Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Жезқазған мыс қорыту зауытының өндіру технологиясы

Автор:   •  Апрель 8, 2019  •  Курсовая работа  •  27,976 Слов (112 Страниц)  •  1,464 Просмотры

Страница 1 из 112

Кіріспе

        

        Құрамында штейнге бай кремнийлі мыс концентратын электр қуатын

колдану арқылы алуға негізделген зауыт технологиясын жасаушылар Вницветмет, Гинцветмет, Гипрохимия болып табылады. Бос жобалаушысы әрі негізгі жұмыс көлемін орындаған  Гипроцветмет болды. Жобалауға сонымен қатар Прострой  проект, Сантехпроект, Уралгипрохим, железобетон және басқа көптеген ұйымдар қатысты.

        Зауыт бөлімдерін іске  қосуға және жобалық қуаттарды мерзімінен бұрын игеруге зауыт басшылығының инженер және жұмысшы кадрларды дайындаудағы мақсатты және жүйелі жұмысының арқасында қоп жеткізілді.

        Зауыт әлемдік тәжірибенің соңғы техникалық жетістіктерінің негізінде жобаланып, салынған, шикізатты кешенді түрде жоғары  деңгейде пайдаланылатын өз құрамына мыс қорыту,күкірт қышқылы және сирекметалл өндірісін жинақтаған кәсіпорын. Одақ ыдырағаннан кейін шетелдік инвестор Оңтүстік Кореяның «Самсунг» фирмасының каржылық көменгі арқасында қысқа мерзім ішінде өзінің бұрыңғы даңқына ие болды.

        Кең термиялық пешін Швецияның «Болиден-Контек» фирмасының жобасы бойынша қайта жабдықтау, балқыту цехының анод бөлімшісіндегі екі әткеншекті құю машинасын және осы цехтағы арқылы крандарды айырбастау, катод мысын өндеудін автоматты жүйесін монтаждау, электролитті тазарту және басқа да кешкнді шараларды жүзеге асыру кәсіпорынның қайта дүниеге келуінің жарқын көрінісі.

        Зауыттың өнімі-тазалығы 99,99% бағаланған катод мысы халықаралық рынокта жоғары сұранысқа ие. Оны Голландияның, Швецияның, Түркияның, Германияның, Жапоняның, Қытайдың фирмаларымен қоса Тәуелсіз Мемлееттер Достығының елдері ықыласпен сатып алады. Зауытта негізгі өнімге қоса қорғасын тозаңы, алтын, күміс және рений өндіріледі.


 1 Технологиялық бөлім

1.1 Жезқазған мыс қорыту зауытының өндіру технологиясы

          Мыс концентраты ұзындығы 2,5км пульпажеткізгіш арқылы 1 және 2 фабрикаларынан қойылату бөліміне жеткізіледі. Қоюлатылған концентрат вакуумдық фильтрлерде сүзілгеннен кейін қалбық ылғалдығы 6-7%-ке дейін құрғату барабандарында кептіріледі. Жоба бойынша шектік ылғалдының түрде <1 мм ірілікке дейін майдалау және әкті пульпаны қоюлату бөліміне беру қарастырылған. Бірақ бұл әдіс тиімсіз болды. Құрғатылған концентрат штабелдік шихтарникке беріледі, онда тағыда складтан әк беріледі. Материалды штабелге жинау қабатзабатпен жасалады, шихтарник әрі таратады 14000 тн сыйымдылықты 3-бөлімнен тұрады. Бір бөлімде шихтаны таратады, екіншісінде жобалап, үшіншіде қабылдайды, дайын шихтаны шихта орталандырғыш машина және конвейрлер жүйесі арқылы домалақтау бөліміне келеді, мұнда процесске байланыстырғыш ретінде сульфидоцелюлозды сілті қосылып домалақтандырады.

        Ылғалдылығы 8-8,5% домалақтырылған шикізат сүзуші қабат пештерінде ылғалдылығы 1%-ке шейін кептіріледі. Құрғатылған домалақтар конвейрлер жүйесі арқылы балқыту цехына жеткізіледі. Балқыту цехы келесі бөлімдерден тұрады :

 электропештік, конвенторлық, анодтық және бір ғимаратта орналасқан бас төндеу подстанциясы 110/6 кВ және орталық компрессорлық станциясы.

        Құрғақ домалақтар қоспалармен бірге төртбұрышты электрліпештеріне беріледі, электрбалқыту кезінде 40-60% мысы боп штейн бөлінеді, ол қара мыс бойынша сыймдылығы 90 тн көлбеу конверторларында конвертацияланады "Кецтермиялық пештердің қалдық шлактары қалдық сақтау қоймасына апарылады.

        Құрғақ мыс сұйық түрінде анодты бөлімге жеткізіледі, онда ол цилиндрлі көлбеу пештерінде тазартылады. Электр пештердің және конверторлардың газдарын циклондарда және құрғақ электрофильтрінде алғаш тазартудан кейін күкірт қышқылы өндіруге жібереді. Анодтар электролиттік тазартуға жіберіледі, одан шығатын катодты мыс және құрамында қымбат металдар,селен, телур бар  шламдар.

1.2 Мыс электролизінің технологиясы

        ЖМЗ-ның анодтарында 0,6-0,7% қоспасы бар: 0,1-0,2% құм, 0,5-0,1% қорғасын, 0,1-0,2% оттегі, 20-40 г/тн алтын, мырыш, сурьма, селен, темір, висмут, никель және т.б. Келесі операция электролитті тазарту, оның көмегімен қоспасы 0,01% құрайтын тығыз ұсақ кристалды мыс катодтарын алады және сирекметалдар шламға шығады.

...

Скачать:   txt (219.7 Kb)   pdf (3.6 Mb)   docx (3.6 Mb)  
Продолжить читать еще 111 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club