Магний ұнтағы қоспасы негізіндегі жалынсыз қыздырғыштарды зерттеу
Автор: dinkalaay • Октябрь 3, 2019 • Дипломная работа • 6,605 Слов (27 Страниц) • 502 Просмотры
Әл-Фapаби aтындaғы қaзaқ ұлттық унивepcитeтi
XИМИЯ ЖӘНЕ XИМИЯЛЫҚ ТEXНOЛOГИЯ ФAКУЛЬТEТI
Xимиялық физикa жәнe мaтepиaлтaну кaфeдpacы
«5В072000-бeйоpгaникaлық зaттapдың химиялық тeхнологияcы»
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Магний ұнтағы қоспасы негізіндегі жалынсыз қыздырғыштарды зерттеу
Opындaушы: Шингисбек Д.С.
Ғылыми жeтeкшi:х.ғ.к.,доцент Тілеуберді Е.
Қopғaуғa жiбepiлдi:
Xимиялық физикa жәнe
мaтeриaлтaну кaфeдpacының
меңгepушici, x.ғ.к., дoцeнт Түлeпoв М.I.
1. Әдеби шолу
1.1 Магний және оның қасиеттері
Магний III периодтың, II топтың негізгі топшасының элементі, атомдық нөмері 12, олай болса ядросында 12 протон бар, электрондарының жалпы саны да 12, салыстырмалы атомдық массасы 24, сондықтан ядросындағы нейтрондар саны да 12 болады). Магнийдің 12 электроны үш электрондық қабаттарға бөлініп орналасқан: [pic 1]
1s2 2s2 2p6 3s2
Валенттілік электроны 3s2, олар кванттық ұяшықта жұптасып орналасқан; валенттігі II; тотығу дәрежесі 0, +2. Магний табиғатта таралуы бойынша сегізінші орында тұр; табиғи минералдары магнезит MgCO3, доломит MgCO3[pic 2]CaCO3, карналлит KCl[pic 3]MgCl2[pic 4]6H2O, асбест 3MgO[pic 5]2H2O[pic 6]2SiO2. Оның минералдары Қостанай өңірінде (асбест) кездеседі. Магний ионы жасыл өсімдіктердің хлорофил дәндерінде, теніз суларында болады.
Магнийді хлоридінің балқындысын 7500C электролиздеп алады.
MgCl2[pic 7]Mg + Cl2[pic 8] (1)
Магний күмістей ақ, жеңіл ([pic 9]г/см3), балқу температурасы 6510С, қайнау температурасы 10960С, ауада оңай тотығып, жарқырап жанады, тығыз оксидтік қабатпен қапталатын металл.
Магний химиялық белсенді металл ([pic 10]), бетіндегі оксидтік қабыршақтан тазартылған магний оттегімен, хлормен, азотпен, фосформен, кремниймен әрекеттеседі.
а) жай заттармен әрекеттесуі:
2Mg + O2 = 2MgO магний оксиді (2)
Mg + S = MgS магний сульфиді (3)
3Mg + N2 = Mg3N2 магний нитриді (4)
3Mg + 2P = Mg3P2магний фосфиді (5)
2Mg + Si = Mg2Si магний силициді (6)
ә) күрделі заттармен әрекеттесуі:
2Mg + H2O = MgO + O2[pic 11] (7)
2Mg + SiO2 = 2MgO + Si (8)
2Mg + TiCl4 = 2MgCl2 + Ti (9)
Осы реакция бойынша Өскеменнің титан-магний комбинатында титан өндіріледі. Химиялық, медициналық аспаптар; ұшақ, кеме, зымыран жасауда қолданылатын болатты асылдандыру үшін титан таптырмайды металл. Ол болатқа беріктік пен коррозияға тұрақтылық береді:
...