Шалаөткізгіш диодтар және олардың түзеткіш құрылғыларда қолданылуы
Автор: 990616 • Ноябрь 21, 2018 • Курсовая работа • 5,792 Слов (24 Страниц) • 1,314 Просмотры
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Е.А.БӨКЕТОВ АТЫНДАҒЫ ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
ФИЗИКА-ТЕХНИКАЛЫҚ ФАКУЛЬТЕТІ
РАДИОФИЗИКА ЖӘНЕ ЭЛЕКТРОНИКА КАФЕДРАСЫ
5В071900 – Радиотехника, электроника және телекоммуникация
мамандығы
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Пән атауы: Байланыс құрылғылырының сұлбатехникасы
Тақырыбы: Шалаөткізгіш диодтар және олардың түзеткіш құрылғыларда қолданылуы
Орындаған: РТК-212 тобының студенті
Божбанбай А.Б.
Қабылдаған: Исмаилов Ж.Т.
Қарағанды-2018
Жоспар:
Кіріспе
Негізгі бөлім
1.1.Шалаөткізгіштер
1.2.Шалаөткізгіштердің электрөткізгіштігі
1.3.Шалаөткізгіш диод
1.4.Шалаөткізгішті диодтың жұмысының физикалық негізі
1.5.Шалаөткізгішті диодтың қолданылуы
1.6.Өзіндік және қоспа шалаөткізгіштер.Береген және алаған қоспалар
1.7.Р-n ауысуының пайда болуы және ол кезде жүретін физикалық құбылыстар
1.8.Р-n ауысу арқылы тоқтың өтуі. Р-n ауысуды сыртқы қоздырғыштың әсерін сезетін тетік ретінде пайдалану
1.9.Стабилитрондар
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
КІРІСПЕ
Ғылым мен техниканың, халық шаруашылығының дамуы, алға басуы негізінен электрониканың, микроэлектрониканың даму деңгейімен, олардағы жетістіктермен анықталады. Микроэлектроника элементтерінің жұмыс ұстанымы шалаөткізгіштен жасалған аспаптарда жүретін физикалық құбылыстардың ерекшеліктеріне негізделген.
Шалаөткізгіштерден жасалған көпшілік аспаптардың жұмыстарында шалаөткізгіштердің жапсарлас қабаттарындағы түйістерде пайда болатын
p-n – ауысуда жүретін физикалық құбылыстардың ерекшеліктері пайдаланылады. p-n – ауысулардың кедергісінің сырттан әсер
ететін кернеуге тәуелділігі кең қолданылады.
Шалаөткізгішке германий, кремний, селен сияқты химиялық
элементтер тағы басқа кристалдық құрылысы бap қатты заттар, металл тотықтары, күкіртті қосылыстар және селен қосылыстары жатады.
Шалаөткізгіштердің негізгі қасиеті олардың электр өткізгіштігі температураның, жарықтың, қысымның және болымсыз қоспаның әсерлерінен өзгеретіндігі болып табылады. Шалаөткізгіштердің екінші ерекшелігі олардың электр өткізгіштігі олардағы тек теріс зарядтардың — электрондардың орын ауыстырып қозғалуына ғана емес, сондай-ақ оң зарядтардың — кемтіктердің де орын ауыстырып қозғалуына байланысты.
Шалаөткізгіштің қасиеттері оның ішінде мардымсыз мөлшерде қоспалар болған кезде күшті дәрежеде өзгереді. Шалаөткізгіш кристаллға басқа элементтердің атомдарын ендіре отырып, кристаллда еркін электрондардың кемтіктерден көп болуын немесе, керісінше, кемтіктердің еркін электрондардан асып түсуін қамтамасыз етуге болады. Мысалы, германийдің кристаллдық торында оның атомын бес валентті заттың (мышьяктың, фосфордың)атомымен алмастырсақ, осы заттың төрт электроны германийдің көрші атомдармен толық байланыс жасайды да, ал бесінші электроны бос қалады, міне сондықтан да осындай қоспа электрондық өткізгішті (n- өткізгіштікті) арттырады, оны донорлық қоспа деп атайды. Германий атомын үш валентті заттың (индийдің, галлийдің, алюминийдің) атомымен алмастырғанда, оның электрондары германийдің көрші үш атомымен коваленттік байланысқа түседі, ал германий төртінші атомымен байланыс болмай қалады, себебі индийдің төртінші электроны жоқ.
Электр өткізгіштігі жағынан өткізгіштер мен диэлектриктерді (оқшаламаушы материалдардың) аралығынан орын алатын материалдарды шалаөткізгіштер деп атайды. Электр зарядтарын тасушылар болып табылатын (еркін) электрондарды болуы металл өткізгіштерге тән қасиет. Диэлектриктерде еркін электрондар жоқ, сондықтан да олар ток өткізбейді.
Шалаөткізгіштердің өткізгіштерден айырмашылығы оларды температураға, жарықталынуға, сығылуға, электр өрісіне және басқа себептерге күшті дәрежеде тәуелді болатын электронды ғана емес және де «кемтікті» өткізгіштігі бар.
...