Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Контрольная работа по "Физике"

Автор:   •  Декабрь 18, 2021  •  Контрольная работа  •  574 Слов (3 Страниц)  •  222 Просмотры

Страница 1 из 3

Кейбір денелердің қозғалысы олардың массасының үздіксіз өзгеруімен бірге жүреді; мысалы, қозғалатын тамшының массасы булану нәтижесінде төмендеуі мүмкін немесе керісінше оның бетіндегі бу конденсациясы кезінде жоғарылауы мүмкін; жану өнімдерін шығару кезінде зымыранның массасы өзгереді; дәл сол себепті ұшақтың массасы өзгереді, оның қозғалысы үшін отын қоры жұмсалады және т.б. денелер массасының өзгеруі олардың қозғалысы есептелетін формулалардың күрделенуіне әкеледі.

Егер жүйе өз массасының бір бөлігін белгілі бір бағытта лақтырса, онда ол қарама-қарсы бағытта импульс (қозғалыс мөлшері) алады. Бұл кеңінен қолданылатын реактивті қозғалыс принципі; оған негізделген зымыран техникасы, ұшақтың реактивті қозғалтқыштарын есептеу.

Релятивистік емес зымырандар. Зымыран моторларында қозғалтқыш күш отынның жану өнімдерінің күшке қарсы бағытта ұшып шығу нәтижесінде туады. Ол Ньютонның үшінші заңына сәйкес, реакция күші ретінде пайда болады, сондықтан күш реактивтік, ал мотор реактивті деп аталады. Бірақ тарту күшін тудыратын кез келген мотор негізінде реактивті екендігін ескерту керек. Мысалы, темір жол пойызы, егер қозғалыс тыныштықтағы жұлдыздармен байланысқан инерциялық санақ жүйесінде қарастырылса, рельстер мен Жер бетінің қозғалысқа қарамақарсы бағытта үдеуінен туған реактивтік тарту күші арқасында орнынан қозғалады. Әрине, пойызбен салыстырғанда рельстер мен Жердің массаларының анағұрлым үлкен (үдеу өте аз) болуына байланысты, олардың қозғалысын байқау іс жүзінде мүмкін емес. Бірақ, зымырандар мен басқа денелердің реактивті қозғалыстарының арасында өте маңызды бір айырмашылық бар. Зымырандық моторда тарту күші бастапқыда массасы зымыран массасының құрамына кіретін отынның жану өнімдерінің ұшып шыту нэтижесінде пайда болады. Басқа қарастырылтан мысалдарда жағдай өзгеше. Мысалы, ұшақ пропеллері ығыстырған ауаның массасы қозғалыс барысында ұшақ массасының құрамына кірмейді. Сондықтан реактивтік қозғалыс деп біз реактивті мотор тудыртан қозғалысты айтамыз. Басқаша айтқанда, массалары айнымалы денелердің қозғалысы қарастырылады, отан қоса тарту күші дене массасын құрастыратын бөлшектердің ұшып шығу нәтижесінде туады.

Массасы m(t), жылдамдығы ϑ зымыран бір уақыт мезетінде u жылдамдықпен dm' массасын бөліп шығарсын. Бұл жерде t жэне dm' релятивистік массалар екенін, ал ϑ және u жылдамдықтары қозталыс қарастырылып отырған инерциялық санақ жүйесінде алынатынын атап өту керек. Массаның сақталу заңы мына түрде жазылады:

dm+dm’=0

Зымыранның массасы кемуіне байланысты

...

Скачать:   txt (8.4 Kb)   pdf (48.6 Kb)   docx (9.8 Kb)  
Продолжить читать еще 2 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club