Контрольная работа по "Физике"
Автор: Аружан Усайын • Октябрь 6, 2020 • Контрольная работа • 436 Слов (2 Страниц) • 427 Просмотры
6апта тапсырмалары
Умбетбай Арайлым ТФП-221
Сұрақтар:
1. Анықтамасы бойынша динамиканың негізгі шамалары деп қандай шамаларды айтады?
Ньютонның үш заңы материялық нүкте динамикасының негізгі заңдары болып табылады.
Ньютонның бірінші заңы.Егер материялық нүктеге сырттан ешбір күш әсер етпесе немесе әсер ететін күштер жүйесі нөлге пара-пар болса, онда нүкте тыныштық күйде немесе бірқалыпты және түзу сызықты қозғалыста болады. Ньютонның бірінші заңы орындалатын санақ жүйелері инерциялық санақ жүйелері деп аталады.
Ньютонның екінші заңы (динамиканың негізгі заңы). Материялық нүктенің үдеуі оған әсер етуші күшке тура пропорционал, бағыты күшпен бағыттас. Нүкте массасы пропорционалдық коэффициент болып табылады.
Бұл заңның математикалық өрнегі:
[pic 1] . (1)
Егер денеге бірнеше [pic 2] күштер әсер етсеНьютонның екінші заңы былай жазылады:[pic 3]
Ньютонның үшінші заңы.Екі материялық нүкте бір-біріне модульдері тең, бір түзудің бойымен қарама-қарсы бағытталған күштермен әсер етеді.
2. Нүктенің қозғалыс мөлшері векторы- импульс векторының анықтамасын бер.
Күштің элементар импульсі деп күш векторының элементар уақытқа көбейтіндісіне тең векторлық шаманы айтады:
[pic 4]
Бұл вектор күштің әсер ету сызығының бойымен бағытталады.
3. Нүктенің қозғалыс мөлшер моменті - импульс моменті векторын анықта.
Нүктенің О центріне қатысты қозғалыс мөлшерінің моменті деп
[pic 5]
өрнекпен анықталатын [pic 6] векторлық шаманы айтады, мұндағы [pic 7] - нүктенің О центріне қатыстырадиус-векторы. Бұл вектор [pic 8] векторы мен О центрі арқылы өтетін жазықтыққа перпендикуляр, ұшынан қарағанда [pic 9] векторынан [pic 10] векторына қарай ең жақын бұрылу сағат тіліне қарсы болып көрінетіндей бағытталған. Оның сан шамасы [pic 11] , мұндағы h – О центрінен М нүктесінен траекторияға жүргізілен жанама арасындағы ең жақын ара қашықтық (перпендикуляр).
...