Heidelberg SM 102-4 басылым машинасында күнтізбе басу технологиясы
Автор: Кымбат Молдабекова • Июнь 11, 2022 • Лекция • 828 Слов (4 Страниц) • 309 Просмотры
1.1. Heidelberg SpeedMaster 102-4 басылым машинасында өнім басу технологиясы туралы мәлімет
Баспа-офсеттік Heidelberg SpeedMaster 102-4 жабдығы-неміс технологиясының жаңа жетістіктерінің бірі болып табылады.
Heidelberg SpeedMaster 102-4 баспа машинасы басқарудағы икемділікпен және өнімділіктің жоғарылауымен сипатталады. Уақытпен тексерілген бұл технология сапалы басып шығаруға кепілдік береді.Бұл машина оңтайлы бағамен жоғары сапалы полиграфиялық өнімдерді ұсынуға мүмкіндік береді. Өйткені қолданылатын технологиялар парақтардың екі жақ бетін бір өту арқылы басуға мүмкіндік береді. Бұл бізге бірегей өнімділікке қол жеткізуге мүмкіндік берді .Машина сағатына 13000 парақ басып шығаруға мүмкіндік береді.
Басылым машинасы негізгі үш жүйеден және үш аппараттан тұрады: бояу аппараты, бояу аппараты, басылым аппараты.Ал негізгі үш жүйеге мыналар жатады:
1. Қағаз беретін – өзі бергіш жүйе;
2. Қағаз өткізу жүйесі;
3. Қабылдау жүйесі.
Бұл аппараттар және жүйелер барлық офсеттік басылым машиналарында қарастырылады.
Соның арқасында үлкен түсті тапсырыстарды: плакаттарды, көп беттік өнімдерді, затбелгілерді және әртүрлі орамдарды қысқа мерзімде орындауға болады. 4 баспа қондырғысы және қосымша жетілдірулердің болуы жүйені шамадан тыс жүктемей қауіпсіз режимде жұмыс істеуге мүмкіндік беретінін атап кетуге болады.
Heidelberg SpeedMaster 102-4 жабдығында электронды басқару пульті бар, ол автоматты тіркелуді және формаларды жүктеуді, сондай-ақ алкогольді ылғалдандыруды қамтамасыз етеді.
Негізгі техникалық сипаттамалардың ішінен мынаны атап өткен жөн:
парақтың минималды форматы - 280 × 420 мм;
парақтың максималды форматы - 720 × 1030 мм;
максималды мөрленген аймақ - 710 × 1020 мм;
баспа материалының қалыңдығы - 0,03-тен 1 мм-ге дейін.
Сонымен қатар, Heidelberg SpeedMaster 102-4 P жоғары сапалы офсеттік басып шығаруды қамтамасыз етеді (4 түсті). PANTONE жүйесіндегі бояғыштарды қолдануға мүмкін береді. Және машина суреттің сапасын сақтай отырып, жеткілікті қалың материалдарға басып шығаруға қабілетті.
Машинаның май насостарымен – публикаторларымен жүзеге асырылатын орталықтандырылған циркулияциялық майлау жүйесі бар.
SM 102-4 бір бояулы офсеттік басу машинасының құрылысы:
1. Басылым аппараты: қалыптық цилиндр, офсеттік цилиндр, басылым цилиндрінен
2. Ылғалдағыш аппараты 3 біліктен ( 1 беретін білік, 2 жағатын білік), 3 цилиндрден( 1 дукторлы цилиндр, 1 жаятын цилиндр, 1 қабылдап алып реттеуші цилиндр), су тегенеден, резервуарлы колбадан тұрады.
3. Бояу аппараты – 5 цилиндрден, 6 біліктен, бояу жәшігінен, реттейтін түймешітерден, ракель пышағынан тұрады.
4. Өзі салғыш жүйе – өзі салғыш столдан, пневматикалық жүйеден, 6 телескопиялық үрлегіштерден және сорғыштарданғ ауасы бар щлангалардан, 2 планкадан, арнайы сызғыштан, шлюк мезанизмінен, 2 жүктен тұрады.
5. Табақ өткізетін жүйе – өткізетін столдан, ашпалы - жаппалы жақтаудан, 2 бүйір тіректен, айналмалы роликтен, алдыңғы тіректен, қозғалмалы лента таспалардан, щеткадан, форгрейферден тұрады.
6. Қабылдау жүйесі – қабылдау столынан, тасымалдағыш таскалкалардан, 2 бүйір және артқы тіректерден, шынжырлы тасымалдағыштан, қабылдау жүйесінің қақпағы плексиглаздан тұрады.
7. Басқару пульттары:
1. Машинаны іске қосу;
2. Машинаны ажырату;
3. Қағаз жібергіш
...