Жарықтың жұтылуы
Автор: Əсем Кемалхан • Март 24, 2022 • Контрольная работа • 273 Слов (2 Страниц) • 722 Просмотры
8-билет
1. Жарықтың жұтылуы
Жарықтың жұтылуы — орта арқылы өткен жарық қарқындылығының сол орта бөлшектерімен өзара әсерлесуі нәтижесінде кемуі. Жарықтың жұтылуы кезінде зат қызады, атомдар не мулекулалар иондалады не қозады, фотохим. процестер жүреді, т.б. Жарық энергиясы затта толығымен жұтылуы не сол заттан кері қарай басқа бір жиілікпен шығуы мүмкін. Жарықтың жұтылуының негізгі заңы —Бугер-Ламберт-Бер заңы. Жарықтың жұтылуы ғылым мен техниканың әр түрлі саласында қолданылады.
Жарықтың кез келген затта таралуы кезінде толқын энергиясының энергияның басқа түріне түрленуі нәтижесінде жарық энергиясының азаю құбылысы жарықтың жұтылуы деп аталады. Бұл жағдайда жарық энергиясы заттың ішкі энергиясын өзгертуге, басқа бағытта екінші ретті сәуле шығаруға және т.б. жұмсалуы мүмкін. Жарық заттан өткен кезде жұтылуы нәтижесінде жарық интенсивтілігі азаяды:
I=I0exp(-αx) - Бугер заңы. Мұндағы I0және I - жазық монохромат толқынның қалыңдығы x- жарық жұтатын қабатқа кірген және шыққан кездегі интенсивтіліктері, α– жарық толқын ұзындығына, заттың күйі мен табиғатына тәуелді және жарық интенсивтілігіне тәуелді емес жұтылу коэффициенті.
2. Фотоэлементтің құрылысы, жұмыс принципі.
Фотоэлемент — элекьрондар ағыны немесе электр тогы жарық арқылы басқарылатын электрондық прибор. Фотоэлементке сырттан түсірілген жарық энергиясы жартылай өткізгіш приборда тікелей электр энергиясына түрленеді. Мұндай фотоэлемент алу үшіп жартылай өткізгіш материалдар – п ауысу қабаты жасалады. Бұл қабаттың екі жағындағы электродтарға контактілік сымдар жалғанады. Сөйтіп, ол жарық түсетін саңылауы бар қорапқа салынады.
...