Шойын балқытқыш пештің негізгі техникалық параметрлерін есептеу
Автор: Kaysar • Январь 22, 2019 • Курсовая работа • 4,160 Слов (17 Страниц) • 797 Просмотры
Мазмұны
Кіріспе | 4 |
1 Шойын балқытуға арналған өндірістік пештердің жалпы жіктелуі мен тағайындалуы | 5 |
2 Шойын балқытқыш пешінің жалпы құрылысы және жұмыс істеу принципі | 8 |
2.1 Шойын балқытқыш пештің жұмыс істеу принципі және конструкцияларының түрлері | 8 |
2.2 Шойын балқытқыш пеште кокстың жану ерекшеліктері | 12 |
2.3 Шойын балқытқыш пештің биіктігінен газ фазасының химиялық құрамы мен температурасын өзгерту | 13 |
2.4 Бос колоштың биіктігінің шойын балқытқыш пештегі балқыту процесіне әсер етуі | 15 |
2.5 Шойын балқытқыш пештегі шихта балқыту процесінің жұмыс колоштың мөлшеріне байланысы 2.6 Кокс сапасының шойын балқытқыш пештегі жылулық процестерге әсері 2.7 Шихта дайындаудың шойын балқытқыш пештің балқыту жүрісіне әсері 2.8 Кокстың үлесті шығының және ауаның мөлшерінің вагранкалық балқыту жүрісіне әсері 2.9 Вагранкалық процесті қарқынын арттыру жолдары 2.10 Коксты шойын балқытқыш пеште балқудың металлургиялық процестері 3 Шойын балқытқыш пештің негізгі техникалық параметрлерін есептеу | 17 19 19 20 20 22 25 |
4 Шойын балқытқыш пештерінде жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік ережелері | 27 |
Қорытынды | 30 |
Қолданылған әдебиеттер тізімі | 31 |
Қосымша | 32 |
Кіріспе
Жұмыстың мақсаты - жалпы өндірістегі шойын балқытқыш пешпен танысу, оның ішінде кокс-газ отынымен жұмыс істейтін пешті қарастырамыз.
Жұмыс тақырыбының өзектілігі. Шойын балқытқыш пешінің сипаттамасы (артықшылықтары мен кемшіліктері), құрылысы (фурмалар, түбін ашу және жабу механизмі) және қауіпсіздік ережелері сипатталады.
Осы курстық жобаның зерттеу объектісі өнімділігі 20 тн/сағ шойын балқытқыш пеші болып табылады. Жұмыстың үшінші бөлімінде осы пештің геометриялық параметрлерін есептеуін жүргіземіз, сосын қосымша бөліміне осы параметрлерге қарап пештің құрастырма сызбасын сызамыз.
1 Шойын балқытуға арналған өндірістік пештердің жалпы жіктелуі мен тағайындалуы
Құю өндірісінде қатты, сұйық немесе газ тәрізді отынмен (кокс, мұнай, мазут, газ) жұмыс істейтін балқыту пештері және электр пештері пайдаланылады. Бірінші түрдегі пештерге шойын балқытқыш (вагранка) пештер мен тигельді пештер жатқызылады, екінші типке доғалық электр пештері және электр индукциялық пештер жатады. Шойын балқытуға арналған пештер шоғырының арасындағы ең көп таралған түрі - шойын балқытқыш (вагранка) пештер. Бұл пештерде алынған сұр шойын әртүрлі күрделіліктегі детальдарды құю үшін қолданылады. Электр пештерде болат, қоспаланған шойын, сондай-ақ, кейін соғылмалы шойынға өңделетін ақ шойын балқытылады [1].
Индукциялық тигельді пештер. Индукциялық пештер дегеніміз құрамында индуктор, бағана, қыздыру немесе балқыту камерасы, вакуумды жүйе, пешті ию механизмі, қыздырылатын бұйымдардың кеңістіктегі орын ауыстырғышы бар индукциялық қондырғының бөлігі. Металл шихта тигельге жүктеліп, электромагниттік энергияны сіңіріп, еріп кетеді.
Тигельді балқыту пештерінің артықшылықтары:
- аралық қыздыру элементтерісіз, тікелей жүктеуде энергияны босату;
- тигельдегі майда шихтаның, қалдықтардың тез еруін қамтамасыз ететін, температураны ваннаның көлемі бойынша теңестіретін және меншікті қызып кетудің болмауын қамтамсыз ететін, химиялық құрамы біртекті болып табылатын көпкомпонентті қорытпаларды алуға кепілдік беретін балқудың қарқынды электродинамикалық айналымы;
- пеште кез келген қысым кезінде кез келген атмосфераны жасаудың принципиалды мүмкіндігі;
- жоғары дәлдіктегі қуат, орташа жиіліктегі жоғары өнімділік;
- тигельден металлдың толық ағызып жіберу мүмкіндігі және жылуды азайту арқасында жылу инерциясын азайту үшін жағдай жасайтын футеровканың салыстырмалы шағын массасы. Осы түрдегі пештер балқыту арасындағы үзіліспен периодты жұмыс істеу үшін жарамдылығы және балқыманың бір маркадан екінші маркаға тез ауысу мүмкіндігін қамтамасыз ету;
- балқыту процесін механикаландыру және автоматтандыру үшін кең мүмкіншіліктер, процесті бақылау мен реттеудің, пештің қызмет көрсету қарапайымдылығы мен жеңілдігі;
- балқыту процесінің жоғары гигиеналығы және ауа ластануының төмендігі.
Тигельді пештердің кемшіліктеріне технологиялық өңдеу мақсатымен балқыма айнасына көзделетін қождың төмен температурасы жатады. Индукциялық тигельді пештегі қож металлдан қызады, сондықтан оның температура әрқашан төмен және футеровканың жоғары температурада салыстырмалы төмен төзімділігі және жылу ауысымдардың (металлдың толық ағызып жіберу кезінде футеровка температурасының кенет тербелістері) болуы. Алайда, нндукциялық тигельді пештің басқа балқыту пештерінен артықшылығы маңызды болып табылады, және олар өнеркәсіптің түрлі салаларында кеңінен қолданылады.
...