Электрқондырғылардағы қауіпсіздік техникасы
Автор: Madi NB • Июнь 13, 2023 • Курсовая работа • 9,720 Слов (39 Страниц) • 152 Просмотры
Кіріспе
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында «Қазақстан - 2030» стратегиясына байланысты биылғы жылғы жолдауда дамудың бірнеше бағыттарын атап өтті. Соның он екінші бағытында электрэнергетикалық ресурстарды дамыту және атом энергетикасының негіздерін жасау туралы айтылды.
Халық тұрмысының және шаруашылықтың барлық салаларында электр энергияны қолдану және тарату, өндірісті электрлендіру–техникалық прогресстің маңызды факторларының бірі.
Электр энергияның негізгі тұтынушы өнеркәсіп, көлік, ауыл шаруашылығы, қалалардың және ауылдардың коммуналдық шаруашылықтары болып келеді. Ауылды және қалалық аумақты, өндіруші кәсіпорынды электрмен жабдықтау өз ерекшелігі бар.
Электрмен жабдықтау жүйесі деп - электр энергиясын өндіру, жеткізу және тарату үшін арналған құрылғылар комплексін айтады.
Қаланының электрмен жабдықтау жүйесі деп – қала территориясында орналасқан коммуналды-тұрмыстық, өнеркәсіптік және көліктік электр энергия тұтынушыларының технологиялық үрдістерін қамтамасыз ететін электрқабылдағыштар және желілер, төмендеткіш және түрлендіргіш станциялар жиынтығын атайды.
Қоректендіру центрі деп – шиналарына жобаланатын нысананың таратқыш тораптары қосылатын электр станцияның генераторлық кернеуінін таратқыш құрылғыларын немесе төмендеткіш қосалқы станцияның екінші реттік кернеу таратқыш құрылғысын айтады.
Қаланы электрмен жабдықтау жүйелерінін электр тораптар құрамында аз санды қоректендіру желілер бойынша қорек көздерінен электр энергияны қабылдауға және оны көп санды желілер бойынша таратқыш торапқа беруге арналған 10 (6) кВ таратқыш пунктері орнатылады.
Қалаларды электрмен жабдықтау жүйелерінде электр энергия тұтынушыларының негізгі топтары болатын: коммуналды-тұрмыстық тұтынушылар, өнеркәсіп кәсіпорындары, электрлендірілген қала және қала айналасындағы көлік, кейбір жағдайларда – кенттер, қала айналасындағы зонаның өнеркәсіпті және ауыл шаруашылық өндірістік кәсіпорындары.
Электр энергияның коммуналды-тұрмыстық тұтынушыларына тұрмыс ғимараттар, әкімшілік, мәдени, оқу, емдеу, сауда, ғылыми-зерттеу мекемелер мен кәсіпорындар, тұрмыстық қызмет көрсету комбинаттар, қонақ үйлері, қоғамдық тамақтандыру орындары жатады.
Бұл электр энергия тұтынушылары электрқабылдағыштардың көп номенклатурасын қолданады.
Халық тұрмысы мен өндірісті электрлендірудің шапшаң өсуі энергетикалық саланың дамуын қажет етеді, электрмен жабдықтау сенімділігіне талаптарды арттырады.
Терминдер мен анықтамалар
Осы дипломдық жобада сәйкесінше анықтамалармен төмендегі терминдер қолданылады:
Электрқондырғы - электрлік энергияны тарату, беру, трансформациялау, өндіру және энергияның басқа түріне түрлендіруге арналған қосымша құрылғылар мен электрберіліс желілерінің, аппараттардың, машиналардың жиынтығы.
Электрэнергияның қабылдағышы - электрэнергияны энергия көзінен алатын және оны механикалық, жылулық, химиялық, жарықты энергияға, электрстатикалық және электрмагнитті өрістің энергиясына түрлендіретін, өндірістік қондырғының электрлік бөлігі.
Қысқа тұйықталу - әртүрлі фазаға қатысты ток өткізгіш бөліктер арасындағы қалыпты режиммен қарастырылмаған тұйықталу.
Қорғаныстың сезгіштігі - электрмен жабдықтау жүйесі жұмысының минималды режимдерінде мүмкін зақымдануларды қорғаныстың сезіну қабілеттілігі.
Активті электрлік кедергі - пассивті электр тізбегінің активті қуатының осы тізбектің кірісіндегі әсер етуші токтың квадратына қатынасымен анықталатың электр тізбегінің немесе онын схемасының параметрі.
Вакуумдік ажыратқыш - түйіспелері жоғары вакуумді қабық ішінде ажырайтын және қосылатын ажыратқыш.
...