Жабдықтар сипаттамасы
Автор: lazzatzora • Февраль 3, 2021 • Реферат • 1,999 Слов (8 Страниц) • 739 Просмотры
Жоспар
Ⅰ Кіріспе
Ⅱ Негізгі бөлім
1. Өнеркәсіптік жабдықтарды монтаждауды ұйымдастыру
2. Жабдықтар сипаттамасы
3. Жабдықтарды пайдалануды ұйымдастыру
4. Такелажды жасақ және құрал-саймандар
Ⅲ Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
«Технологиялық машиналарды жинақтау және пайдалану» жинақтаудың ғылыми негіздерін, жүйелерін, құралдары мен әдістерін, әр түрлі жағдайларды сенімді және жоғары өнімді жұмысты қамтамасыз ету мақсатында технологиялық машиналарды техникалық пайдалануды, олардың жұмысының тиімділігін анықтау және оларды әрі қарай техникалық жетілдіру әдістерін зерделеуді меңгеруге бағытталған. Технологиялық жабдықтарды пайдалану мен монтаждауда негізгі озық әдістерді меңгеруде басты терминдер мен түсініктерге өнеркәсіптік жабдықтарды монтаждауды ұйымдастыру және МЖ ұйымдасырудың негізгі әдістерін келтіруге болады.
МЖ ұйымдастырудың және пайдаланудың негізі ол – «Жабдықтар сипаттамасы» .
Такелажды жасақ-жүк түсіру, тиеу және жылжыту мақсатында ірі көлемді және өте ауыр жүктерді көтеру. Такелаж жұмыстары кезінде арнайы механизмдер, құралдар мен құрылғыларды пайдалану қажет. Көбінесе такелаж үлкен салмақ пен күрделі конфигурацияға байланысты қолмен көтеруге және жылжытуға болмайтын жүктер үшін қолданылады. Негізінен мұндай жұмыстарды өндірісте және құрылыста жүргізуге тура келеді. Такелажды пайдалану Еңбекті айтарлықтай жеңілдетеді, және тиеу процесі айқын ұйымдастырылған болады. Бұдан басқа, мұндай құралдарды қолдану орын ауыстыратын жабдықтың сақталуына кепілдік береді.
Технологиялық жабдықтарды пайдалану мен монтаждауда негізгі озық әдістерді меңгеруде басты терминдер мен түсініктерге өнеркәсіптік жабдықтарды монтаждауды ұйымдастыру және МЖ ұйымдасырудың негізгі әдістерін келтіруге болады.
МЖ ұйымдастырудың және пайдаланудың негізі ол – «Жабдықтар сипаттамасы»
«Жабдықтар сипаттамасы» өздігінен негізгі бес топқа бөлінеді:
1- жабдықтардың салмақтық сипаттамасы;
2-жабдықтардың габариттік сипаттамасы;
3-технологиялық қондырғылар алаңында жабдықтардың орналасуы;
4-жабдықтардың жұмысшы жағдайы;
5-жабдықтардың конструкциялық және технологиялық негіздері.
1- ші «Жабдықтардың салмақтық сипаттамасы»
Монтаждау кезінде ірі жинақтардың тиімділік шегі және осы аппаратты монтаждаудағы тәсілді қабылдау дәрежесіндегі басты монтаждау сипаттамасы «Аппараттың салмағы» болып саналады. Яғыни, әр түрлі тең жағдайларда аппараттың салмағының өсуімен, монтаждаудың еңбексиымдылығы өседі. Монтаждау аппараттарының ішінде негізгі салмақты тік-бағаналы аппараттар құрайды.
Атап айтқанда негізгі сандар бойынша 50т дейінгі аппараттар салмағы 70%-ды құрайды.Дегенмен олардың (50тонналық) жалпы салмағы, барлық аппараттардың жалпы салмағының 35%-ын ғана құрайды.Салмағы 100 тоннадан асатын ауырсалмақты аппараттардың саны 13%-ды құрайды, ал олардың жалпы салмағы, қарастырып отырған барлық аппараттардың жалпы салмағының 43%-ын құрайды. Аса ауыр аппараттар қатарына: ректификациялық бағаналар, реакторлар, регенераторлар, абсорберлер және комплектелген үлкен бірлік қуаттағы агрегаттар мен үлкен өндірістік цехтардағы басқа да аппаратты қондырғылар жатады. Қазіргі таңда салмағы 1000 тоннаға жететін толық жиналған аппараттарды монтаждауға мүмкіндігі бар жүккөтергіш жабдықтары жасақталған. Салмағы 2000 тонналық аппараттарды монтаждау үшін жүккөтергіш жабдықтары жасалуда, яғни арнайы крандар мен тасымалдау жабдықтарын қосқанда. Салмағы бойынша тік аппараттарды келесідей негізгі топтарға бөлуге болады:
...