Қауіпсіз аурухана ортасы. Инфекциялық қауіпсіздік. Инфекциялық бақылау
Автор: Anuarbekovaai19 • Апрель 12, 2022 • Лекция • 3,423 Слов (14 Страниц) • 1,605 Просмотры
Пән: Мейіргерлік істегі қауіпсіздік және сапа
Сабақтың тақырыбы №1: Қауіпсіз аурухана ортасы. Инфекциялық қауіпсіздік. Инфекциялық бақылау.
Сабақтың түрі: аудиториялық сабақ
Сұрақтар: Ауруханаішілік инфекция (АІИ) туралы түсінік. АІИ қоздырғыштары. АІИ беру механизмдері. "Медициналық қалдықтар" анықтамасы. Медициналық қалдықтардың жіктелуі.медициналық ұйымдарда медициналық қалдықтарды жинауға, уақытша сақтауға, тасымалдауға және жоюға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар. Қорғаныш киімді пайдалану ережесі. Медицина қызметкерінің қолын өңдеу деңгейлері. Стерильді қолғаптарды кию және шешу. Пациенттер мен олардың туыстарын инфекциялық қауіпсіздікке үйрету. ҚР ДСМ Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің 23.04.13 ж. №111 бұйрығы Қазақстан Республикасының медициналық ұйымдары қызметкерлерінің қолдарын өңдеу жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды бекіту туралы.
Ауруханаішілік инфекция (АІИ) дегеніміз – емдік профилактикалық мекемеде емдік немесе көмекке жүгінген науқастар мен пациенттерге, ауруханаға тексерілуге келген немесе ауруханадан емделіп шыққан адамдарға емдік профилактикалық мекемелерде қызмет ететін адамдарда, пайда болатын кез келген клиникалық танымдағы инфекциялық ауру.
АІИ (назокомиалды деп те аталады) сырқаттылық пен өлімнің маңызды себебі болып табылады. Ауруханаішілік инфекциялар науқас емдеу мекемесіне түскеннен кейін пайда болады, ауруханаға түскен мезетте бұл инфекциялардың клиникалық белгілері болмайды.
Госпиталдық инфекциялар дегеніміз – емдік мекемелерге келген, ешқандай жұқпалы аурулардың симптомы мен жасырын кезеңі болмаған, науқастарда 48 немесе одан көп сағаттан кейін пайда болған инфекцияны айтамыз. Аутоинфекциялар деп – ағзада бұрыннан сақталып келген ауру қоздырғышы болған жағдайды айтады. Аутоинфекцияның себепшісі, көбінесе екіншілік ятрогенді инфекция болып түскен, дәрілердің немесе медбикенің зәр шығаруға немесе қан тамырларына катетр қолданумен байланысты болады. Оппортунистикалық инфекция – патогенді микрооргонизмдермен шақырылатын және науқастың қорғаныш механизмі бұзылғанда дамитын инфекциялар. Ауруханаішілік инфекцияға қатысты аурудын көбі медициналық манипуляцияларға байланысты.
Ауруханаішілік инфекцияның таралу механизмі.
AIИ-ң таралу механизмінің келесі түрлерін ажыратылады:
- Аэрозольды (ауа-тамшы);
- Тұрмыстық – контактылы;
- Жасанды (артифициональды) механизмге берілетін инфекция AIИ-ң таралуында маңызды рөл атқарады және қан мен басқа да биологиялық сұйықтықтармен жұмыс жасағанда жұғады.
Ауруханаішілік иефекцияның қоздырғыштары.
Ауруханаішілік инфекцияның пайда болуына әсер ететін микроорганизмдердің негізгі түрлеріне қызылша, скарлатина, дифтерия және тағы басқа балалар ауруларынан, гепатит В,С шақыратын микроорганизмдер жатады, сонымен қатар патогенді микрофлора.
Патргендік микрофлора ішінде стафилококтар, стрептакоктар, көк ірінді таяқшалар (ішек таяқшалары, протей,сальмонеллалар және т.б ) белсенділік танытады.
Ауруханаішілік инфекцияның көзі болып табылады:
- Науқастың қолдары, ішектері, несеп жолы, мұрын, жұтқыншақтары, терісі, шаштары, ауыз қуысы;
- Қоршаған орта: шан, су, тамақтар.
- Құралдар;
- Жабдықтар;
- Дәрілік заттар және т.б.
Ауруханаішілік инфекцияның пайда болуына келесі факторлар әсер етеді:
- -Ағзаның қарсы тұру қабілетінің төмендеуі;
- -Микроорганизмдердің антибмотикорезистентті штамдарының таралуы;
- -Инвазиялық манипуляциялардың көбеюі ағзаның бүтін тіндерін бүлдіру;
- -Емдік профилактикалық мекеменің жұмысының көбеюі;
- -Ескірген құрал жабдықтар және басқа тағы.
Инфекцияны жұқтыруға көбінесе, пациенттер, науқастар, науқастарға келушілер, хирургиялық, урологиялық, реанимайиялық бөлімшелердегі ауыр жағдайдағы науқасты күтушілер, әлсіреген науқастар, кәрі жастағы адамдар және балалар жиі бейім болады.
Жұқтыру қауіпі бар топқа сонымен қатар биологиялық сұйықтан ластанған, көп қолданатын құралдармен жұмыс жасайтын және оларды толық өндеуден өткізуге қатысатын мед. персоналдар жатады.
...