

       Зерттеу мақсаты: Лиссажу фигураларын  модельдеу

       Зерттеу нысаны: оқу процесінде бағдарламалық пакеттерді пайдалану.

       Зерттеу міндеттері:

1. Физикалық экспериментті модельдеудің негізін анықтау

2. Жаңа ақпараттық технологияның  физикамен байланысын айқындау.

3. Жиілігі бірдей және әртүрлі перпендикуляр тербелістерді  компьютерде модельдеу.

       Зерттеудің ғылыми жаңалығы және теориялық құндылығы: Тербелістер бөлімі бойынша студенттердің біліміне қойылатын талаптар анықталды және есеп шығаруға дайындау жүйесі жасалды. «Тербелістер» тарауын түсіндіріп, модельдеу үшін, Turbo Pascal тілінде   бағдарламалық пакет   жасалып,  әртүрлі Лиссажу фигуралары алынды. Оқу процесіне енгізілді.

...

Скачать:   txt (38.4 Kb)   pdf (1.2 Mb)   docx (1 Mb)  
Продолжить читать еще 16 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club