Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Балансирлі теңселмелі станоктың шартты белгілері, негізгі техникалық параметрлері

Автор:   •  Ноябрь 21, 2023  •  Лекция  •  733 Слов (3 Страниц)  •  198 Просмотры

Страница 1 из 3

Балансирлі теңселмелі станоктың шартты белгілері, негізгі техникалық параметрлері

 

Штангілі сорап жетектегіштің мақсаты электр қозғалтқыш валының айналымын штангінің ілу нүктесінің ілгермелі қайытпалы қозғалысқа айналдырады. Жетектегіш мехникалық, гидравликалық, пневматикалық болып келеді. Механикалық жетектегіште айналудың түрленуі 4 буындықпен немесе кривошип арқылы және ілгермелі байланыспен іске алады. 1 – ші жағдайда балансирлі, 2  -ші жағдайда балансирсіз деп аталады.

[pic 1]

Балансирлі жетектегіш схемасының К, l, r және Р буындары болады. Балансир басын К1 буын көтереді, r буыны ауыспалы. Штангінің ілу нүктесіне жүріс ұзындығы r буынның ұзындығына тәуелді. Ол кривошиптің әр түрлі радиуста орналасқан тесіктерге шатунның төменгі болып ауыстырумен реттеуге болады.

Жүріс жиілігі қозғалтқыштың бөлігінің айналу жиілігін таңдау арқылы не шкивтің диаметрін өзгертумен іске асады. Теңселмелі станок сатылы рамалы тірекке орналасады. Балансир басы мен балансир профильді прокаттан дәнекерленіп орындалған. Шатунның құбырлы стержені бар. Шатун басы траверсаға жалғанған ортасында оның теңселу тірегі болады, тірек корпусы траверсамен балансирді жалғайды. Шатундар екі кривошиппен байланысқан. Редуктор екі сатылы, шестерняларының шевронды байланысы болады. Балансир тірегінде шатун мен балансирдің теңселу подшипниктері болады.

Теңселмелі станокқа қызмет көрсетудің негізгі жұмысы – теңселмелі станоктың тепетеңдігін бақылау, тіректердің майлануын, редукторға май қосып немесе ауыстыру, шатун мен кривошип байланысының беріктігін анықтау.

Теңселмелі станоктың негізгі параметрлері:

- штангінің ілу нүктесіндегі максималды жүктемесі.

- максималды жүріс ұзындығы

- қос жүрісінің жиілігі

- редуктор білігінің максималды айналу моменті

Теңселу станоктарын теңестіру әдістері мен мақсаты

Теңселмелі станокты теңестіру кезінде қозғалтқышқа түсетін жүктемені біртекті қалыпқа келтіреді. Балансирлі теңселмелі станокты теңестіру әдістері механикалық (противовес көмегімен) және пневматикалық (газ немесе ауа қысымының көмегімен) болып бөлінеді.

Бірінші әдісте теңестергіш жүктерді балансирда немесе кривошипте немесе екеуінде де орналастыруы мүмкін. Соған әйкес балансирлі, кривошипті немесе аралас теңестіру деп атайды.

Балансирлі теңестіру теңселмелі станоктың жүк көтергіштігі 20 – 30 кН болған кезде қолданылады. Ал қуатты теңселмелі стноктарда (жүк көтергіштігі 80 – 200 кН кезінде) кривошипті теңестіруде қолданылады. Орташа қуатты теңселмелі станоктарда (40 – 60 кН) аралас теңестіруді қолданылады.

Бұл әдістерден басқа пневматикалық теңестіруді қолданады, бұл жерде сығылған газдың (ауаның) қысымы поршенге әсер етеді.

Теңестіру жүктерін таңдағанда келесі жағдайларға қарайды:

А) штангалардың бір қос жүріс кезіндегі қозғалтқыштың жұмысы тұрақты.

Б) тангенциалды күштің қос жүріс кезіндегі ауытқуы ең аз мәні болу негізделген.

В) тангенциалды күштің ең үлкен мәні штангілердің жоғары және төмен жүрісінде тең болады.

Бірінші жағдай үшін: 

Штангілердің жоғары және төмен жүріс кезіндегі жұмыс:

[pic 2]

Сөйтіп теңестіретін жүктің салмағы сұйықтықтағы штангілер тізбегінің салмағы мен қабат сұйықтығы бағанасы салмағының жартысына тең болу керек.

Балансирлі теңселмелі станоктың шартты белгілері, негізгі техникалық параметрлері

 

Штангілі сорап жетектегіштің мақсаты электр қозғалтқыш валының айналымын штангінің ілу нүктесінің ілгермелі қайытпалы қозғалысқа айналдырады. Жетектегіш мехникалық, гидравликалық, пневматикалық болып келеді. Механикалық жетектегіште айналудың түрленуі 4 буындықпен немесе кривошип арқылы және ілгермелі байланыспен іске алады. 1 – ші жағдайда балансирлі, 2  -ші жағдайда балансирсіз деп аталады.

[pic 3]

Балансирлі жетектегіш схемасының К, l, r және Р буындары болады. Балансир басын К1 буын көтереді, r буыны ауыспалы. Штангінің ілу нүктесіне жүріс ұзындығы r буынның ұзындығына тәуелді. Ол кривошиптің әр түрлі радиуста орналасқан тесіктерге шатунның төменгі болып ауыстырумен реттеуге болады.

...

Скачать:   txt (11.4 Kb)   pdf (94.1 Kb)   docx (36.9 Kb)  
Продолжить читать еще 2 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club