Бұрғылау түрлері. Бұрғылау станоктары
Автор: bzjl • Октябрь 21, 2018 • Реферат • 1,724 Слов (7 Страниц) • 2,076 Просмотры
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті
ТЖМ және С кафедрасы
СӨЖ
Бұрғылау.Бұрғылау түрлері. Бұрғылау станоктары.
Тексерген: Абдугалиева Г.Б.
Орындаған: Амангелді Л.Б.
ГД-16-3
Қарағанды 2018
Мазмұны
Кіріспе
- Бұрғылау
- Бұрғылау түрлері
- Екінші оқпанды бұрғылау
- Терең бұрғылау
- Карталық бұрғылау
- Құбырлы бұрғылау
- Бұталы бұрғылау
- Мұнай мен газға теңіздік бұрғылау
- Бұрғылау қондырғысы, станоктары
- Бұрғы қондырғыларының негізгі параметрлері
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Пайдалы қазбалар кен орындарын іздеуде, барлауда және өндіруде ұңғы бұрғылау жұмыстарының маңызы өте зор. Әсіресе сұйық және газ тәріздес пайдалы қазбаларды барлаудың, өндірудің тиімділігі бұрғылау жұмыстарының сапасымен тікелей байланысты. Ал бұрғылау жұмыстарының еңбек өнімділігін арттыру ең алдымен бұрғылаудың технологиялық процестерін жетілдіруге байланысты. Ұңғы бұрғылаудың теориясы мен практикасына кейінгі жылдары көп жетістіктер енді. Ол жетістіктердің бұрғылау техникасына және технологиялық процестерге де қатынасы бар. Өндірісте кейінгі жылдары алмазбен бұрғылау, бұрғылаудың жаңа тәсілдері, жыныс талқандағыш жаңа құралдар, әр-түрлі жуғыш сұйықтар, ұңғы қабырғаларын бекіту әдістері және тағы басқа жаңалықтар кең орын алып келеді. Ұңғы бұрғылау процестерінің теориялық негіздері де анықталып жатыр. Қазіргі кезде дүние жүзінде әртүрлі мақсаттарда мыңдаған ұңғылар бұрғыланады. Халық шаруашылығының барлық салаларында бұрғы ұңғылары пайдаланылады. Ұңғылардың ең көп көлемі пайдалы қазбалардың кен орындарын іздеу, барлау мақсатында және кейбір жағдайларда кен орындарын өндіру мақсатында тау – кен және мұнай – газ өндірісіне тиесілі (сұйық және газ күйіндегі падалы қазбалар, жер асты сілтілендіру әдісімен өндірілетін қатты пайдалы қазбалар және т.б.). Сонымен қатар ұңғылардың көбісі суға бұрғыланады. Гидрогеологиялық ұңғыларды бұрғылау біздің республика үшін өте маңызды мәселе. Қазақстан Республикасының территориясының негізгі бөлігі жер бетіндегі су ресурстарына зәру және сонымен қатар салыстырмалы таяз тереңдіктерде жер асты суларының кен орындары бар. Олар химиялық және бактериологиялық жағынан елді мекендер мен қалаларды сумен қамтамасыз ету мақсатында өте тиімді. Сонымен қатар жер асты сулары ауыл шаруашылығында егінді жерлерді суару, жайылымдарды суландыру, кейбір жағдайларда сор жерлерді кептіру мақсатында пайдаланылады. Ұңғыларды бұрғылау құрылыста да қолданылады. Салынатын объектілердің астындағы тау жыныстарының физико–механикалық қасиеттерін анықтау мақсатында, темір және автомобиль жолдарын, метрополитен, зәулім ғимараттар, дамбалар мен плотиналар салғанда ұңғылар бұрғыланады. Жер қыртысындағы минералды ресурстардың қорлары мәңгі емес. Сондықтан жақын болашақта адамзатты минералды ресурстармен қамтамасыз ету мақсатында ғарышты қарқынды игеру басталады. Әрине, бұл ғарышта да ұңғылар бұрғыланады деген сөз. Денсаулық сақтау мен қорғаныс саласында да ұңғы бұрғылаудың маңызы зор. Бірінші жағдайда больнеологиялық кешендерді минералды сулармен қамтамасыз ету мақсатында ұңғылар бұрғыланады, ал қорғаныс саласында әртүрлі мақсаттағы ұңғылар қолданылады. Техниканың дамуының қазіргі деңгейінде өндірістік мәселелерді шешудің негізгі шарты, ол мәселелерді ғылыми тұрғыдан қарау болып табылады. Сондықтан қазіргі заманның инженері бұрғылау процестерінің теориясын меңгере білуі керек. Халық шаруашылығында минералдық шикізат қорын көбейтуде геологиялық барлау жұмыстарының маңызы өте зор. Осындай зор міндетті орындау үшін барлама бұрғылау ұңғыларының санын көбейту керек. Және де бұл мақсатқа бұрғылау жылдамдығын көбейту арқылы жету керек. Барлама бұрғылаудың технологиясы мен техникасын ойдағыдай өркендету үшін тау жыныстарының оларды талқандағанда, әйтпесе ұңғымен тескенде қандай заңдылықтары кездесетінін жақсы білу керек. Олардың конструкциясын, қалай жұмыс істейтінін, қалай тозатынын өте терең білу керек.
...