Анодтық-механикалық станоктар
Автор: Madina Janabaeva • Май 15, 2020 • Лекция • 596 Слов (3 Страниц) • 403 Просмотры
29.02.2020 жыл Гр.ТД-17 Пәні: Металл кесетін құрылғылар Сабақтың тақырыбы: Анодтық-механикалық станоктар
Сабақтың мақсаты:
а) Білімділік: Анодтық-механикалық станоктардың құрылымы мен жұмыс жасау механизмімен таныстыру .
ә) Дамытушылық: Студенттердің техникалық ойлау, есте сақтау зейінін, қызығушылығын дамыту және тәжірибемен ұштастыру, құрылғының түрлерін ажырата білуге дағдыландыру.
б) Тәрбиелілік: Студенттерді өз бетінше қорытынды-тұжырым жасап, өз жауабын дәлелдей алуға тәрбиелеу, жауапкершілікке, тиянақтылыққа, іздемпаздылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: Білім алушылардың сабаққа қатысуын тексеру, кабинет тазалығы, сабаққа дайындығына назар аудару.
ІІ. Сабақтың жаңа тақырыбын хабарлау, мақсатын қою: Оқушыларға сабақтың тақырыбы мен мақсаты хабарланып, тақырып тақтаға жазылады.
ІІІ. Үй тапсырмасын сұрау
IV Жаңа сабақты қарастыру:
Металдарды анодтық-механикалық өңдеу электрэрозиялық әдістің бір түріне жатады және металды кесу мен аспапты қайрауда қолданылады. Анодтық-механикалық кесу кезінде (9.7-сурет) электрод-аспап өз өсінде тез айналатын диск түрінде жасалады. Өңделетін дайындама (1) мен айналатын электрод-диск (2) арасындағы кеңістікке түтікпен (3) электролит беріледі. Жұмсақ болаттан жасалған электрод-диск және дайындама электрұшқынды өңдеу кезіндегідей түрақты ток генерато- рына (4) (диск - теріс клеммаға, бөлшек - оң клеммаға) қосылады. Дай- ындама мен электрод-диск арасындағы сұйықтық ток өткізеді. Дискінің дайындамамен жанасуы және диск пен дайындама арасындағы электролит негізінде электр тогы ұдайы жүріп тұрады. Анодтық-механикалық кесу кезінде диск баяу көлденең беріс алады.
...