Монтаждау схемаларының өлшемдері мен нобайлары
Автор: Perizat1985 • Сентябрь 2, 2020 • Лекция • 671 Слов (3 Страниц) • 483 Просмотры
Монтаждау схемаларының өлшемдері мен нобайлары
Нобайлар бір рет пайдалануға арналған. Нобайлар бойынша жұмыс сызбалары орындалады, ал жекелеген жағдайларда бөлшектер дайындайды.
Əдетте, нобайлар торға қағазда жұмсақ қарындашпен орындалады. Сызықтар, жазулар мен сандар анық болуы тиіс. Барлық құрылымдарды қолмен жүргізу керек. Нобайда бөлшектер элементтерінің сызықтық өлшемдерінің тепе-теңдігін жəне проекциялық байланысты сақтау қажет.
Бөлшектің жұмыс сызбасы эскизден сызба құралдарымен немесе стандартты масштабта, стандартты форматтарда, сызықтардың типтері мен олардың қалыңдығын қатаң сақтай отырып, компьютерде (мысалы, Автокадада, компаста жəне т. б.) сызба бағдарламасының көмегімен орындалады. Жұмыс сызбасында бөлшектердің нобайында бөлшекті дайындау үшін қажетті барлық мəліметтер орналастырылуы тиіс, яғни бөлшектің пішіні мен оның өлшемдері берілуі, номиналды мөлшерден рұқсат етілген ауытқулар көрсетілуі тиіс.
Монтаждау сызбалары құрылыс жобалары бойынша жасалады, онда: құбыржолдарды ғимараттың құрылыс конструкцияларына немесе орнатылған жабдыққа байлау, құбыржолдардың монтаждау жəне дайындау ұзындығы көрсетіледі. Монтаждау жобасының құрамына мыналар кіреді: құбыржолдары мен жүйелердің жабдықтарын орналастыру жоспарлары, таратушы құбыржолдар мен тіреуіштердің оларды бөлшектей отырып жасалған схемалары; құбыржолдар бөлшектері мен тораптарының, аспаптарға келтірілген тіреуіштердің жинақтау ведомостары; қажетті материалдар мен жабдықтардың жиынтық ведомосы. Сонымен қатар, монтаждау жобасына құрылыс конструкцияларында саңылауларды орналастыру жоспары қоса беріледі.
Монтаждау объектісіндегі өлшемдер тек қана дайын болғаннан кейін орындалады: құбырлар төсеу, жылыту аспаптарын немесе басқа да сантехникалық жəне желдету жабдықтарын орналастыру көзделген қабырғалар, аражабындар, баспалдақты марштар мен қалқалар; іргетастардағы, қабырғалардағы, қалқалар мен жабындардағы құбырларға арналған саңылаулар; терезе қораптары; қуыстар, арналар мен атыздар; санитарлық-техникалық жəне желдеткіш жабдықтарына арналған іргетастар; жабдықтарды орнату жəне құбыржолдарды төсеу орындарында сыланған «маяктар» немесе маяк жолақтары.
Жүйенің монтаждау жобаларын əзірлеу кезінде жекелеген бөліктерге
— оларды объектілерде тасымалдау мен жинауға қолайлы болу жəне жеделдету үшін монтаждық тораптарға бөлінеді. Негізгі монтаждық торап
жылыту, газ жəне т.б. аспаптарға ажыратылған, қабаттың шегіндегі ортақ тіреуіштің бір бөлігі болып табылады.
Монтаждау жобасы бойынша арматура орталықтарының, фасондық бөліктердің, тіреуіштердің жəне таратушы құбыржолдар осьтерінің арасындағы өлшемдерді пайдалана отырып, сол немесе басқа бөлшектің, тораптың, тіреуіштің монтаждық жағдайын анықтауға болады, ал ең бастысы, осы объект жүйесі бөлшектерінің, тораптарының құбыр дайындамасын ыңғайлы жəне оңай орталықтандырып орындауға болатын дайындау ұзындығын есептеуге болады.
Ғимарат ішіндегі жүйелерді монтаждаудың индустриялық əдістері аспаптар мен құрал-жабдықтардың тұрақты монтаждық жағдайынсыз (жылыту, газ жəне т.б.) мүмкін емес. Монтаждық жағдай деп монтаждың қолайлы болуы жəне жүйені қауіпсіз пайдалану үшін құрылыс конструкцияларына (еден, қабырға жəне т.б.) қатысты аспаптар мен құбыржолдардың тиімді орналасуы деп аталады. Ол еден деңгейінен олардың биіктігі ескеріле отырып, аспаптарды орнату жəне таратушы құбыржолдарды төсеу тəсілімен сипатталады.
Аспаптың, жабдықтың, құбыржолдың монтаждық жағдайы, бұл – олардың құрылыс конструкциялары мен басқа да жабдықтарға қатысты орналасуы, ол оларды монтаждау мен пайдаланудың ыңғайлылығын, сондай-ақ пайдалану қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.
...