Магнус эффектісі негізіндегі жел генераторлары
Автор: aikabesoba88 • Май 18, 2021 • Курсовая работа • 4,279 Слов (18 Страниц) • 468 Просмотры
Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
КММ «Дарын» мамандандырылған мектеп-интернаты
Қарағанды облысының білім басқармасы
Боташ Мерей, Нұртасов Жәнібек, 9 сынып
Магнус эффектісі негізіндегі жел генераторлары
Бағыты:техника
Секция:физика
Ғылыми жетекшілер:
Ахметова Т.Б. ММИ «Дарын»
физика пәні мұғалімі
Айнұр Нұртаевна ҚарМУ,
Физика-техника факультетінің PhD докторанты
Ғылыми кеңесші:
Нүсіпбеков Б.Р. ҚарМУ профессоры,
Техника ғылымдарының кандидаты
Қарағанды 2020 жыл
Мазмұны:
I.Кіріспе бөлім:
Жобаның маңызы, мақсаты, өзектілігі
II.Негізгі бөлім:
1. Магнус эффектісі туралы
2. Вертикаль жел генераторларының жасалу ерекшеліктері
3. Формулалар және есептеулер
4. Біздің модель және өлшемдер
5. Сызба,схема және суреттер
III.Қорытынды бөлім
Кіріспе
Қазіргі кезде көптеген елдер электр энергиясын әртүрлі жолдармен өндіруде. Экологиялық экономика мен орнықты даму экономикасына өту табиғи ресурстарды қолданумен байланысты. Электр энергиясының жетіспеушілігінен жəне экологиялық ақуалды жақсарту мақсатымен жаңартылатын энергия көздерінен энергия алу соңғы уақытта өзекті мәселе болып отыр. Отын энергетикалық ресурстарды үнемдеу, қоршаған ортаны зиянды әсерден сақтау және аймақтарды электр энергиясымен қамту үшін жаңартылатын энергия көздері қажет. Жаңартылатын энергия көздерін қолдану кезінде энергия тұтынушылықтың өсуі жерде жалпы жылулық тепе-теңдікті бұзбайды және әлемдік жылынып кетуге әкелмейді. Жерге келіп түсетін және жерден кететін энергия мөлшері өзгермейді. Әлемде жаңартылатын энергия көзінің дамып келе жатқан түріне жел энергетикасы жатады. Жел энергиясы күн энергиясының әсерінен пайда болады, ал оның қоры шексіз.
Мемлекеттің энергетикалық саланы одан әрі дамытудағы негізгі техникалық саясаты энергияның балама көздерін іске қосу болып табылады. Қазақстан су, жел, күн энергетикасы сияқты электр қуатын өндірудегі балама қуат көздеріне бай елдердің бірінен саналады. Алайда, осы уақытқа дейін ішінара гидроэнергия қуатын пайдаланудан басқа, елімізде бұл бай балама қуат көздері іске қосылған жоқ. Оның басты бір себебі, еліміздің жер қойнауына энергетикалық шикізат көздерінің мол шоғырланғаны болып отырғандығын да жасыруға болмайды.
Электр энергиясын екіге бөліп қарастыруға болады: дәстүрлі және дәстүрлі емес. Дәстүрлі энергия көзінің ең маңыздысы – кен, көмір, табиғи газ, торф және уран. Басында бұлардағы энергия күннен келіп тұратын, бірақ, дегенмен бұл қайта қалпына келмейтін энергия көздері болып табылады.
Қазақстанда қайта қалпына келтірілетін энергетикалық ресурстар(гидро энергия, жел және күн энергиясы) потенциалы айтарлықтай маңызды. Олардың қатарына ең алдымен жел энергиясы жатады, ол үшін жел энергиясы қондырғысын орналастыратын территориядағы желдің режимі туралы нақты ақпаратты білу аса маңызды. Жел энергиясының қоршаған ортаны ластамайтындығын және жергілікті жерлерде сарқылмайтын, таза энергияны өндіруге қабілетті екендігін ескере кеткен жөн.
Жел энергетикасы экологиялық таза энергия көзі болуымен қатар, ол әлеуметтік-экономикалық даму, энергетикалық қауіпсіздік болып табылады. Елімізде ҚР Президентінің тaпсырмaсына сәйкес 2013-2020 жылдарға aрнaлған жаңғыртылатын энергетиканы дамыту шaрaлaрының жоспары қабылданған болатын. Осы жаңғыртылатын энергетиканы дамыту жоспарында баламалы энергия көздерінің қуаты 1040 МВт болады деп күтілуде. Оның ішінде 793 МВт-ты 13 жел стансасы, 170 МВт-ты 14 су электр стансасы, ал 77 МВт-ты 4 күн электр стансасы қуат өндіретін болды.[pic 1]
...