Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Жылылык сәулелену көздернi зерттеу

Автор:   •  Октябрь 9, 2022  •  Контрольная работа  •  1,719 Слов (7 Страниц)  •  109 Просмотры

Страница 1 из 7

«Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті»

коммерциялық емес акционерлік қоғамы

        

[pic 1]

Факультет: IT-технологиялар автоматтандыру және агроөнеркәсіптік кешенін механизациялау

Кафедра: Энергия үнемдеу және автоматика

Білім беру бағдарламасы: Ауылшаруашылығын энергиямен қамтамасыз ету

Пәні: Электрлік жарықтандыру зертхана

№1- зертханалық жұмыс

ЖЫЛЫЛЫҚ СӘУЛЕЛЕНУ КӨЗДЕРІН ЗЕРТТЕУ

                                               

                                                                           

                                                                           Орындаған: Жарылқап Алибек.

                                                           Тексерген:  Кулмахамбетова А.

                               

        

Алматы, 2022ж

Мазмұны

  1. Жұмыстың мақсаты......................................................................................3                                                                                
  2. Жалпы мәліметтер.........................................................................................3                                                                                                
  3. Жұмыстың тәжірибелік бөлімін орындау...................................................4

  1. Тәжірибе нәтижелерін өңдеу        ......................................................................6

  1. Қорытынды...................................................................................................9                        

1.1.Жұмыстың мақсаты

        Қыздыру және инфрақызыл шамдарының құрылысын оқып-игеру және олардың электр-техникалық және жарық-техникалық сипаттамаларын зерттеу.

1.2.Негізгі мағлұматтар

        Қыздыру шамдарының әр түрлері жарық алу негізінің бірыңғай-лығымен және олардың құрылмаларында пайдаланылатын негізгі тетіктерінің бір типтігімен біріктірілген.

        Қызу денесі 1-қыздыру шамының /1.1 – сурет/ негізгі бөлігі болып саналады. Электр тогы әрекетіне байланысты оның қызуынан  оптикалық сәулелену  пайда болады. Қызу денесіне электр тогы электродтардың –11 ішкі бөліктері арқылы беріледі. Электродтар қызу денесін қажетті қалыпта ұстап тұрады. Қызу денесін орнықты ұстап тұру үшін қосымша ұстағыштар –2 пайдаланылған. Ұстағыштар линза –3 деп аталатын шыны шыбықтың қалыңдатылған бөлігінің ішіне дәнекерленілген. Линза- аяқша деп аталатын күрделі шыны тетіктің бөлігі. Аяқша құрамына линзадан басқа шыны шыбық – штабик –4, күрекше-5, түтік – тәрелке –6  және ауа соруға арналған  түтік- штангель –7 кіреді. Түтік - тәрелке мен колбаның – 8 мойынын шыныны балқытумен біріктіргеннен кейін, штенгельдің табанындағы тесік арқылы колбаның  ішіндегі ауаны сорып алады. Содан соң осы тесік арқылы колбаны инертті газбен немесе газдар қоспасымен  толтырады да, тесікті пісіріп, жауып тастайды. Шыны қолба қызу денесін және шамның басқа бөліктерін сыртқы ортадан оқшаулауды  қамтамасыз етеді.

        Шамды бекіту және оған электр тогын жеткізу үшін, ол цокольмен –9 және түйіспелік тілікшемен – 10 жабдықталған. Цоколь колбаның мойнына арнайы мастикамен бекітілген. Шам электродтарының  шықпалары цокольге және түйіспелік тілікшеге дәнекерленеді.

        Шам электродтары үш бөліктен тұрады: ішкі-12, ортаңғы-12 және кірмелер-шықпалар-13. Бұл олардың жұмыс жағдайларының әр түрлі болуына байланысты. Көптеген қыздыру шамдары электродтарының ішкі бөліктері таза никельден дайындалады. Өйткені, ол жоғары температураға төзеді және осы кезде қатты қыздырылған қызу денені ұстап туруға қажетті қаттылықты сақтайды. Ортаңғы бөлім-шам аяқшасының шыны күрекшесіне балқытылып енгізілген бөлігі. Ол температуралық ұлғаю коэффициенті күрекше шынысының коэффициентімен бірдей болатын арнайы қос металды материалдан- платиниттен дайындалады. Электродтардың  кірмелерін-шықпаларын дайындауға өткізгіштігі жоғары келетін және жеңіл дәнекерленетін мыс пайдаланылады.        

...

Скачать:   txt (16.8 Kb)   pdf (622 Kb)   docx (515.9 Kb)  
Продолжить читать еще 6 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club